«Өсімдіктер физиология» пәні бойынша емтихан сұрақтары: «Өсімдіктер физиологиясы»


Тыныс алу процесі. Тыныс алудың маңызы, энергетикасы



бет45/69
Дата24.02.2022
өлшемі257,33 Kb.
#133238
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69
Байланысты:
өсім физиологиясы ответ 2 (копия) (копия)

19.Тыныс алу процесі. Тыныс алудың маңызы, энергетикасы.
Тыныс алу деп өсімдіктің тірі ұлпаларында органикалық заттың бос оттегінің қатысуымен ыдырап, С02 және Н20 бөлініп шығуының және бұл процесте өсімдік тіршілігі үшін керекті белгілі қуат босауын айтады. 
Тыныс алу – органикалық заттардың энергия бөле отырып, биологиялық тотығу үдерісі. 
Өсімдік организмінің тіршілігі үшін тыныс алудың маңызы
1) АТФ-тың энергиясымен барлық эндоэргиялық үдерістерді қамтамасыз ету
2) синтездік үдерістер үшін төмен молекулалық алғы заттардың пайда болуы. 
Өсімдіктің тыныс алуы жөніндегі ілімнің дамуына, оның химизмін анықтауға, әсіресе, орыс ғалымдары И.П.Бородин, А.Н. Бах, В.И. Палладин, С.П. Костычев және т.б. зерттеулері зор әсер етті.Өсімдіктің тыныс алуы жөнінде бірінші толық мағлүмат берген академик И.П. Бородинніңзерттеулері болатын. «Жапырақты сабақтардың тыныс алуын физиологиялық зерттеу» (1876) деген еңбегінде И.П. Бородин бірінші болып өсімдіктің қараңғылықта тыныс алуы мен оның жарық кезіндегі фотосинтез процесінде жинаған көмірсулар мөлшері арасында тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, Иван Парфеньевич Бородин тыныс алу кезінде белокты заттардың да ыдырайтындығын анықтады. Сондай-ақ ол тыныс алу процестерін зерттеу әдістеріне де көптеген жаңалықтар енгізген. Өсімдіктің тыныс алу процесіне К.А.Тимирязев те кезінде көп көңіл бөлген. Ол Либихтың өсімдікте тыныс алу процесі болмайды деген көзқарасын қатты сынады. Тыныс алу кезінде глюкозаның химиялық айналысының жинақты формуласы мынандай: С6Н1206 + 602 = 6С02 + 6Н20 + 674 ккал. Тыныс алу процесінде соңғы өнімдерге дейін толық тотыққанда 1 грамм молекула глюкоза 674 ккал куат босатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет