Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері Жансая і-ші деңгейлі сұрақтар


Клеткаларды өсіру үшін қолайлы жағдайларды атаңыз



бет15/33
Дата02.12.2022
өлшемі7,02 Mb.
#160954
түріРегламент
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері

19. Клеткаларды өсіру үшін қолайлы жағдайларды атаңыз
Температуранын жарыктын асеры туралы айтамыз 18 суракта айтылган мыжып жазбай ак кояын кыздар махма

20,Сауықтырылған өсімдік материалдарын жылыжайларда көбейтудің қажеттілігін Атаңыз
Вирустармен әдеттегі химиялық әдістермен күресуге болмайды, себебі олардың тіршілік әрекеті өздері ішіне енген қожа өсімдік жасушаларының метаболизмімен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта 600-ден астам фитопатогендік вирустар белгілі. Олар адамға қауіпсіз болса да, екпе өсімдіктерді зақымдап, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Мысалы, вирус ауруларының әрекетінен түсім шығыны картопта 25-88%, жүзімде-60% дейін, шиеде-35-96%, қара өрікте-5-95%, алмада-66% төмендейді де, ақырында бұл өсімдік сорттарының азғындауына әкеліп соғады. Мысалы, Францияда картоптың Бельде-Фонтанэ деген бағалы сорты вирусқа шалдығу себебінен мүлдем жоғалып кетті. Мұндай мысалдар басқа өсімдіктерде де кездеседі. Вирустар қоздыратын аурулармен күресудің негізгі жолы, ол аурудан таза, сауықтырылған көшет алу. Соңғы кезде вирусы жоқ картоп және басқа вегетативтік жолмен көбейетін өсімдіктерді алу үшін апикальдық меристеманы өсіру әдісімен бірге термоөндеуді, хемотерапияны және вирустарды сарапқа салуды табысты қолданылады.
Өсімдік егілетін жердің температурасы белгілі дәрежеде тұрақты болуы керек. Өсімдік тіршілігіне керекті жағдай, ашық егістікке қарағанда, жабық жерде бір қалыпты болса ол өсімдіктің дұрыс дамуын қамтамасыз етеді. Парник пен жылыжай ішіндегі жылу бір қалыпты болумен бірге топырақ ылғалдылығы 60-70 процент мөлшерінде сақталуы керек.Жылыжай ішінде микроклимат жасауда күннің радиация сәулелері маңызды орын алады. Әсіресе күннің жарық, жылу сәулелері өсімдік үшін аса пайдалы. Өсімдік жарық сәулелер арқылы ассимиляция жолымен көмір қышқылын қабылдайды, ал жылу арқылы өсімдіктің топырақ ішіндегі, сондай-ақ жер бетіндегі мүшелері жақсы дамиды. Көкөніс өсімдіктерінің жарықты талап етулеріие қарай, үш топқа бөлінетіндігін көрсеткен болатын. Олар көшеттің фазалық даму кезінде (8-10 сағат ішінде) 3-4 мың л. к. жарықты талап ететіндерді бірінші, 500-2000 л. к. жарықты (5-6 сағат ішінде) талап ететіндерді екіиші, ал жарықты мүлде керек етпейтіндерді үшінші топқа жатқызған. Күн немесе злектр жарықтарын көбірек та¬лап ететіндерге тұқымынан себілген қызанақ, қияр, гүлді капуста, сәбіз, үрме бұршақ, кабачки, патисон, қауын, қызылша, пияз, салат т. б. жатады. Алайда бұл осы аталған өсімдіктердің бәріне бірдей тән нәрсе емес. Мәселен, қызанақ жемістері пайда болған кезде ол жарықты бұрынғыдан 0,5 есе кем керек етсе, қияр бүрынғыдан 0,7 есе көбірек керек етеді. [2].
Желтоқсан, қаңтар айларының кезінде жылыжай ішіндегі жарықтың көп, не аз болуы жылыжайны жапқан әйнекке, пленкаға байланысты болады. Дегенмен жылыжай іші неғұрлым жарық болғаны жақсы.
Электр жарығымен көшет өсіру. Жылыжай ішіндегі көшеттер жер бетіне өніп шыққасын оған қосымша электр жарығын берсе оның жемісі мерзімінен 10-15 күн бұрын пайда болады. Жалпы жер бетіне өніп шыққаннан кейін қияр 20-25 күнде,қызанақ 36-48 күнде түйнектей бастайды. Бір тәулік ішінде өсімдікке электр жарығы 12-16 сағат беріп тұрылады.
Қолдан берілген жарық өсімдікке таңертең немесе кешке қарай жақсы әсер етеді. Қолдан жарық беруге доға тәрізді сынап (люминесцентті) айналы лампаларды пайдалануға болады.
Лампалар, рамалардың аралығына (бір шаршы мегр жерге 8-8 лампадан) өсімдіктен 8-10 сантиметр қашығырақ қойылады.
Доға тәрізді сынап айналы лампа (ДРЛ) ультракүлгін сәуле береді. Оның қуаты 250-1000 вт. Ескеретін бір жай - жарық өсімдіктің үстіне тегіс түсетіндей болуы керек. [5].
Б. С. Мошковтың анықтауы бойынша айналы лампаның бір шаршы метр жерге түсіретін жарық қуаты 4,8 квт. Мұндай жарық берілген жағдайда қияр 10-12 күн, қызанақ 20-25 күн бұрын жеміс береді. Агрофизикалық институттың (АФИ) зерттеулеріне қарағанда электр жарығын өсімдіктің өніп-өсу дәуірінде тек қияр мен помидорға ғана беріп қоймай, басқа да көкөніс өсімдіктеріне пайдалануға болатындығы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет