Өсімдік қорғаудағы биотехнология



Pdf көрінісі
бет9/31
Дата13.05.2020
өлшемі1,75 Mb.
#67568
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Байланысты:
өс қорғаудағы биотехнология

Кері  селекция  әдісі  бойынша  жабайы  клеткалардың  жедел 

бӛлінуіне  жағдай  жасалады.  Сонан  соң  қоректік  ортаға  тимидиннің 

аналогін  қосады.  Оның  молекулалары  тимидиннің  орнына  ДНҚ 

қҧрамына  енеді.  Соның  салдарынан  ДНҚ  синтезі  бҥлінеді  де,  жабайы 

клеткалар    қысқа  мерзім  ішінде  жойылады.  Ал  мутант  клеткалар  тірі 

қалады.  Оларды  қолайлы  қоректік  ортаға  кӛшіріп,  кӛбейтіп  ӛсіріп, 

тҧрақты  линияларды  алады.  Осындай  әдістерді  қолдану  арқылы 

шаруашылыққа  бағалы  тҥрлі  белгілер  бойынша  селекция  ҥрдісін 

жҥргізуге  болады.  Атап  айтқанда:  ауру  тҥрлеріне,  гербицидтерге,ауыр 

металдарға  жәнеәр  тҥрлі  стрестік  факторларға  тӛзімді  сорттарды 

шығаруға болады. Клетка деңгейінде ӛткізілген селекция әдісімен сабақ, 

жапырақ  және  собық  гельминтоспориозына  тӛзімді  жҥгері  линиялары, 

теңбіл  ауруын  қоздыратын  вирусқа  тӛзімді  темекі  ӛсімдіктері  алынған. 

Осы  әдіспен  гербицидтерге,  топырақ  тҧздылығына, ӛнеркәсіптік  ластау 

әсеріне тӛзімділігі жоғары бидай, арпа, кҥріш, томат сорттары алынған. 

Мысалы,  Жапонияда  теңіз  суымен  суаруға  шыдайтын  кҥріштің  сорты 

шығарылған. 

Қазақстанда молекулалық биология және биохимия институтында 

септориоз  саңырауқҧлағының  екі  ең  белсенді  фитотоксиндердің 

концентрацияларының тигізетін әсері, бидайдың бірнеше генотиптерінің 

сҧйық  ортада  ӛсірілген  клеткаларында  зерттелді,  сӛйтіп  септориоз 

токсиніне тӛзімді бидайдың клеткалық линиясы алынды. 

Бірақ  тҧздарға,  кейбір  патотоксиндерге  тӛзімді  клеткалардың 

клондарынан  шыққан  регенерант  ӛсімдіктері  сол  тӛзімділік  белгісін 

келесі ҧрпақтарында сақтап қалмаған. 

Қҧнды мутанттарды жиі – жиі алу ҥшін тҥрткі боларлық әр тҥрлі 

заттармен немесе әр қилы жағдайлармен әсер етуге, яғни, индукциялауға 

тырысады.  Ең  тиімді  мутагендер  болып  рентген  және  ультракҥлгін 

сәулелері, этионин т.б. саналады. Қоректік ортаға қосылған кейбір ауыр 

металдар  да  мутагендік  әсер  етеді.    Мутагендер  тӛзімді  клеткалар 

клондарының  шығуын  арттырады.  Мысалы,  темекі  клеткаларына  N- 

нитрозо  -N-  метилмочевинамен  әсер  еткенде  пайда  болған  мутация 

арқасында олардың NaCl – ға тӛзімділігі артқан. 

Сомаклондық варианттар. 

Бастапқы  донорлық  ӛсімдіктерден  айырмашылықтары  бар 

ӛсімдіктерді  сомаклондық  варианттар  деп  атайды.  Мҧндай  ӛзгерген 

ӛсімдіктерді  жасанды  ортада  мутацияны  тудыра  отырып  алуға  болады. 

Генетикалық  ӛзгерген  каллус  клеткаларынан  шыққан  регенерант 

ӛсімдіктер  де  ӛзгерістер  байқалады.    Сомаклондық  ӛзгергіштік 




26 

 

қҧбылысын генетикалық ӛзгергіштік деп тҥсінуге болады. Ол ӛзгерістер 



морфологиялық  белгілері,  онтогенез  кезеңдерінің  ҧзақтығы,  ӛнімділігі, 

аурулар 


мен 

қолайсыз 

жағдайларға 

тӛзімділігі 

 

жағынан 


айырмашылықтары болуы мҥмкін. Протопластан алынған сомаклондық 

варианттарды  протоклондар  деп,  ал  каллустан  алынғанда  каллустық 

клондар  деп  атайды.  Сомаклондық  варианттарды  мутант  екенін 

дәлелдеу  ҥшін    жыныстық  жолмен  кӛбейетін  тҥрлерді  ӛздігінен 

будандастырып,  генетикалық  тексеруден  ӛткізу  керек.  Жыныссыз 

жолмен  кӛбейетін  тҥрлерде  генетикалық  ӛзгерістер  мейоз  арқылы 

берілмейді,  сондықтан  оларды  дәлелдейтін  жағдай  клондық  кӛбейтудің 

тым болмаса екі циклінде жаңа белгінің сақталуы. 

Сомаклондық ӛзгергіштікке әсер етуші факторлар: 

донорлық ӛсімдіктің генотипі.  



қоректік ортаның қҧрамы, әсіресе фитогормондардың арақатынасы.  

Ҧлпаны  ӛсіру  мерзімінің  ҧзақтығының  әсерінен  хромосомалық 

абберациялар 

кӛбейе 

тҥседі. 


Сондықтан 

каллустан 

алынған 

сомаклондық  варианттардың  жиілігі  каллусты  ӛсіру  ҧзақтығына  қарай 

арта тҥсуі.  

Сомаклондық 

варианттар 

теориялық 

жағынан 

генетикалық 

ӛзгергіштіктің  механизмдерін  тҥсінуге,  ал  практикалық  жағынан 

ӛсірілетін клеткаларды селекцияда кеңінен қолдану ҥшін қажет.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет