4. Гидропоникадағы негізгі әдістердің ретін тізбектеңіз
5. Өсімдіктерді клондау арқылы көбейтудің кезеңдерін ретімен жазып шығыңыз
Клондық микрокӛбейту жұмысы 4 кезеңнен ӛтеді.
І-кезең. Эксплантты in vitro жағдайында ӛсіру. Бұл кезде толығымен залалсызданған эксплантты алып, лайықты қоректік ортаға отырғызып, оның жақсы ӛсуіне қолайлы жағдай туғызу керек. Бұл кезеңнің нәтижелілігі эксплантты дұрыс таңдап алуға байланысты. Ол үшін донор ӛсімдіктің әр
даму кезеңінде ұлпаларынан немесе мүшелерінен экспланттар алынып, олардың in vitro жағдайында ӛсу және морфогенездік қабілеттері зерттеледі.
II -кезең. Микрокӛбейту. Ӛркендердің пайда болуы және олардың санын кӛбейту.
III-кезең. Ӛркендерді тамырландыру және оларды сақтау. Жақсы тамыр жүйесі пайда болуына және дамуына жағдай туғызу. Ол үшін қоректік ортаға ризогендік факторы, яғни ауксин қосылады. Тамырлар ӛсіп жетілген соң ӛсімдіктерді топыраққа кӛшіруге дайындайды. Тӛмен температура ӛсімдіктердің дамуын тежеп, ұзақ уақыт сақтауға мүмкіншілік береді.
ІV-кезең. Ӛсімдіктерді топыраққа отырғызу. Ӛсімдіктерді топыраққа отырғызу алдында оларды арнайы дайындайды. Сол үшін ауаның ылғалдылығын және жарықтың қарқындылығын арттырады. Ӛсімдіктер гетеротрофтық қоректенуден антотрофтык қоректенуге ӛтеді. Бұл ұқыптылықты талап ететін ең маңызды кезең. Клондық микрокӛбейту нәтижесі ӛсімдіктің генотипіне, жасына, экспланттың тегіне, қоректік ортаға, ӛсіру жағдайларына байланысты.
Кинетин (0,5-1 мг/л) мӛлшері жоғары қоректік ортаға отырғызылған бүлдіргеннің апикальді меристемасы, бұл гормонның әсерінен апикальді меристемасынын ӛсуін басып қолтық бүршіктерінің ӛсуін индукциялайды. Нәтижесінде меристемалық күмбез және бір екі жапырақ бастамасынан тұратын меристемаларды қоректік ортаға отырғызғаннан соң шамамен екі апта ӛткеннен кейін жапырақ бастамасының негізгі тұғыры жасыл түске ене бастайды, кӛлемі ұлғаяды да қолтықтарынан жапырақ кӛріне бастайды. Біраз ӛскеннен кейін жаңа жапырақтар қолтықтарынан тағы да бүршік түзеді. Бір- екі айдан соң экспланттар әртүрлі жастағы және кӛлемдегі жапырақтары бар бүршіктерге айналады.
Пайда болған бүршіктер бір-бірінен оңай ажырайды. Жаңа қоректік ортаға отырғызылғаннан кейін олар да жаңа бүршік пайда болады. Бүршіктерде тамыр пайда болуы үшін ауксині бар жаңа қоректік ортаға отырғызу кере
Достарыңызбен бөлісу: |