Өсімдіктерге жалпы сипаттама. Өсімдік организімінің құрылысы


Өсімдіктердің тозаңдану түрлері



бет7/8
Дата29.04.2022
өлшемі24,26 Kb.
#141411
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
4 так

Өсімдіктердің тозаңдану түрлері
Гүл орамының қандай мәні бар ? Оның кейбір гүлдерде болып, кейбір гүлдерде нашар дамуы неліктен ?
Бұл сауалға бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдін аналығының аузына түсу тәсілдерін зерттеу арқылы  жауап беруге болады. Мұның екі тәсілі бар:жел арқылы тозаңдану және насекомдар арқылы тозаңдану.
Желмен тозаңданатын өсімдіктердің бастамашысы гүлді өсімдіктер — жалаңаш тұқымдылар болған. Мысалы , астық тұқымдас және көптеген сүректі өсімдіктердің тозаңдары да жел арқылы таралады .
Насеком арқылы тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді және хош иісті болады . Насекомдардың гүлдерге қонақтағанда оларға терең бойлап , бір гүлден екінші гүлдерге ұшып-қонып жүретіндігі неліктен ? Өсімдік бөліп шығаратын тәтті шырын насеком арқылы тозаңданатын гүлдерде терең орналасады .  Бұл тәтті сұйықтықты шірне деп атайды. Көбелектердің, бал аралары мен жабайы аралардың ауыз органдары шірнені соруға бейімделген.
Шірнеден басқа гүлдің ашық реңді күлте жапырақшалары мен хош иісі де насекомдарды еліктіреді.
Ұрықтану
Тозаңқапта тозаң түйірлері түзіледі. Тозаң түйірінің ядросы екі ядроға бөлінеді. Тозаң түйірі аналық аузына түсісімен өніп, тозаң түтікшесін түзеді.
Гүл түйінінде сегіз клеткасы бар ұрық қалтасы орналасады, оның бірі жұмыртқа клеткасы. Тозаң түтікшесіндегі ядролардың бірі тағы да бөлініп, екі спермий пайда болады. Олардың бірі жұмыртқа клеткамен қосылады. Бұл тұқымнан ұрықтың дамуына бастама болады. Қалған спермий орталық клеткалардың екі ядросымен қосылады. Соның нәтижесінде Эндосперм пайда болады.
Тұқым
Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің, әсіресе гүлді өсімдіктердің тұқымында, бір клеткалы спорадан өзгеше, аналық өсімдіктен бөлініп, өз бетімен тіршілік еткенде тіпті өсімдік органдарына: тамырға, сабаққа және жапырақтарға жіктелген көп клеткалы ұрық болады.
Түқымда ұрықтан басқа қоректік заттар қоры: крахмал, белок және майлар болады, олар аналық организмнің өнімі. Өсімдік өздігінен қоректене алмайтын кезде ұрық қоректік заттар  қоры есебінен дамып, өседі.
Құрғақ тұқымда барлық тіршілік процестері баяу жүреді. Тұқым бұл қалпында тіршілігін жоймастан айлап, кейде жылдап жата береді. Ылғалды ортаға тап болған түқым суды бойына көп сіңіріп, бөртеді де, клеткалары тез бөліне бастайды. Қоректік заттар ферменттер әсерінен ерімейтін күйден еритін күйге көшеді .
Жеміс
Жеміс тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана болады. Гүлдердің пішіндері сияқты олардын, пішіндері де алуан түрлі.
Гүл түйініндегі ұрық бүршіктерінің санына байланысты бір тұқымды және көп тұқымды жемістер болады. Жемістер егер бұрынғы түйін қабығы жеміс қабығына ауысқан болса, нақтылы жеміс, ал тұқым сақтайтын қап гүл тұғырдан пайда болса, жалған жеміс болады (мысалы, жержидек). 99999
Шырынды және құрғаң жемістер болады .
Ш ы р ы н д ы жемістерге: миуалы (қарақат, помидор, тұшала, жүзім, қызамық, мүкжидек), сүйекті (шие, алхоры, өрік, грек жаңғағы, долана, жестер), миуа тектес (асқабақ, қияр, қауын„ қарбыз, лимон, апельсин) жемістер жатады.
Қ ұ р ғ а қ жемістер ашылмайтын және ашылмалы болып екіге бөлінеді.
А ш ы л м а л ы құрғақ жемістерге: листовка (сарғалдақ тұқымдастар) бұршаққап (бұршақ, үрме бұршақ, сары қараған), бұршақын (левкой, шомыр), қауашақ (көкнәр, қалампыр, лалагүл, жауқазын) жемістері жатады.
Ашылмайтын қүрғақ жемістер мыналар: жаңғақ (жаңғашқа, емен), дәнек (бидай, қара бидай, арпа т. б.), тұқым ша (күнбағыс).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет