Өсімдіктер қоры тауысылатын, бірақ қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады. Қазір планетамыздағы жалпы құрылым территориясының небарі 26 проценті ғана орман алқаптарының еншісіне тиеді


Өсімдіктердің адам өміріне маңызы



бет6/7
Дата27.04.2020
өлшемі38,38 Kb.
#64907
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
топ коргау реферат

2.3. Өсімдіктердің адам өміріне маңызы

Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы зор. Ол әр түрлі тамақтық өнімдердің, техникалық және дәрілік шикізаттың, құрылыс материалдарын өндірудің негізгі көзі. Жерді күшті су ағыстарын қорғайды, құнарлы жерлерді құм басудан сақтайды. Өсімдік адам баласына психогигиеналық әсер етеді.Өсімдіктер қоры таусылатын, бірақ қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады.Қазір планетамыздағы жалпы құрылым территориясының небары 26 проценті ғана орман алқаптарының еншісіне тиеді. Бұл ағаштарды кесіп, жойып жіберу қиын емес. Ал оны қалпына келтіру үшін ұзақ жылдар керек. Ғылыми деректерге қарағанда, отырғызылған балғын шыбықтан бәйтерек ағаш өсі үшін 100-150 жыл керек.

Біздің ормандарымызда жыл сайын 844 млн м3 ағаш қосымша өсіріледі де, 460 млн га кесіледі.Ағаш қорын сақтау үшін кесілген ағаш жаңа жас ағашпен толықтырылып отырылуы керек (әрбір ағаш түбінен есептегенде), ағаш кесу әрбір 80-100 жылда ғана қайталанып отырылуы тиіс, өйткені қысқа мерзім ішінде жас ағашты отай беру оның тез арада қалпына келуіне мүмкіндік бермейді. Кесілген ағаштың 1/3 табиғи жолмен қалпына келеді, ал қалғанын адамдар өз күшімен отырғызуы керек. Өкінішке орай, тәжірибеде ол жүзеге аса бермейді.Жердің ландшафтын сақтауда, жер эрозиясын болдырмауда, топырақтың құрылымын жақсартуда орман басты роль атқарады.Орманың пайдасы тек қана шаңды тұтуда, көміртегі газын жұтуда емес, сонымен қатар атмосфераға фитоцидтады бөлуде. Мысалы, бір гектар можжевельник тәлік ішінде 30 кг га дейін фитоцид бөледі. Жасыл өсімдіктер әлемі жылына 450 млрд.тоннадай органикалық зат түзеді. Демек, жасыл өсімдік-күнмен тіршіліктің арасындағы дәнекер, яғни тұңғыш рет К.А.Тимерязев қалыптастырған өсімдіктің қосылыстық маңызы осында.

1.Жасыл өсімдіктер амосфералық ауаны бүкіл тіршіліктің тыныс алуына қажетті оттегімен қамтамасыз етеді.

2.Жасыл өсімдіктер тіршілігінің нәтижесінде анорганикалық заттар мен судан, бүкіл өсімдіктер, жануарлар мен адамдар керекке пайдаланатын, орасан мол органикалық зат қоры түзіледі.

3.Жасыл өсімдіктерде түзілген органикалық заттарда, күн сәулесінің энергиясы жинақталады. Соның нәтижесінде, әлемде тіршіліктің дамуына және адамның өндірістік қажетіне қолданылатын энергия қоры жинақталады. (Мысалы, көмір мұнай, торф және т.б.).

Атмосфераны оттегімен толықтыру жасыл өсімдіктерде жүреді.Өсімдік адамдар тыныс алатын оттегімен ғана емес, оны тіршілігіне қажетті өнімдермен де (крахмал, қант, белок, май, антибиотик, ағаш, дәрі-дәрмек, витаминдер және т.б.) қамтамасыз етеді. Кез келген өсімдіктің құрамында С, О, Н2, N, 45%, 42%, 6.5%, 1.5%. 5%-Mg, Ca, B, Sі, Cl, J, Mz, Zn, Na т.б. кездеседі.Бұл элементтер өсімдікке негізінен топырақ пен ауадан келеді. Олардың табиғатта айналымы өсімдік арқылы жүреді.Барлық минералды заттардың айналымы әлемдегі тіршіліктің тоқтаусыз жүруін қамтамасыз етеді. Осы процессте өсімдік басты роль атқарады. Жасыл өсімдіктер әлемі биосферадағы тіршілікті, жалпы газ алмасуды және жердегі су балансын реттеуде басқарушы орын алады. Ол климаттың және топырақтың қалыптасуына, жануарлар тіршілігінің дамуына белсенді әсерін тигізеді. Зат алмасудың негізін құрайтын химиялық құбылыстар 2 топқа бөлінеді: ассимиляция және диссимиляция.

Ассимиляция (лат.сіңіру, игеру) сыртқы ортадан қоректік заттарды сіңіру барысында, жай құрамды қосындылардан организмде күрделі заттардың есептелуі. Энергия сіңіріледі.

Диссимляция (лат.ұқсамайтын) зат алмасудың кейбір соңғы өнімдерін организмнің сыртқы ортаға бөліп шығаруы және олардың күрделі құрамдардан жай қосындыларға бөлшектенуі. Энергия бөлінеді. Осы 2 қарама-қарсы процестер тек өсімдіктер қатысуымен жүзеге асады.

Қорғау шаралары:

1.Қорықтар Ұйымдастыру

2.Ұлттық бақтар Ұйымдастыру

3.Қызыл кітапқа енгізу

4.Зерттеу, бақылау орталықтарын көптеп ашу

5. Заңды түрде қорғау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет