Қосымша 5
«Қаңқа-бұлшықет жүйесі.
Балалық жас ерекшелігі»-силлабусына
«ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
Тәжірбиелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс
Тақырып: «Бұлшықеттердегі және басқа қозғыш тіндердің биоэлектрлік құбылыстар»
Модуль: «Бала ағзасы. Қозғалыс және қолдау»
Пән: «Қаңқа-бұлшықет жүйесі. Балалық жас ерекшелігі»
Блок: «Физиология» Білім беру бағдарламасы: 6B10108 «Педиатрия» Курс: 1 курс Құрастырушы: қауымдастырылған профессор Евневич А.М. Аударған: профессор ассистент Рыспаева Г.К.
Уақыт (ұзақтығы) 2 сағат
Қарағанды 2022 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
№ 1 хаттама 31.08.2022 ж.
Морфология және физиология кафедрасының
меңгерушісі, м.ғ.к. Наурызов Н.Н.
Тақырып: «Бұлшықеттердегі және басқа қозғыш тіндердің биоэлектрлік құбылыстар»
Мақсаты: Сабақ соңында студенттер мембрананың ионды канал жұмысының қасиеті мен қағидаларына, қаңқа бұлшықетінің тыныштық потенциалының ионды механизмдеріне, натрий-калий насосының рөліне сипаттама беру керек; тірі тіндерде биоэлетрлік құбылыстарды зерттеулері туралы біледі; қаңқа бұлшықетінің әрекет потенциалының иондық механизмі туралы, қозу процесі және қозу процесінде тіндердің қозғыштығының өзгерісі туралы қазіргі кездегі көзқарас туралы білімдерін көрсете алады; бұлшықеттердегі электрлік үрдістерді зерттеу әдістерімен танысады.
Теориялық білімдерін орындау жұмыстарының әдісі бойынша және сабақта алынған нәтижелерді қорытындылау кезінде пайдалану.
Тақырыптың негізгі сұрақтары
Тірі ұлпаларда биоэлектрлік құбылыстардың меңгеру тарихы.
Мембраналық потенциал, оның пайда болуы.Тіркеу әдістері.
Натрий-калий насосының әрекеті.
Жергілікті жауап, оның қасиеттері.
Қозудың таралуы.Әрекет потенциалы туралы түсінік.
Әрекет потенциалының фазалары. Иондық механизмдер.
Қаңқа бұлшықетіндегі ӘП.
Қозу кезінде тіннің қозғыштығының өзгеруі.
Электромиография.
Достарыңызбен бөлісу: |