13. Жасушалар суспензиясын алуға қажетті ортаға қойылатын талаптарды түсіндіріңіз Оқшауланған (изолированные) жасуша мен ұлпаларды стерильді жағдайда, жасанды қоректі орталарда өсіру (in vitro) - оқшауланған ұлпаларды өсіру әдісі деп аталады.
Барлық биосистеманың өсінділеріне бірыңғай талаптар қойылады.
Асептика. Жасуша мен ұлпаларды бөліп алу және өсіру арнайы боксте, бөлмелерде стерильді құрал - жабдықгарды қолдану арқылы өтуі қажет. Жасушалар және ұлпалармен in vitro жүргізілет жұмыстардың барлығы асептикалық ламинар - бокста немесе асептикалы бөлмелерде атқарылады. Асептикалық бөлмелері ультракүлгін шамдардың көмегімен залалсыздандырылып, онда стерильді киімдермен жұмыс жасайды. Жұмыс үстелдері және құралдар жұмыс жасар алдында қосымша спиртпен сүртіледі.
Фольгаға оралған таза ыдыстармен құралдарды, қағаздарды, мақтаныкептіру шкафтарында құрғақ ыстықтың әсерімен 160°Стемпературасында 1,5-2 сағат залалсыздандырады. Қоректі орталармен ерітінділер автоклавттың (120°С, 15-20 мин) көмегімензалалсыздандырылуы қажет. Егер автоклавтау кезінде қоректікорталардың құрамында жылдам ыдырайтын заттар болатын болса, оларды бактериалық сүзгі арқылы залалсыдандырады.
Қоректі орталар.Оқшауланған жасушалар мен ұлпаларды көпкомпонентті қоректі орталарда өсіреді. Олар құрамы бойынша бір-бірінен айырмашылығы бар болады, бірақ барлығының құрамындабиосистемаларға қажет макро-және микроэлементтер, көмір сулар, витаминдер болуы қажет. Сонымен қатар адам мен жануарлардыңоқшауланған жасушалары мен ұлпаларына сарысу, ал өсімдіктеркультураларына фитогормондар қажет.
Қоректі ортаның құрамында нитратар, калийдің аммониясы, фосфат иондары неғұрлым көп болса, соғұрлым жасушалар саны жылдамкөбейеді. Ортада қоректі заттардың тапшы болуы, жасушалардыңөсуін және екінші метаболизмді тежейді.
Физмкалық факторлар. Жасушалар мен ұлпалардың in vitro өсуіндефизикалық факторлардың (сәуле, температура, аэрация, ылғалдылық) әсері зор.
Сәуле. Көптеген каллусты жасушалар жарық аз түсетін немесеқараңғы жағдайларда өседі, себебі олардың фотосинтездік қабілетіболмайды. Оған қарамастан сәуле морфогенезді және екінші синтездішапшаңдатушы фактор ретінде қарастырылуы мүмкін. Сондықтансәуле көзі ретінде люминесцентті шамдарды қолданады.
Температура, Жануарлар жасушалаларының температуралықкөрсеткіштегі олардың алу көзіне байланысты.
Каллустық өсінділер үшін 26°С оптимальды температура болыпсаналады. Кейбір өсімдіктердің каллустары 32°С температурадажақсы өседі. Бірақ морфогенездің индукциясы төменгітемператураларда өтеді (18-20°С). In vitro-жағдайындатемператураның жасушалардың метаболизміне қалай әсер ететіндігіаз зерттелген
Аэрациялау. Суспензиялық өсінділерді өсіру кезінде аэрацияныңмаңызы зор. Әсіресе үлкен көлемді ферментерларда жасушалардыөсіру кезінде, оларды ауамен қамтамасыз ету өте қажет.
Жасушаларды кішкене көлемді ыдыстарда (колбада) өсірген кезде, оларды үнемі шайқау арқылы аэрациялайды.
Ылғалдылық. Өсінділер өсетін жерлерде ылғалдылық 60-70 болуыкерек. Сонымен қатар жасушалар мен ұлпаларды өсіру көптегенфакторларға тікелей бағынышты, олардың әсерлері толықанықталмаған. Сондықтан жасушалардың жаңа түрін өсіру ортасынаенгізген кезде, олардың өсуіне және физиологиялық қасиеттерінефизикалық факторлардың қалай әсер ететіндігін зерттеу қажет