ІІ-ші деңгейлі сұрақтар
Биотехнология өнідірісіндегі бөлмелердің ауасын тазарту қарай жүргізіледі, түсіндіріңіз.
2. Гидропоника технологиясының тиімділігін түсіндіріңіз.
Гидропоника (гр. һуdor — су, ponos — жұмыс) — 1) өсімдіктерді (көкөніс, мал азығындық шөптер, т.б.) топырақсыз физиологиялық ерітінділерде — малтатас, кұм немесе жабық ауа кеңістігінде — әлсін-әлсін қоректік ерітінділерді бүрку арқылы өсіру;
2) өсімдіктерді топырақсыз, жасанды ортада — қоректік заттардың судағы ерітіндісінде өсіру. Өсімдікті топырақсыз өсірудің бірнеше тәсілі бар. Бұлар ашық және жабық грунттарда гүл, қияр, бұрыш, қызанақ, жүзім, жидек және т.б. өсіруде қолданылады. Гидропоникада қолданылатын ерітінділердің құрамы өсімдіктердің биологиялық қасиетіне қарай әр түрлі болады, көп тарағаны — кноп және гельригель ерітінділері. Өсімдік тамыры ерітіндіде ауытқымай тұру үшін әр түрлі қиыршықтас, құм, қож және т.б. пайдаланылады. Өсімдікке қажетті ауа желдеткіш арқылы беріліп тұрады.
Гидропоника – өсімдіктерді топырақсыз, жасанды ортада – қоректік заттардың судағы ерітіндісінде өсіру әдісі. Онда өсімдік тамыры арнайы дайындалған субстратта (топырақ орнына қолданылатын заттар) орналасады. Гидропониканың бірнеше түрі бар: су дақылды Гидропоника – тамыр жүйесінің тіршілік ортасы – минералдық тұз]дардың судағы ерітіндісі; агрегатопоника – қатты агрегатты субстратта (қиыршықтас, керамзит, құм, вермикулит, перлит, шлак, полимер материалдар) дақыл өсіру; хемопоника – минералдық тыңайтқыштардың ерітіндісімен ылғалдандырылатын органик. субстратта дақыл өсіру, тамыр жүйесінің тіршілік ортасы – борпылдақ органик. материалдар (таза шым, сабан, ағаш үгіндісі және басқа да органик. материалдар); ионитопоника – екі түрлі шайыр қоспасы – катионит пен анионитте дақыл өсіру; аэропоника – тамыр жүйесінің тіршілік ортасы – ауа. Өндірістік жылыжайларда, көбінесе, агрегатопоника мен хемопоника қолданылады. Гидропониканың артықшылығы: бір қалыпты минералдық қоректендіру мүмкіндігі, автоматиканы кеңінен пайдалануға болады, бұл әдіспен өндірілетін көкөніс дақылдары топырақта өсірілетін дақылдарға қарағанда өнімді ертерек (қияр 3 – 4 күн, қызанақ 15 – 18 күн бұрын) береді, жалпы өнімділігі де жоғары болады. Кемшіліктері: қоректік ерітінді жасап, оны жылыжайдағы өсімдікке беретін механизмдер мен құрал-жабдықтар қымбатқа түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |