2-жүргізуші: Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.
1-жүргізуші:
5-сұрақ: Ұлы Отан соғысында көптеген батыр қыздар болды, Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтқандай осы екі күнге созылған сұм соғыста елім деп, алаңда жүрген қыздар болды ма?
5-оқушы: Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен көзге түскен 23-тің атынан Ләззат туралы айтқым келеді. Чайковский атындағы училищенің студенті-Ләззат танкімен тапталып өлтірілген. Оған көптеген ақын жазушылар жыр арнады. Желтоқсан оқиғасы туралы режиссер Қалдыбай Әсенов түсірген ”Аллажар” фильмінің басты кейіпкері де – Ләззат.
2-жүргізуші:
6-сұрақ: Желтоқсан оқиғасы біткен соң әділдік орнады ма?
6-оқушы: Қыршын кеткен жастардың күткені-әділдік еді. Ол үміттері ақталды ма? Бірақ сондай жаза қолданатындай олардың бұзықтық жасамағандығы бірнеше жылдардан кейін анықталды. Желтоқсан жаңғырығы алысқа жетті.
1989 жылы 6-шілдеде Қазақ ССР жоғары кеңесі Президиумының Комиссиясы құрылды. Мүшесіне 12 адам кірді. Комиссия қыруар іс жүргізді. 25 томнан тұратын 2 мыңдай құжат тексерілді. Ақыр аяғында желтоқсан оқиғасы ақталды.
1-жүргізуші:
7-сұрақ: Тәуелсіздігімізді желтоқсанның жемісі дей аламыз ба?
7-оқушы: Қазақстан өз тәуелсіздігіне ұзақ та, қиын-қыстау
күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді. Осы күресте
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алатын орыны ерекше.
Ол қазақтың қаншалықты қажыр-қайратты, төзімділігі бар
«Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! -
дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз!