Қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет64/105
Дата09.06.2020
өлшемі0,96 Mb.
#63310
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   105
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Психологиялық-педагогикалық кеңес беру қалай жүргізіледі?

  2. Эмоциональды-еріктік жеке педагогикалық көмек деген не?

  3. Ақпараттық жеке педагогикалық көмек беру қалай жүреді?

  4. Интеллектуалдық жеке педагогикалық көмек деген не?

28 дәріс тақырыбы: Дамытушылық ситуацияларды ұйымдастыру

Дәріс мазмұны:

  1. Рольдік ойындар

  2. Аутотренингтер

  3. Жеке көмек беруде ситуацияларды ұйымдастыру әдісіне қойылатын талаптар

Мақсаты: Дамытушылық ситуацияларды талдап, оларды практика жүзінде ұйымдастыру.

Педагог-кеңесшінің жұмысының негізгі әдісі интервью болып табылады. Онда сұрақтардың әр типтері қойылады: ашық, жабық, дәлелдейтін және т.б. Интервью процесі кезінде экспресс – диагностика, ойын тәсілдерін қолдануға болады.

Кеңес беру процесіндегі қарым-қатынас ережесі педагогтың тәрбиеленушіге ыңғайлы сұрақтар қоюын, балаға түсінікті тілде әңгімелесуін талап етеді.

Психо-педагогикалық әдебиеттерде интервьюдің бес түрлі қадамы сипатталады (Г.С.Абрамова):



Бірінші қадам - өзара түсіністікке жету. Педагог әңгімелесу тақырыбын анықтай отырып, ситуация құрады. Ол өзінің мүмкіндіктері туралы ақпарат береді. Осы кезде тәрбиеленушіге педагог осы проблемалық ситуацияны ол үшін мүмкіндігін және дайындығын тудырмау қажет.

Байланыс орнату әдістемесі тәрбиеленушінің жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Осы этап кезінде педагогпен әңгімелесу нәтижесінде өтіп жатқандарды түсіне білуі қажет. Баланың қорытынды сөзі – «Мен оған сенемін!». Педагог үшін қорытынды – «Мен оны сеземін, түсінемін. Мен бұл балаға көмектесуге әзірмін».



Екінші қадам – проблемалық ситуацияның мақсатын анықтау. Ол ситуация туралы ақпарат жинаудан басталады. Педагог пайда болатын қиындықты бала көзімен елестету керек.

Алған ақпарат негізінде педагог ситуацияны шешуге баланың позитивті мүмкіндіктерін анықтайды. Интервью нәтижесінде ол тәрбиеленушінің қиындықтарының ерекшеліктерін және мүмкін себептері туралы өзі үшін болжамдар жасайды. Пайда болған болжамдарды сыртқа шығаруға болмайды.

Сұрақтарға жауап бере отырып тәрбиеленуші өзінің және басқаның тәртібін, ситуацияны сезініп талдайды. Бұл қадамда баланың қызығушылықтары мен позициясы анықталады.

Үшінші қадам – қорытынды анықтау. Педагог тәрбиеленушіге өз тілектерін сезінуге, өзінің идеясын, яғни қандай болғысы келетінін анықтауға көмектеседі. Осының негізінде тәрбиеленуші жеке мақсаттарын анықтайды.

Төртінші қадам – альтернативті шешім жасау. Бұл қадамда ситуацияның қиындықтарын шешуде қолданылатын баланың жеке ресурстары және орта ресурстары анықталады. Қадам ұзақ өтеді, себебі диагностика және өзін тану процесін ұйымдастыру кіреді.

Педагог тек бірмәнді кеңестер және нұсқаулар бермеу керек, әрекет тәсілі педагог үшін эффективті болғанымен, тәрбиеленуші үшін эффективті болмауы мүмкін.



Бесінші қадам - әрекетте өту. Бұл қадамда ең маңыздысы интервью кезінде тәрбиеленушіде болатын өзгерістердегі акцент болып табылады. Жұмысқа басқа адамның, маманның, ақпарат көздерінің және т.б. қажеттілігі анықталуы мүмкін.

Бірінші кездесуде тәрбиеленуші педагогпен қатар орын алуы мүмкін. Ол педагогтың қорғауынсыз өзіне сенімді болғанда сабақтарда активті қатысушы ролін атқарады. Келесі қадам арнайы ұйымдастырылмаған сабақтарда басқалармен әңгімелесуге үйренуден тұрады. Сонда ғана тәрбиеленуші әңгімелесу ситуациясын ұйымдастырушысы болады, ал педагог ол үшін интеллектуалдық, эмоциональдық, ақпараттық көмектердің көзі болып қалады.

Дамытатын ситуацияны ұйымдастыру кезінде педагог әртүрлі педагогикалық құралдарды құрастырып және қолдана алады, эффективті педагогикалық құралдарға ситуациялық – рольдік ойындар жатады. Олар өзін басқару дағдысын дамытатын аутотренингтер және баланың ойлау қабілетін дамыту құралдары ретінде шығармашылық дамыту тәсілдері болуы мүмкін.

Рольдік ойындарда тәрбиеленуші басқа ойыншылармен араласа отырып, өзін танып, жеке проблемасын сезіне отырып әрекет етеді. Ситуациялық – рольдік ойындарды өткізу әдістемесі Б.В.Куприянованың, М.И.Рожкованың, И.И.Фришманның «Жасөспірімдермен ойындарды өткізу әдістемесі және ұйымдастыру: Балалар үшін үлкен ойындар» (Москва, 2000) кітабында анық суреттеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет