2. Өсімдіктер физиологиясының тарихи дамуы. Жалпы физиология да көптеген жетістіктерге ие болып отыр. Ол ғылым ретінде ботаниканың негізінде пайда болады. Жалпы физиологияның тарихы оның дамуының біркелкі болмағандығын көрсетеді, ол әр дәуірде үстем болып келеді. Өсімдіктер физиологиясы алғашында өсімдіктердің қоректенуі жөніндегі ғылым ретінде өмірге келді. ХVІІ- ХVІІІ ғасырда ғалымдар өсімдіктің қоректенуіндегі топырақтың атқаратын ролін көрсетті. ХІХ ғасырдың 40-жылдарында Ю. Либихтың өсімдіктердің минералдық қоректену теориясы пайда болды. Ю. Либих теориясы білімді одан әрі дамытып прогресшіл маңызға ие болды. Өсімдіктердің азоттық қоректенуі жөніндегі мәселелерді Ж. Буссенгоның, Д.Н. Прянишниковтың зерттеулері үлкен роль атқарды. Аса көрнекті совет ғалымы Д.Н. Прянишников өсімдіктерде азоттың өзгеріске ұшырауын, нитрат және аммоний тұздарының қажеттілігі мен аммиактың ролін көрсетті. Ағылшын физигі Пристлидің жүргізген тәжірибелері фотосинтезді анықтауға мүмкіндік берді. Тек жарық бар жерде және жасыл өсімдіктер ғана ауаны, «жақсартатындығын», яғни олар көмір қышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығаратындығын 1779 жылы Ингенгауз дәлелдеді.Фотосинтезді зерттеуде К.Н. Тимирязевтің сіңірген еңбегі ерекше зор. К.А. Тимирязевтің ХІХ ғасырда өсімдіктер физиологиясында жасалған жұмыстарды қорытындылай отырып, 1901 жылы былай деп айтқан «морфологиялық және анатомиялық өсімдіктердің негізгі қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты жағдайда зерттелуі керек». Ол фотосинтез процесінде энергиялық сақтану толық жүзеге асатындығын дәлелдеп, фотосинтез процесіне қатысатын спектр бөліктерін анықтап және фотосинтез химизмнің теориясын жасап шығарды. Тимирязевтің осындай көз қарастары Дарвиннің жұмыстарымен тығыз байланысты. Дарвин физиологияны әр қарай дамуында үлкен үлес қосты.Дарвин өсімдіктер физиологиясында салыстыру әдісін ашты. Бұл әдіс бойынша ортаның өзгерген жағдайларында, олардың өсімдіктерге әсер етуін әр түрлі өсімдіктердің осындай жағдайларына төзімділіктерін және бір-бірімен қарым-қатынастарын зерттейді. Дарвин физиологияда эволюциондық физиологияны ашты. Бұл ғылым ағзадағы зат алмасу негіздерін және филогенетикалық ағзаның дамуының әр түрлі кезеңдерін зерттейді.Өсімдіктер физиологиясына И.В. Мичуриннің де қосқан үлестері өте маңызды. Физиологиялық басты процестерінің бірі фотосинтез, сол процесті зерттеуге орыс ғалымдары М.С. Цвет, К.А. Тимирязев, соңғы жылдары академик А.Л. Курсанов, хлорофилдің электрон қабылдау реакциясын зерттеген, А.А. Красновский судың фитолиз реакциясын анықтаған А.П. Виноградов пен Р.В. Тейс фотосинтездің фотофизикалық құбылыстарын зерттеген, Т.Н. Годнев, фотосинтездің егін шығымдылығымен байланысын анықтаған. Американ ғалымы М. Кэлвин мен оның қызметкерлерінің таңбаланған атомның және басқа да әдістерінің жәрдемімен жүргізген зерттеулері фотосинтездің биохимиялық реакцияларын анықтауға мүмкіндік берді. Д.И. Арнон жарық энергиясының химиялық энергияға айналу реакцияларын анықтады.Тыныс алуды зерттеуде орыс ғалымдарының еңбектері шешуші роль атқарды. Академик А.Н. Бахтың биологиялық тотығу теориясы тыныс алу процесін тұңғыш рет материалистік тұрғыдан түсіндірді. Бұл мәселені одан әрі зерттеу жұмысы академик В.И. Палладин мен С.Н. Костычев еңбектерінде өз жалғасын тапты. Костычев тыныс алу мен ашу процесінің генетикалық байланыс теориясын ашты. Мичурин былай деп жазған: «Әр ағзаның мүшесі, оның қасиеттері ағзада жүретін барлық физиологиялық процестер, ағзаның ішкі сыртқы жағдайлары ағзаның айналадағы ортадаға жағдайларымен тығыз байланысты». Мысалы: өсімдік ағзасында жүретін процесс тек белгілі бір жағдайларында жүрсе, бұл жағдайды өзгерткен жағдай да бұл процеске қатысып жүргізген ағзаның мүшесінде, оның атқарған қызметіде керек болмай қалып жансыздануы мүмкін. Өсімдіктер физиологиясында жасалған жұмыстардың арқасында ағзаға маңызды процестерді 3 категорияға бөлуге болады: заттардың алмасуы, энергияның алмасуы, форманың алмасуы.Өсімдіктер физиологиясы әрі қарай дұрыс дамуының екі әдісті дұрыс бір-бірімен байланысты пайдалану керек. Ол эксперименталдық және тарихын зерттеу әдістері. Тарихи-биологиялық зерттеулерінде дұрыс факторлармен, дұрыс эксперименталық байқауларын пайдаланады. Физиологиялық дамудың материалистік жағынанда үлкен маңызы бар. Ол ағзаны бір толық жүйедей, ондағы барлық элементтердің бәрі бір-бірімен тығыз байланысты деп қарастырады. Ғылым әр қарай дамуы үшін практикамен тығыз байланысты болу керек. Физиологиялық ғылым және ауыл шаруашылық практикасының байланысы арқылы ауыл шаруашылығын әр қарай даму жағын қарастырады. Соңғы жылдары өсімдіктер физологиясының табыстары ең алдымен физика мен химия саласындағы жаңалықтарға байланысты болды. Бұл ғылымдардың жетістіктері физиологиялық процестерді молекулалық деңгейде зерттеп білуге жәрдемдесетін әдістерді жасап шығаруға мүмкіндік берді, өйткені сайып келгенде физиологиялық процестердің негізінде биохимиялық реакциялар жатады, ал ағзаны құратын заттардың қасиеттері олардың физикалық құрылысына байланысты. Химия мен физиканың физиологияға енуі ғылымның жаңа салалары –биохимия мен биофизиканың пайда болуына мүмкіндік туғызуы. Биохимияағзаның химиялық құрамын және тіршілік әрекеті барысында бұл құрамының химиялық өзгеріске ұшырау процестерін зерттейді. Ал биофизика тірі ағзалардың физикалық қасиеттерін, тіршілік процестерінің негізінде жатқан физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым. Алайда тіршілік әрекетінің күрделілігі соншама біз олардың бір бөлігін ғана физикалық және химиялық жолмен зерттей аламыз. «Табиғат диалектикасы» атты еңбегінде Ф.Энгельс тіршілікті тек ғана қозғалыстық, физикалық және химиялық формалары негізінде толық түсіндіруге болмайтын, материя қозғалысының ең жоғары формасы ретінде қарастыру керек деп жазды. Сонымен қатар ол «ағза дегеніміз, сөз жоқ, бір өзі механиканы, физика мен химияны біртұтас етіп, байланыстырып тұрған ең жоғары бірлік» деп көрсетті.