Байланысты: өсім физиологиясы ответ 2 (копия) (копия)
Өсімдіктердің суыққа төзімділігі. Аязға төзімдіөсімдіктермен қатар, тек қана +3°, +5 °С суыққатөзімді өсімдіктер де бар. Мұндай температура байқалатын көктемгі үсік кезінде қиярдың, қызанақтың, қауын мен қарбыздың және басқа да жылу сүйгіш өсімдіктердің жас өскіндерізақымданады.
Өсімдіктердің суықтың әсерінен зақымдануы оныңәсер ету дәрежесі мен ұзақтығына байланысты. Қысқа әсер ететін, неғұрлым төменгі температура ұзақ уақыт әсер ететін төменгі температурағақарағанда қауіпті емес.
Көктемгі және күзгі үсіктің қауіптілігі мынада: олар суыққа бейімделмеген, суықтың әсерінешынықтырылмаған өсімдіктерге зақым келтіреді. Салқын температурада ұстаудан екі-үш күн өткенсоң қиярдың зақымданатыны байқалады. Алдыменоның тұқым жарнақтары мен ең алғаш шыққанжапырақтары, одан соң жас жапырақтары солыпқалады. 3-6 тәулік бойы салқын температурадаұстау олардың тіршілігіне қауіпті болып табылады. Қызанақ пен асқабақ суыққа едәуір төзімді, соя бұдан да гөрі суыққа төзімді келеді.
Суыққа төзімділік дәрежесі өсімдіктердің түрі мен сорттарының географиялық шығу тегіне, даму фазаларына байланысты. Ұзақ уақыт бойы суықтемпературамен әсер еткенде өсімдіктердегіыдырау үрдістері синтез үрдістерінен басым болып, өсу мен фотосинтез тоқталатынын, жапырақтардыңсумен қамтамасыз етілуі кемитіні дәлелденген.