Өсімдік қорғаудағы биотехнология



Pdf көрінісі
бет27/31
Дата13.05.2020
өлшемі1,75 Mb.
#67568
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
өс қорғаудағы биотехнология

Антигендер ( лат.anti - қарсы, қарама-қарсы, гр. genos - туыс, шығу 

тегі),  ор.  антиген,  ағ.antygene  -  иммундық  жҥйеде  антиденелерді  тҥзу 

қоздыратын  ақуыздар,  антиденелер  антидене  тҥзетін  затпен  арнайы 

ӛзара байланысуға қабілетті. 

 

Апикальдық  меристеманы  өсіру  (лат.  apex  -  ҧшы,  гр.  meristos  - 

бӛлінетін) ор. культура апикальной меристемы ағ. apical meristem culture 

-  ӛсу  конусының  ең  жоғары  ҧшынан  бір  немесе  екі  алғашқы  жапырақ 

бастамасы  бар  оқшауланған  бӛлігін  залалсыздандырылған  қоректік 

ортада ӛсіру. 

 

Антисарысу  (ор.сыворотка)  -  бӛтен  агенттерге  қарсы  антиденесі 

бар иммунизацияланған жануар мен адамның сарысуы. 

 

Антидене  (ор.антитело)  -  иммундық  жҥйемен  шығарылатын 

ақуыздар, олар бӛтен патогендік агенттердің, ақуыздардың (антигендер) 

әсерін тежейді. 



Апомиксис  (  гр.аро  -  бір  нәрсенің  немесе  қҧбылыстың  болмауы; 

mixis  -  араластыру)  op.  апомиксис  ағ.  apomixis  -  организмдердің 

жыныссыз жолмен пайда болған ҧрықтар арқылы кӛбеюі. 

 

Асептикалық  жағдай  (гр.  бір  нәрсенің  немесе  қҧбылыстың 

болмауы; septikos - шірік) ор. асептические условия ағ. aseptic conditions 

-  толық  залалсыздандырылған  жағдай  (шіріктің  болмауын,  шірімеуді 

қамтамасыз етеді). 

 

Биоқауіпсіздік  (ор.  биобезопасность,  гр.  bios-тіршілік)  —  табиғи 

немесе гендік инженериялық тҥрлендірілген биологиялық нысандарда ; 

және олардан алынған ӛнімдерде болатын улы және аллергиялық заттар 

мен  қосылыстардың  зиянды,  ӛмір  мен  денсаулыққа  қауіпті  әсерінен 

адам, қоғам, ӛркениет және қоршаған ортаның қорғалу кҥйі. 

 

Биотехнология  (гр.  bios-тіршілік,  techne  -  ӛнер,  шеберлік,  logos  - 

сӛз) ор. биотехнология ағ.biotechnology - экономикалық жағынан тиімді 

де маңызды заттар ӛндіру және жоғары ӛнімділігі бар микроорганизмдер 

штаммдарын, ӛсімдіктердің сорттары мен формаларын, жануарлар асыл 

тҧқымдарын  шығару  ҥшін  биологиялық  процестер  мен  объектілерді 

пайдалануға негізделген ғылым мен ӛндірістің жана саласы. 

 

Биотрансформация (гр. bios - тіршілік, trans formatio - айналу) ор. 

биотрансформация,  ағ.  biotrans  formation  -  қоректік  ортада  ӛскен 

клеткалардың  ферменттері  қатысуымен  арзан  және  қоры  мол  бастапқы 

заттардан  биологиялық  активті  қосылыстарды  синтездеу  (биологиялық 

жолмен бір затты басқа затқа айналдыру). 

 

Будан ядро (ор. гибридное ядро ағ. hibrid nucleous)  - аталық және 

аналық  ретінде  қосылысқан  клеткалардың  екеуінің  де  бҥкіл  гендерін 

(геномдарын) толығымен иемденген будан жасушаның ядросы. 




71 

 

 



Вектор ( лат.vector -алып жҥруші, ор. вектор, ағ. vector - ӛз алдына 

репликациялана  алатын  және  бӛтен  генетикалық  информацияны 

жасушаға  тасымалдай  алатын  генетикалық  элементтер  (мысалы, 

плазмидалар мен вирустар). 

 

Вируленттік  (  лат.  virulentus-улы,  ор.  вирулентный  ағ.  virulent)  - 

микроорганизмдердің ауру тудырғыштық қабілеті. 

 

Вирусты  айқындаушы  өсімдіктер  (ор.  растения-индикаторы,  ағ. 

indicator  plant)  -  вируспен  зақымданған  ӛсімдіктен  алынған  шырынды 

жапырақ бетіне тамызғанда, сол шырында вирустар бар екендігі туралы 

арнайы  сезімталдық  реакция  арқылы  белгі  беретін  ӛсімдіктер  (жҧққан 

вирусқа тән морфологиялық ӛзгерістер тез арада айқын кӛрінеді). 

 

Ген  (гр.  genos-туыс,  шығу  тегі,  ор.  ген,  ағ.  gene)  -  тҧқым  қуалау 

информациясының  генетикалық  бірлігі;  ДНҚ  молекуласының  нақтылы 

бір  бӛлігі,  РНҚ-ның  немесе  полипептидтің  қҧрылымы  туралы  мәлімет 

сақтайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет