Механикалық немесе тірек ұлпасы өсімдікке беріктік қасиет береді. Оның жасушалары тірі (қабық талшығы) немесе өлі (сүрек талшығы) бо- луы мүмкін. Олар әрқашан берік және қатты жасушалық қабырғаға ие. Ешқашан құрамында хлоропласт болмайды. - Механикалық немесе тірек ұлпасы өсімдікке беріктік қасиет береді. Оның жасушалары тірі (қабық талшығы) немесе өлі (сүрек талшығы) бо- луы мүмкін. Олар әрқашан берік және қатты жасушалық қабырғаға ие. Ешқашан құрамында хлоропласт болмайды.
Тірек ұлпа өсімдіктің мүшелеріне беріктік қасиет беретіндіктен жануарлардың қаңасы сияқты салмақ күшіне, қатты соққан желге, нөсер жамбырға майыспай, сыңбай төтеп береді. Жылдан-жылға өсімдіктің өзарып өсуі, бұтақ жаюы оның көлемін ұлғайтып, көп салмақ түсіретіндігне қалың жауған қарға, желге, соққан дауылға тірек ұлпасы болса ғана қарсы тұра алады. Алғаш түзіле бастаған мүшелерде тірек ұлпасы бірден жетіле қоймағанымен, өсіп ұлғая келе жақсы жетіліп, тірек қызметін атқара бастайды. Сабақтағы тірек ұлпалар сақина тәрізді тұтаса немесе үзік-үзік болып орналасатандықтан үш қырлы, төрт қырлы, көп қырлы. Сабақтар барлық салмақ күшіне төзімді болып, қанша дауыл соқса да қатты майысып, иіліп барып қайта қалпына келеді.
Өсімдік ұлпалары.
1, 2. Жаңғақ сүйегіндегі тірек ұлпалар.
3. Жапырақ түктеріндегі бөліп шығарушы ұлпалар.
Жасуша пішіні мен құрылысна қарай тірек ұлпашс 3 типке бөлінеді: колленхима, склеренхима, склереида (склеренхима мен склереида бірге топтастыруға болады). - Жасуша пішіні мен құрылысна қарай тірек ұлпашс 3 типке бөлінеді: колленхима, склеренхима, склереида (склеренхима мен склереида бірге топтастыруға болады).
Колленхима - өсіп келе жатқан жас сабақта, жапырақ сағағында, жапырақ жүйкелерінде болатын жасушаларында цитоплазма, ядро, вакуоль, хлорофилл дәндері бар қабықшасы қалыңдамаған тірі жасушалардан тұратын, өсу қабілетін жоймаған алғашқы тірек ұлпа. Жасушалары бір-біріне тығыз орналасқан. Жасушааралық қуыстары болмайды, пішіндері қабықшаның қалыңдауына байланысты бұрышты (әр жерінен қалыңдайды), ұзынша, т.б. Бұрышты колленхима бегония, алабота, қызылша, картоп, раушан жапырақтарының сағағында, асқабақтың жас сабағында өңнің астын ала қатарласып жатады.Жасуша қабықшасы қатайып ағаштанбайды, целлюлозадан тұрады. Осы себепті жасуша өскен сайын еркін созылып өседі, бөлінеді, пішінін өзгерте алады.
- Склеренхима жасушаларының пішіндері ұзынша қабықшасы біркелкі қалыңдап ағаштанған қатты, орналасқан жеріне қарай тін талшығы және сүрек талшығы деп екіге бөлінеді. Тін талшығының жасушасы ірі жіңішке ұшы сүйір, талшық сияқты, ұзындығы 1-200 мм, өте берік, қабықтың тін қабаты мен түтікті талшық шоқтарында болады. Талшықты өсімдіктер: зығыр, талшығының ұзындығы 4-60 мм; қарасоранікі 8-40 мм; қалақайда 5-55 мм. Тін талшығы қабық бөлімінде болатындықтан өсімдік қатты майысқан кезде мықтылық қасиет береді. Әсіресе тығыз талшығы таза жасуынықтан тұратындықтан сапалы тоқыма өнеркәсібінде жоғары бағаланады.
Склереида («склероз» - қатты) – жоғары сатыдағы өсімдіктердің әр түлі мүшелерінде кездесетін, жасуша қабықшасы біркелкі қалыңдаған тірек ұлпасының бір түрі. Кейде оны қиыршық тасты жасушалар деп те атайды. Хинин ағашының тамырында, сарғалдақтың тамырсабағында, алхоры, шие, шабдалы, өрік, жиде, алша, долана жемісінің сүйегінде, жаңғақ, емен жаңғағы, тары тұқымының сыртындағы қатты қабығы және қауызында, алмұрт, беже (айва) жемістерінің жұмсақ етінде болады. Сонымен склереида өсімдік мүшелерінде бірдей кездеспей, кейбір мүшелерінде дара жасуша болып, топтанып немесе сыртын тұтас қаптап жататын қабық түрінде кездеседі.
Өсімдік мүшелеріндегі тірек ұлпаларының орналасуында белгілі заңдылық бар. Осы заңдылықты зерттеп, құрылыста пайдаланады. Зәулім үйлерді, биік мұнараларды, шағын бағаналарды, көпірлерді, аспалы жолдарды тірек ұлпа орналасуы тәртібін қайталап отырып, жасайды. Мұндай құрылыстар бірнеше жүздеген жыл өтсе де бұзылмай, сақталып тұра береді.
Достарыңызбен бөлісу: |