Өсімдік қорғаудағы биотехнология



Pdf көрінісі
бет8/31
Дата13.05.2020
өлшемі1,75 Mb.
#67568
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Байланысты:
өс қорғаудағы биотехнология

3. Хемотерапия әдісі.  Хемотерапияда  арнайы  заттар-  ингибиторлар 

қолданылады.  Ингибитор  ретінде  нуклеин  қышқылдарына  әсер  етуші 

ферменттер қолданылады. Апекс ӛсіретін қоректік ортаға РНҚ-азаларды 

қосқан  тиімді.  РНҚ-ағзалар  ӛсімдіктің  ӛсуі  мен  дамуын  реттеп  қана 

қоймай,  вирустардың  дамуын  тежейді.  Осындай  технологияларды 

қолдану  апекстардың  ӛсуін  10-35%  кӛтереді  және30-40%-ға  дейін 

ӛсімдік регенеранттарын алуға болады. 

 

Кейінгі  жылдары  картоп  ӛсімдігін    сауықтыру  ҥшін  каллус 



ҧлпасын  қолданады.  Каллустарды  пассаждағанда  клеткалардың 

вирустардан тазаруы жҥреді, спонтанды немесе индукциялы морфогенез 

нәтижесінде  сауықтырылған  ӛсімдіктер  тҥзіледі.  Кейбір  ӛсімдік 

сорттары ҥшін каллус клеткаларын ӛсіру тиімсіз. 

 

 

 



Бақылау сұрақтары 

1.  Апикальдық  меристеманы  ӛсіру  әдісінің  тиімділігі,  қандай 

мәселелерді шешеді? 

2.  Ӛсімдіктерді сауықтырудың қандай  әдістері бар? 

3.  Жылумен ӛңдеу қандай мақсатта қолданылады? 

4.  Ӛсімдіктердің вирустық ауруларын анықтау әдістері. 

5.  Сауықтырылған ӛсімдіктер қандай жолмен кӛбейтіледі? 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



24 

 

ІІІ – ТАРАУ. Ӛсімдіктің клеткалық селекциясы 



 

4, 5 – Дәріс 

Тақырыбы:Клеткалық селекция әдістері 

 

Дәрісте қарастырылатын негізгі сұрақтар: 

Клеткалық селекция туралы тҥсінік. 

Тура және кері селекция 

Тӛзімді клеткаларды сҧрыптап алудың әдістері. 

Сомаклондық варианттар 



Дәрістің мақсаты:Іn vitro жағдайында жҥретін ӛзгергіштік. Ӛзгерген 

клеткалардың селекциялық маңызы. Клеткалық селекция және оның 

әдістерімен танысу 

Негізгі әдебиеттер: 

Г.Ж. Уәлиханова. Ӛсімдік биотехнологиясы, Алматы, «Қонжық», 1996 

С.Қ. Тҧрашева, Клеткалық биотехнология. Алматы, 2011 

В.С.  Шевелуха  и  др.  Сельскохозяйственная  биотехнология.  М.: 

Высшая.школа, 1998. 

Р.Г.  Бутенко.  Биотехнология  растений.  Культура  клеток.  М.: 

Агропромиздат, 1989. 

 

Клеткалық  селекция  деп-  іn  vitro  жағдайында  ӛсірілген 

клеткалардың  арасынан  нақтылы  бір  селективтік  жағдайға  сәйкес 

ӛзгеріске  ҧшыраған  жәнешаруашылық  пайдалы  қасиетке  ие  болған 

клеткаларды кӛбейтіп сҧрыптап алуды айтамыз. Әрбір клеткадан ӛсімдік 

шығады,  клеткалық  селекция  әдісін  қолданана  отырып  ӛсімдіктердің 

шаруашылық  маңызы  бар  жаңа  формаларын  тез  арада  алуға  болады. 

Клеткалық селекция әдісінің артықшылығы: 

-жыл он екі ай маусымға және климат факторларына тәуелсіздік; 

-  клетка деңгейіндеклеткалық  популяцияны  зерттеп  жедел  селекциялық 

жҧмыстарды жҥргізу; 

-     уақыт пен егістік жер кӛлемінің ҥнемделуі. 

Іn  vitro 

жағдайында  селекцияны 

амин 


қышқылдарына, 

нуклеотидтерге,  патотоксиндерге,  антибиотиктерге,  гербицидтерге, 

тҧздар  мен  ауыр  металдардың  жоғары  концентрациясына,  тӛмен  рН 

кӛрсеткіштеріне  және  т.б.  факторларға  тӛзімді  клеткалық  линияларды 

сҧрыптап алу ҥшін жҥргізеді және белгілі мутациялары бар клеткаларды 

арнайы селективтік ортада ӛсіреді.  

Егер де белгілі бір затқа тӛзімді клеткаларды сҧрыптап алу қажет 

болса,  оларды  сол  зат  қосылған  ортаға  егіп  ӛсіреді.  Ал  енді  нақтылы 

стресс  факторларға  тӛзімді  клеткаларды  сҧрыптап  алу  мақсаты  болса, 

онда  ішінде  клеткалар  ӛсіп  жатқан  ыдыстарды,  дәл  сондай  жағдай 

(мысалы,  жоғары  немесе  тӛмен  температура)  әсер  ететін  жерге 



25 

 

орналастырады.  Біраз  уақыттан  соң  сол  жағдайларға  шыдамаған 



клеткалардың  кӛбі  бӛліне  алмай  қҧриды,  тек  мутация  немесе 

эпигенетикалық  ӛзгерістер  арқасында  сол  факторға  тӛзімді  клеткалар 

ғана тірі қалады. Мҧндай әдісті тура селекция деп атайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет