Ал ашық райдағы шақ, күрделі етістіктік, аналитикалық форма тудыратын қызметтегі көсемше кейіпті деп аталады. Кейіпті көсемше пысықтауыштық жанама іс-әрекетті сипаттаумен ғана шектелмей, шақ (істе-п-ті, істе-й-ді), аналитикалық форма (оқы-п шықты), күрделі етістік (кел-іп кетті) категорияларын тудыруға да ықпал етеді. Осы мағыналық ерекшеліктеріне сәйкес кейіпті көсемше:
шақтық кейіпті көсемше;
түрлік кейіпті көсемше;
күрделі амалдық кейіпті көсемше болып үш салаға бөлінеді.
1.Тұйық етістік- шақпен, жақпен байланысы болмай, қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі.
2.Тұйық етістік –у жұрнағы арқылы жасалады:
Негізгі етістік қара-у
Туынды етістік -у ойна-у
Болымсыз етістік алма-у
Етіс оқыт-у
Заттық мағына Қимылдық мағына
Көсеуді әперші.
Сабаумен жүн сабайды.
Жасау-қызға жиналған дүние-мүлік.
Оюдың түр-түрімен таныстық.
Отты көсеу керек.
Малды сабауға болмайды.
Нағыз домбыраны шебер жасау керек.
Ұлттық нақышты ескере ою қажет.
Тұйық етістік әрі заттық, әрі қимылдық мағынада қолданылады.