Байланысты: Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері
16. Вирустар қоздыратын аурулармен күрескенде неліктен апекстің меристемасын колданады, сипаттаңыз Апекстер агарланған қоректік ортада өсіп, дамиды. Ұзындығы 0,3-0,5 см өркендер пайда болған соң, оларды одан да жақсы өсу және тамырлану үшін жаңа қоректік ортаға көшіреді. 5-7 жапырағы шыққан соң, өсімдіктерді қалемшелеп, әрқайсысын құрамы бұрынғыдай қоректік ортаға пробиркаларға отырғызады. Бір қалемшені вирусқа тексеру үшін алып қалады. Вирусы жоқ өсімдіктер сауықтырылған линияның негізін салады. Вирустан тазартылған өсімдіктердің көбеюін жылдамдату үшін оларды жүйелі микроқалемшелейді. Қалемшелерден өсімдіктер меристемамен салыстырғанда едәуір тез дамиды, сонымен бірге тамырлары мықты және жапырақтары мол болады. пробиркаларда микроқалемщелеу арқасында 2-3 айдың ішінде 2-3 мың өсімдік алуға болады.
Одан кейін осы өте кішкене нәзік өсімдіктер (суперсуперэлита) ұзақ мерзім сақталу үшін тоңазытқышқа салынады немесе теплицада топыраққа отырғызылады. Жұмыстың осы кезеңі өте маңызды және оған бар ықыласты аудару қажет. Қолайлы жағдайларда бір сортты сауықтыру үшін 40 меристеманы бөліп алу жеткілікті, сонда in vitro жағдайында 7-8 айдың ішінде 30-40 мың түйнек алуға болады. сауықтырудың тиімділігі көбінесе сорттың ерекшеліктеріне, вируспен зақымдану деңгейіне, маусымның әсеріне байланысты. Теплица жағдайында өсіп көбейген өсімдіктер суперэлитаны құрайды, оларды бөлек ұстап, кейін арнайы көбейтеді. Сонда алынған элиталық өсімдіктерді өндірістік көшеттікте көбейтіп, шыққан түйнектерді (тұқым материалды) шаруашылықтарға сауықтырылған көшет материалын алуға жібереді. 5-6 жылдан кейін сорт қайта зақымданады, демек жаңа сауықтырылған көшет материалдары ылғи қажет болып тұрады.
Меристемалық өсімдіктерді тиімді пайдалану мақсатымен картопты микротүйнектермен көбейтудің жылдамдатқан әдісінің технологиясы дайындалған. Өсімдіктерді микроқалемшелеп, қалемшелерді түйнектерді пайда болғызатын ортаға отырғызады. Олардың шығуына дем беру үшін төмен температурамен (10-15°С) өндейді. Сонымен микротүйнектер көбінесе жапырақ қолтығында пайда болады. микротүйнектер жақсы сақталады және көбейтуге қолайлы.