«Өсімдіктер физиология» пәні бойынша емтихан сұрақтары: «Өсімдіктер физиологиясы»



бет49/69
Дата24.02.2022
өлшемі257,33 Kb.
#133238
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69
Байланысты:
өсім физиологиясы ответ 2 (копия) (копия)

Бейімделу механизмдері. Төменгі сатыдағы өсімдіктер субстраттан ылғалды бүкіл талломы (вегетативті ағза) арқылы, ал жаңбыр тамшыларын, шық, түман ылғалын бүкіл денесімен сіңіреді. Қыналар өздерінің қурғақ салмағынан 2-3 есе көп ылғалды бойында сақтай алады. Өсімдіктердің тамыр жүйелерінің айналасында ылғал қоры азайған кезде өсімдік тамырлары өсу арқылы беткі ауданын үлкейтеді. Далалы және шөлді аймақтардағы өсімдіктерден эфемерлі тамыр жүйелерін байқауға болады. Олар топырақ ылғалды кезде тез өсіп, қүрғақшылық басталғанда тез қурап кетеді.
Өсімдіктерде тамыр жүйелерінің шашақтануы бойынша экстенсивті және интенсивті тамыр жүйелерін ажыратады. Экстенсивті тамыр жүйесі топырақ қабатына терең енгенімен, әлсіз шашақтанады. Мұндай тамыр жүйелері көптеген дала және шөл өсімдіктерінде (сексеуіл, жантақ) кездеседі . Интенсивті тамыр жүйе топырақтың аз ғана бөлігін алғанымен, шашақтануы күшті болады (көптеген шымды астық тұқымдастарда, бидайда, қара бидайда).
Жоғарыда айтылғандай құрғақ жердегі өсімдіктердің тамыр жүйесі жақсы дамыған, мысалы, теректің тамыр жүйесі 2-3 метр, Қара сексеуілдікі 8 метр, жанғақтікі 15 метр, эвкалиптікі 152 метр тереңдікке дейін топырақ қабатына енеді. Шөлде өсетін өсімдіктердің жалпы салмағының 9/10 бөлігі жердің астында болса, сулы жердегі өсімдіктердің салмағы керісінше жердің бетінде, яғни топырақтың үстіңгі қабатында шоғырланады. Шөлдегі бүталардың жапырақтары қатты әрі кіші, қабығы тығыз болып келеді. Бүл ерекшеліктер өз кезегінде өсімдіктің бойьщдағы судың булануын азайтады. Ал көптеген өсімдіктердің жапырақтары нәзік, әрі жүқа болады. Олар ылғал бар кездері Жалырақ жаяды да, қүрғақшылық кездері түсіп қалады.
21.Көмірсулардың алмасуы. Аминқышқылдар мен ақуыздар, липидтердің алмасуы. Дәрумендер. Қосымша заттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет