Ыстыққа аса төзімді өсімдіктер де бар. Ыстық су көздерінде өсетін бактериялар мен көкжасылбалдырлар тобы 70 °С және одан да жоғарытемператураға бейімделген.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде кактустармен жасаң тұқымдастар ыстыққа аса төзімді келеді, олар 50-60 °С температураны да көтереді. Ал мәдени өсімдіктерден сорго, мақта, күріш жәнеүпілмәлік ыстыққа айтарлықтай төзімді.
Транспирацияның жоғары болуы кейбірөсімдіктерге ыстықтың әсерінен қорғануғамүмкіндік береді. Мәселен, суды көптегенмөлшерде буландыра отырып, гемиксерофиттержапырақтың қызып кетуін бәсеңсітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |