Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
8 - тақырып
ЕТІСТІК, ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ. ЕТІСТІКТІҢ ЕРЕКШЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
Жоспар:
- Етістіктің қазақ тіл білімінде зерттелу жайы, лексика-семантикалық сипаты
- Етістік түбірлер: негізгі және туынды түбір етістіктер. Дара және күрделі етістіктер
- Негізгі және көмекші етістіктер, көмекші етістіктердің түрлері
- Есімше, көсемше, тұйық етістік
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы (фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис). - Астана: Астана полиграфия, 2002. - 783 б.
2. Қасабек Қ., Мұхамади Қ. Қазіргі қазақ тілі /морфология/. Алматы, 2004.
3. Маманов И.Е. Қазіргі қазақ тілі (Етістік). Мектеп: -Алматы, 1996
4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1991. -384 б.
5. Момынова Б. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Есімдер. Алматы, 2014
6. Оразбаева Ф., Сағидолда Г., ...Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 2005. – 535 б.
7. Сыздықова Г. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. Алматы, 2012
8. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы: Қайнар, 2007. – 390 б.
Заттың іс-қимылын, әрекетін, күйін, белгінің, көңіл-күйдің, қарым-қатынастың қимыл түрінде өзгеруін білдіретін сөз табы етістік деп аталады.
Сөздерді таптастырудың лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік қағидаттарының белгілері етістіктің өн бойынан табылатындықтан, етістіктің жеке сөз табы ретінде танылуы еш күман туғызбайды.
Етістікті сөз табы ретінде зерттеген А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, Ы.Маманов, А.Әбілқаев, А.Ысқақов, С.Исаев, Н.Оралбай, А.Қалыбаева және т.б.ғалымдардың еңбектері кейінгі іргелі зерттеулерге негіз болды.
Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты
Етістік қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін сөз табы ретінде анықталғанымен, ғалым С.Исаев қимылдың аты етістіктің кейбір тұлғалары арқылы берілетінін, ал етістік қимылдың атын емес, нақ өзін білдіретіндігін атап көрсетеді.
Н.Оралбай қимыл ұғымын етістіктің жалпы мағынасымен байланыстырады.
Етістіктің зерттелуінде кеңінен қарастыруды қажет ететін мәселенің бірі - етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрықтық мағынаның аражігін анықтау.
“Түбір етістік бұйрық райдың екінші жағында тұрады” деген пікір дұрыс емес: айт, тыңдат, сөйлеттір
Етістіктің ерекшеліктері:
Тікелей жіктелмейді. Тек қана
қалып етіс-
тіктері тікелей жіктеліп қолданылады.
Жақпен байланысты болады. Шақпен қатысты келеді.
Етістік сөйлемде негізгі мәнде де, көмекші мәнде де қолданылады.
Етістіктің сөйлемде қолданылу ерекшелік-тері:
Түбір тұлғасында қолданылмайды.
Тек жіктеліп барып немесе кейде тұйық етістік, есімше, көсемше түрлерінде ғана қолданылады.
Қалып етістіктерінен басқасы түбір күйінде жіктелмейді.
Етіс, сыпат тұлғасы (-ыңқыра), болымсыз етістік тікелей жіктелмейді.
Етістік формаларының түбірге жалғану тәртібі бар: етіс тұлғалары, күшейтпелі етістік, болымсыз етістік формасы, одан соң рай, шақ, есімше, көсемше, содан соң жіктеледі.
Рай, шақ, есімше, көсемше тұлғалары бірінен соң бірі жалғанбайды.
Етістіктің лексика-семантикалық топтары
Субъект қозғалысын, беталыс, бағытын білдіретін етістіктер: кел, кет, түс,шық
Бейнелеу етістіктері: едірей, жыми, ырсылда, қызараңда
Объектімен тікелей байланысты іс-әрекетті білдіретін етістіктер: іш,же,көр
Ішкі объектілі салт етістіктер: құлында, гүлде
Субъектінің қалпы, сапалық өзгеру процесімен байланысты айтылатын етістіктер: оян, азай, көбей
А.Ысқақов бойынша:
Амал-әрекет етістіктері: босат, көтер
Қалып-сапа етістіктері: жат,жантай, тұр
Ойлау-сөйлеу етістіктері: айт,сөйле
Қимыл-қозғалыс етістіктері: ауна,домала
Өну-өсу етістіктері:балала, жапырақта
Көңіл-күй етістіктері:жыла, қайғыр
Бейнелеу етістіктері:жарқыра, күркіре
Бағыт-бағдар етістіктері: бар,кел
Негізгі және көмекші етістіктер
Жеке тұрғанда лексикалық мағынасы бар немесе күрделі етістіктің негізгі мәнін білдіріп тұратын сыңары
Күрделі етістіктің негізгі мәнін емес, грамматикалық мәндерін білдіретін сыңары
мәнді, мәнсіз (Ы.Маманов)
толымды, толымсыз (А.Ысқақов)
өз алдына лексикалық толық мағына білдіретін, дербес сөйлем мүшесі қызметін атқара алатын түбір етістіктер тұлғасындағы атауыш сөздер.
өздері тіркескен сөздерге ешқандай да лексикалық мағына я реңк үстемейді, тек грамматикалық мағына ғана жамайды.
Толымды көмекші етістіктер:
Толымсыз көмекші етістіктер:
е (еді, екен, емес); де (деп,десе,деген,
дейді); жазда
ал, бар, бер, баста, бақ, бол, біт, жатыр, жүр, жөнел, жібер, кел, қал, таста, тұр, шық, қыл, ет
Достарыңызбен бөлісу: |