Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу


Түрлі ағзалар қанының формалы элементтерін зерттеу



бет2/8
Дата08.11.2023
өлшемі252,12 Kb.
#190361
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
зертханалық 8 сынып

Түрлі ағзалар қанының формалы элементтерін зерттеу

Жұмыс мақсаты:дайын микропрепараттар арқылы әртүрлі ағзалар қанының формалы элементтерінің құрылысының ерекшеліктерін зерттеу.


Құрал-жабдықтар:микроскоп,адам,бақа,құс,лама немесе түйе,қоян қанының дайын микропрепараттары;егер дайын микропрепараттар болмаса,олардың кез келген тасымалдаушыдағы суреттері.
Жұмыс барысы

1.Дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы қараңдар.Микропрепараттардан қанның барлық жасушалары көріне ме?


2.Егер дайын микропрепараттар болмаса,әртүрлі ағзалардың қанының жасушаларының суреттерін қараңдар.Мынадай тапсырма сұрақтарына жауап беріңдер.



Адам қаны Бақаның қаны Жылқының қаны

-Қан жасушаларын қарап,олардың пішіндері мен түстерін анықтаңдар.Жалпы қандай жасушалар көп?


-Бір-біріне қатысты жасуша өлшемдері қандай?Оқулықтағы сипаттамасымен салыстырыңдар.
-Эритроциттерді қараңдар.Қандай ағза эритроциттерінде ядро болады?
-Әртүрлі ағзалардың лейкоциттерін қараңдар.Айырмашылықтарын көрдіңдер ме?
-Адам лейкоциттерінің әртүрлі типтерін ажырата алдыңдар ма?
Зертханалық жұмыс қорытындысы ретінде қан жасушаларын:
1)пішіні;
2)мөлшері;
3)жасуша саны;
4)ядросы бойынша салыстырыңдар.


Дескриптор Білім алушы(білу,түсіну)

- микраскоп арқылы қан жасушаларының типтерін


анықтайды;
- сүт қоректілерге жататын ағзалардың
эритроцит,ликоцит жасушасының ерекшеліктерін
ажырата алады;
- қан жасушалардың пішіні мен мөлшерін жасуша санын
анықтай алады;
- қан жасушаларының құрылысы мен қызметін
талдап,қорытынды жасайды;
Күні________________

№7 зертханалық жұмыс


Денешынықтыру жаттығуларының жүрек
жұмысына әсерін зерттеу
Жұмыс мақсаты:жүрек жиырылуының жиілігі мен дене жүктемесінің арасындағы өзара байланысты анықтау.
Құрал-жабдықтар:оқулық,секундомер немесе секундтық тілі бар сағат.


Жұмыс барысы
1.Тамыр соғуының теориялық негіздемесі және оны өлшеу әдістемесімен танысу.



Пульс (лат.пульсус-соғу,соққы)-жүректің сол жақ қарыншасының жиырылуына байланысты артерия қабырғасының ырғақтық тербелісі.Жүрек жиырылғанда қан жоғары қысыммен,күшпен ұлғаятын қолқаға айдалады.Қолқа қабырғасы тербеле бастайды.Сосын тербеліс артерия қабырғасы бойынша тез таралады.Бұл тербеліс тамырдың соғуы деп аталады.Білезіктің іш жағына,мойынды екі жағынан,самайды саусақпен басып,тамырдың соғуын анықтауға болады.Тамырдың соғуы арқылы 1 минуттағы жүректің жиырылу санын анықтауға болады.


2.Отырып,өздеріңнен тамырдың соғуын табыңдар.1 минуттағы жүректің жиырылу санын санаңдар.
3.Тұрыңдар және 1-2 миунттан кейін тұрған кездегі тамырдың соғуын есептеңдер.
4.20 рет отырып,тұрыңдар.Сосын тамырдың соғуын санаңдар.Кестені дәптерге сызып алып,барлық алған деректеріңді жазыңдар.

1 минуттағы тамырдың соғу саны

Тыныш күйде



20 рет отырып,тұрғаннан кейін

Отырған кезде

Тұрған кезде











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет