Қосымша 5 «Қаңқа-бұлшықет жүйесі. Балалық жас ерекшелігі»-силлабусына


Білім беру және оқытудың әдістері



бет2/6
Дата26.11.2023
өлшемі2,07 Mb.
#193521
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
20 ТС -2022 биоэл кубыл

Білім беру және оқытудың әдістері: ауызшы сұрау, жұмыстарды және тапсырмаларды орындау/талқылау пікірталас, жағдайлық есептер.
Жұмыс 1. Гальванидің бірінші тәжірибесі.
Жұмыстың мақсаты: Гальванидің бірінші тәжірибесін қайталау.
Жұмысқа қажетті кұрал-жабдықтар: бақа, препарат жасайтын құралдар жиынтығы, лоток, препарат дайындауға арналған үстел, 0,65 % Рингер ерітіндісі, пипетка, дәкелі сүлгілер, екі пластиналы (бір жағы мыс екінші жағы темірден тұратын) штатив.
Жұмыс барысы: Бақаның екі артқы аяғынан тұратын, терісі сыпырылған препаратты дайындайды, сонан сон оны штативке іледі. Екі пластиналы штатив алынады, оның бір жағы мыстан, ал екінші жағы темірден жасалған.Штативтің мыстан тұратын жағын жүйке өрімдерінің астынан өткізеді де, ал екіншісін жүйке үстіне салады. Пинцетгің темір жағы да жүйкемен жанасқан сәтте бақаның балтыр бұлшық еттерінің жиырылғанын байқайды.



Жұмыс нәтижесі және оны өңдеу: Тәжірибенің схемасын сызыңыздар.
Қорытынды: Бақаның бұлшықет препаратының жиырылу себебін түсіндіріңіз
Жұмыс 2. Бақаның қаңқа бұлшықетін зақымдалу потенциалын тіркеу.
Жұмыстың мақсаты: бақаның қаңқа бұлшықетін зақымдалу потенциалын тіркеуді меңгеру.
Жұмысқа қажетті кұрал-жабдықтар: бақа, препарат жасайтын құралдар жиынтығы, лоток, пипетка, шыны ілмек, дәкелі сүлгілер, 0,65% NaCL Рингер ерітіндісі, гальванометр.
Жұмыс барысы: Бақаның аяғынан балтыр бұлшықетінің препаратын даярлайды. Гальванометрдің бір электродын зақымдалған аймаққа, ал екіншісін зақымдалмаған аймаққа жанастырады. Зақымдалған тоқ көлемін көрсететін Гальванометрдің тілшесінің өзгеруін бақылаймыз.
Жұмыс нәтижесі және оны өңдеу: Тәжірибенің схемасын сызыңыздар, бұлшықет жиырылуының себебін түсіндіріп, қорытынды жасаңыздар.





Қорытынды: Бақаның балтыр бұлшықетін зақымдау тогының көлемін көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет