7. Өсімдіктер жасушасының жануарлар жасушасынан айырмашылығын түсіндіріңіз
Жануарлар мен өсімдіктер жасушалары: көптеген айырмашылықтар
Жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының негізгі айырмашылықтары
Жануарлар жасушасы: Гольджи кешенінде везикулалар жинақталған.
Өсімдік жасушасы: Гольджи кешенді везикулалары оқшауланған көрінеді.
Жануарлар жасушасы: центриол бар.
Өсімдік жасушасында: центриол жоқ.
Жануарлар жасушасы: пероксисома бар.
Өсімдік жасушасы: пероксисома жоқ.
Жануарлар жасушасы: хлоропласттар жоқ.
Өсімдік жасушасы: хлоропласттар бар.
Жануарлар клеткасы: жасуша қабырғасы жоқ.
Өсімдік жасушасы: жасуша қабырғасы бар.
Жануарлар жасушасы: Онда плазмодесмоз жоқ.
Өсімдіктің жасушасы: плазмодезалары бар.
Жануарлар клеткасы: вакуолалар өсімдік жасушаларына қарағанда кішірек.
Өсімдік жасушасы: вакуолалар жануарлар жасушаларына қарағанда үлкен.
Жануарлар клеткасы: олар ішінде гликоген сақтайды.
Өсімдік жасушасы: ішіндегі крахмал.
8. Қоректік орта құрамына кіретін заттардың маңызын атап шығыңыз.
Қоректік ортаның құрамына минералды тұздар макро және микроэлементтер түріде кіреді. Көптеген қоректік орталар құрамына азотнитрат немесе аммони тұздары, фосфор- фосфат, күкірт сульфат түрлерінде, ал темір анорганикалық тұздар және хелат түрінде қосылады. Барлық қоректік орталар құрамында сонымен қатар К+,Са2+ және Ме2+ иондары болады, бірқатар микроэлементтер кіреді. Микроэлеметтер әсіресе сұйық
қоректік ортада ӛсетін суспензиялық клеткаларға аса қажет. Ұлпалар мен ӛсімдік жасушаларын өсіру орталарының компоненттерін (жинақтарын) 6 негізгі топқа бөлуге болады, бұл әдетте макроэлементтерді, микроэлементттерді, темір кӛзін, витаминдерді, кӛміртегі кӛздері мен фитогармондардың концентрлі енртінділерін дайындау ретіне байланысты болады.
Өсімдік экспланттарын культивирлеу үшін барлық қоректік орталарға минералды тұздар қоспалары негіз болып табылады.Бұл азот қоспасының нитрат, амони тұздары, нитрит түрінде,фосфор-сульфат түрінде; сондай-ақ ертілетін тұздар K+,Na+, Ca++, Mg ++ - болып келеді.Темір хелат түрінде [FeO4 немесе Fe2O4 +ЭДТА (этилендиаминтетрасірке қышқылы) қолданылады немесе ас тұзы NaЭДТА(трилон-Б)] өсетін ұлпалармен игеріліп кетуіне мүмкіндік береді.
Азот, фосфор, күкірт органикалық қосылыстардың яғни ақуыз, май, нуклейн қышқылдар құрамына жатады. Темір, цинк, марганец, молибден, кобальт порфириндер қасында тотығу-тотықсыздану ферментттері (каталаздар, периоксиездар, полифенолоксидаздар) фотосинтез макромолекулаларын құрайды.Осыған орай,барлық қосылыстар жасушалар мен ұлпаларда структуралы функциялы орындайды.Сонымен бірге K+, Na+, Ca++, Cl-, H+ иондары ортаның рН реттеуге және жасушалардың физиологиялық градиенттерін (тургорды,полярлықтың осмотикалық қысымын) ұстап тұру үшін қажет. Қатты қоректік орта дайындау үшін, гель түзетін зат ретінде агар-агар пайдаланылады. Агар-полисахарид, құрамында кӛптеген қоспалары азот, минералды элементтер, витаминдер бар, сондықтан ағын судың астыңда 4-6 сағат жуу қажет. Ӛсіруге алынатын ұлпалардың қажетіне қарай қоректік ортадан агар-агардың мӛлшері 0,8 ден 1,5 % -ке дейін болады. Ең алғаш өсімдіктердің ұлпаларын жасанды қоректік ортада ӛсіру агарланған қоректік ортада жақсы нәтиже берген. Бұндай табысқа 1930 жылдары француз Р.Готре және американдық ғалым Ф.Уайт ие болған. Қазіргі уақытта жер шарының кейбір лабароторияларында сәбіздің тамыр сабағынан 1938 жылы Р.Готре алған клеткалары штаммдары сақталған. Каллустың клеткаларын қанша ұзақ уақыт болса да өсіруге болады, тек оларды әрбір 3-4 аптадан кейін жаңа дайындалған қоректік ортаға кайта отырғызып отыру қажет. Осы тәріздес ұзақ, қайта алмастырылып отырылатын қоректік ортада клеткалар мен каллус ұлпалары өсіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |