Қосымша 5 «Қаңқа-бұлшықет жүйесі. Балалық жас ерекшелігі»-силлабусына


Жұмыс 3. Маттеучидің екіншілік тетанус тәжірибесі



бет3/6
Дата26.11.2023
өлшемі2,07 Mb.
#193521
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
20 ТС -2022 биоэл кубыл

Жұмыс 3. Маттеучидің екіншілік тетанус тәжірибесі.
Жұмыстың мақсаты: Маттеучидің екіншілік тетанус тәжірибесін қайталау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: бақа, препарат жасайтын кұралдар жиынтығы, сүлгілер, препарат жасайтын үстелше, лоток, электрстимулятор, шыны ілгек, тығынды тақтайша, 0,65% NaCL Рингер ерітіндісі.
Жұмыс барысы: Бақаның артқы аяқтарынан екі препарат дайындайды. Сонан соң шыны ілмекпен екі препараттың да шонданай жүйкесін тізе буынына дейін жалаңаштайды. Балтыр мен табанын қалдырып, сан сүйегі мен сан бұлшықетін кесіп алып тастайды. Бірінші препараттың жүйкесін омыртқаның кішкене бөлігімен қалдырады да, ал екіншісінің омыртқасын алып тастайды. Екі аяқты да тығынды тақтайша үстіне салады. Омыртқасы бар жүйке-бұлшықет препаратының жүйкесін стимулятормен жалғасқан электродқа шыны ілмек көмегімен салады.Осы препараттың бұлшықетінің үстіне екінші жүйке-бұлшық ет препаратының жүйкесі салынады.Бірінші жүйке-бұлшықет препаратының жүйкесін ырғақты күйде тітіркендіреді. Екі аяқтың да тетанусты жиырылуын байқайды.
Жұмыс нәтижесі және оны өңдеу: Тәжірибенің сызбасын салыңыздар.



Қорытынды: бақаның балтыр бұлшықетінің екіншілік жиырылу себебін түсіндіріңіздер.
Жұмыс 4.Адамда қаңқа бұлшық етінің әрекет потенциалын тіркеу әдістерімен және электромиограммалардың қисықтарын талдау принциптерімен танысу.
Жұмыс мақсаты:Адамдарда қаңқа бұлшық етінінің әрекет потенциалын тіркеу әдістерімен және электромиограммалардың талдау принциптерімен танысу
Жұмысқа қажетті: Электромиограф.
Жұмыс барысы: Электромиограмманың тіркеу әдісімен танысыңыз



Жұмыс нәтижесі және оны өңдеу: Электромиограммаға талдау жасаңыз.
Қорытынды: бұлшық етте пайда болған биотокты және бұлшық еттің белсенді жұмыс нәтижесіне байланысты ондағы импульстер саны мен амплитудасының өзгеру себебін түсіндіріңіздер.
Тапсырма 1. Тыныштық потенциалы, жергілікті қозу және әрекет потенциалы қисығын менгеру.
Жұмыстың мақсаты: әр түрлі потенциалдардың ерекшеліктерімен танысу.
Жұмысқа қажетті кұрал-жабдықтар: физиология бойынша атластағы кесте.
Жұмыс барысы: кесте сызу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет