Жасушалардың in vitro жағдайында өсуі. Агарланған және сұйық жасанды қоректік орталарда өсірілетін өсімдік жасушаларының негізгі типі, ол көбеюге қабілеті бар каллус ұлпалары. Кез келген негізгі ұлпалардан пайда болған каллус ұлпаларын өзіне лайықты қоректік ортада ұзақ уақыт бойы, тіпті шексіз өсіруге болады. Үзбей өсіру үшін әрбір 3-4 апта өткеннен кейін каллустарды жаңа қоректік ортаға отырғызып бағады. Бүтін организмдер сияқты жасанды ортада жасушалардың өсуі S-тәрізді қисық сызықпен бейнеленеді және ол мынандай фазаларды қамтиды:1) лагфаза, бұл фаза кезінде жасушалардың көрінетіндей өсуі болмайды, бірақ жасуша белсенді түрде суды және қоректік заттарды сіңіреді де бөлінуге дайындалады; 2) үдеу фазасы, бұл кезде жасушалар бөлініп созылып өсе бастайды; 3) логфаза, түзу сызықпен бейнеленетін өте қысқа фаза, мұнда өсу жылдамдығы уақыт өткен сайын екі еселеніп үдейді; 4) жасуша өсуінің төмендеу фазасы, бұл фазада жасуша өсуінің салыстырмалы жылдамдығы бәсеңдейді; 5) стацфаза, бұл кезде жасушаның өсуі жылдам болмаса да тұрақты жүреді; 6) жасушалардың біртіндеп жойылып құру фазасы