Зерттеу жұмысының міндеттері: Профильдік колледждердегі сәндік қолданбалы өнер сабақтарында жаңа инновациялық технологиялар қолдану жолдарын анықтау.
Сәндік қол өнер пәнінде білімгерлерге қолөнер инновациялық технологиялары мен педагогикалық ннновациялар үйлесімі арқылы білім беруді жетілдірудің теориялық негіздерін анықтау;
Сәндік қолданбалы өнері пәнінде үйлесімді инновациялық технологиялар арқылы студенттерге білім беруді жетілдірудің педагогикалық шарттарын анықтау;
Сәндік қолданбалы өнері пәнінде білімгерлерге көркем білім беруді жетілдірудің құрылымдық- мазмұндық моделін жасау;
Қол өнері пәнінде студенттерге жаңа технологиямен білім беруді жетілдіру жолдарын қамтамасыз етуге бағытталған әдістеме даярлап, оның тиімділігін тәжірибелік педагогикалық эксперимент арқылы тексеруден өткізу.