Терінің сезімталдығын зерттеу
Жұмыс мақсаты:терінің беткі жағында орналасқан тактильді және суықты қабылдайтын рецепторлардың орналасу жиілігін анықтау.
Құрал-жабдықтар:басы доғал түйреуіш,600С температурадағы су,мұз,сиясы түрлі түсті қалам.
Жұмыс барысы
1.Алақанның сыртқы бетінен және білек буынынан басы доғал түйреуішпен тактильді нүктелерді тауып,оны қызыл түсті сиямен белгілеп қойыңдар.
2.Осы жерлерден суытылған түйреуіштің басымен теріде орналасқан суықты қабылдайтын нүктелерді тауып,көк түсті сиямен қоршап қойыңдар.
3.Терінің 1 см2 ауданындағы тактильді және суықты қабылдайтын нүктелерді санаңдар.Терінің 1 см2 ауданында орта шамамен 25 тактильді,12 суықты қабылдайтын нүктелер орналасады.
Тері анализаторының физиологиялық ерекшеліктері туралы қорытынды жасаңдар.
Дескриптор Білім алушы (білу, түсіну)
- терінің беткі жағында орналасқан тактильді
рецепторларды анықтайды;
- суықты қабылдайтын рецепторларды анықтай алады;
- Тері анализаторының физиологиялық
ерекшеліктері,қорытынды жасайды;
Достарыңызбен бөлісу: |