«Өсімдіктер физиологиясы»



бет11/37
Дата18.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#158844
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
осим.физ.ДӘРІС

2. Тамыр-суды сіңіру мүшесі. Тамыр жүйесінің атқаратын негізгі қызметінің бірі - өсімдікті сумен және қоректік заттармен қамтамасыз ету. Сіңіру мүшесі ретінде тамыр айтарлықтай жақсы зерттелген. Ең алдымен оның көлемі өсімдіктің жер бетіндегі бөлігінен әлденеше есе артық болады. Көптеген өсімдіктердің тамыры ұзарып өсуге және жаңа нүктелерін түзуге ерекше бейімділігімен көзге түседі. Неміс ғалымы Диттмер күздік қара бидайдың бір өсімдік тамырының ұзындығын өлшеу үшін оны арнаулы сосудта өсірген және оның тамыр ұзындығының жалпы қосындысы 600 км болатындығын анықтаған. Алайда тамыр жүйесінің бәрі бірдей суды сіңіруге активті қатыса бермейді. Ғалымдардың тәжірибелері көрсеткендей, тамырдың сіңірушілік активтілігі тамырдың шығу тегіне, оның жасына, әр түрлі аймақтарына байланысты. Тамырдың жас бөліктері суды неғұрлым активті түрде сіңіреді, тамырдың мұндай жас бөліктерінде жақсы жетілген ксилема элементтері кездеседі. Тамыр түкшелері бар тамыр аймағында да сіңіру процесі жақсы жүреді. Бұл аймақтан қашықтыған сайын сіңірілетін су мөлшері азая береді. Тамыр түкшелері дегеніміз-тамыр эпидермисі клеткаларының сыртқы қабырғасының өсінділері болып табылады. Олардың қабықшалары өте жіңішке және нәзік болады, тұтасымен целлюлозадан тұрады және суды жақсы өткізеді. Тамыр түкшелері бөлінуі, созылу және дифференциялану,жіктелу деген аймақтарға бөлінеді. Тамыр түкшелері дымқыл топырақта жақсы өседі және ол құрғаса тез арада тіршілігін жояды. Ағаш тектес өсімдіктердың суды сіңіруіне тамыр түкшелері аймағы ғана емес, сондай-ақ тамырдың тоз қабағымен көмкерілген едәуір кәрі бөліктері де қатысатындығы крамердің зерттеулерімен анықталған. Микоризаның дамуы нәтижесінде көптеген ағаш тектес өсімдіктер тамырларының суды сіңіретін беті артады. Су басқан кезде және оттек болмаған жағдайда тамыр түкшелері мен микоризоның өсуі тежеледі. Өсімдіктерді сумен қамтамасыз етуде тамырдың тармақтану дәрежесі мен топыраққа ену тереңдігі үлкен роль атқарады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда әртүрлі өсімдіктер тамырының бір-бірімен үлкен айырмашылығы болады. Жер бетіне жақын орналасқан тамырлар суды неғұрлым мол сіңіреді. Жеміс –жидек дақылдарының көпшілігіне нашар жетілген тамыр жүйесі тән. Мұндай тамырлар 50-60 см тереңдікке дейін өседі және аз тармақталады. Бұл тамыр жүйесінің өсуі мен оның топырақта тармақталуы өсімдіктердің сорттары мен түрлерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты екендігін көрсетеді. Өсімдіктердің тіршілік кезеңде олардың тамыр системасының аумағы өзгеріп отырады. Мысалы, аталық гүл шоғырының шашақтануы және дән түзуіне бастау кезеңінде жүгерінің тамыр жүйесі өзінің ең үлкен аумағына жететіндігі анықталған. Егер осы кезеңдерде өсімдікке су мен қоректік заттар жетіспесе, онда оның тамырлары біртіндеп тіршілігін тоқталып, өсімдіктің өнімін кемітеді. Өсімдіктің тамыры мен оның жер бетіндегі бөліктері арасында өзара тығыз байланыс бар. Тамырдың және бөліктері зақымданса өсімдіктің жапырақтары өсуін тоқтады. Тамырлардың мұндай бөліктері жетіспегенде ғана өсімдіктің жер бетіндегі бөліктері қалыпты өсе бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет