АТАУЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР Қазақстан Республикасы
ҚазҰПУ Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
ҚазҰӨА Қазақ Ұлттық Өнер академиясы
БӨжС Бейнелеу өнері және сызу
ТМД Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
АКТ Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
АРТА Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі;
ББ Білім беру бағдарламасы;
ҚР БҒМ Қазақстан Республикасының Білім және ғылымминистрлігі;
МЖМБС Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары;
ТжКБ Техникалық және кәсіптік білім беру.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап өркениетті жаңа білім берудің заманауи парадигмасында оқытып тәрбиелеу мәселелеріне баса назар аударыла бастады. Қазіргі таңда Қазақстандағы білім беру жүйесінде көптеген жұмыстар атқарылуда. Кәсіптік көркем сәндік қолданбалы өнерінен білім беру бойынша оқу-тәрбие жұмыстары барынша жаңа жаһандық үрдісте жүргізілуде.
Қазіргі дүние жүзі мемлекеттерінің экономикалық жетістігі білім беру жүйелерінде азаматтардың алған білімі ең тиімді факторға айналатындығымен айқындалуда. Өндірістің негізгі дәстүрлі факторлары (жер, шикізат, қаржылық және өндірістік капитал) шектеулі екендігі, тек адами капитал шексіз болатындығы айтылуда. Постиндустриалды экономика-бұл адами капиталды қалыптастыру экономикасы. Сондықтан білім беру саласы басым жүйелілік танытып мемлекетке пайда әкелетін басты өндіріске айналып отыр.
Экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени жоғары деңгейде дамыған мемлекеттер білім беру саласында бәсекелестілікке төтеп бере алатын, ұлттық рухты көтеретін педагогикалық тәрбие жүйесін құра алады. Білім қоғамның басты және алдынғы саласы болып қала бермек. Елдің, мемлекеттің сапасы білім деңгейімен өлшенетіндігі белгілі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым және тәрбие жетістіктері мен қатар ұлттық рух пен жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып дамыту екендігі айтылған. “Білім беру туралы” Заңның сегізінші бабында жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру, жеке қасиеттерді дамытуға жағдай жасау жолымен ой-өрісті байыту, сондай-ақ әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне жету секілді басты тапсырмалары қарастырылады.[1] 1Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 319-ІІІ ҚРЗ Қазіргі қазақстандық педагогикалық үрдіс демократиялану мен адамгершіліктену,гуманизациялану бағытында. Жаңа педагогикалық бағыт білім алушыға қоғамдық қатынастағы субьект ретінде қарауды талап етеді, сонымен қатар оның өзін ұлт мүшесі, қоғам мүшесі ретінде сезініп, жалпы-адамзаттық жоғары адамгершілік пен ұлттық құндылықтарды меңгеруін талап етеді. Ал адамгершілік пен ұлттық құндылықтарды меңгеру рухани таным арқылы жүзеге асады. Білімгерлер туған елінің тарихи ерекшелігі мен мәдениетін рухани таным мен көркем білім арқылы игереді. Біздің тақырыбымыздың өзектілігі Қазақстан Республикасы халықтарының әлемдік экономикалық, рухани және мәдени өмірінің барлық салаларында, соның ішінде көркем өнер мен білім жүйесінде болып жатқан өзгерістерге қатысты қарастырылып анықталады.
Профильдік колледждердің өнер пәні бағдарламаларында сәндік қолданбалы өнері негізінде, білімгерлерге көркем білім мен тәрбие беру мәселелері қарастырылып сол арқылы олардың шығармашылық, кәсіптік еңбек қабілеттерін дамыту маңызы пайымдалған. Профильдік колледждердегі сәндік қолданбалы өнері сабағы жалпы еңбекке және сондай-ақ көркем еңбекке баулитын арнайы теориялық және практикалық білім мен дағдыларды қарастырады. Бағдарлама сәндік-қолданбалы өнерін еңбектің политехникалық , экономикалық және экологиялық аспектілеріне сай қарастырып өзіндік білім алуға, шығармашылық пен еңбек етуге тәрбиелеп білім беруге бағытталған. Сәндік қолданбалы өнері сабағы колледж білімгерлерін көркем еңбек арқылы эстетикалық, этикалық тұрғыда тәрбиелеп оларды қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеуді қамтамасыз етеді. Сәндік қолданбалы өнері түрлері білімгерлердің көркем еңбекке деген қызығушылығын арттырады.
Осы уақытқа дейін сәндік қолданбалы қолөнерін жаңа техникалық технологиялық әдістермен оқыту арқылы білімгерлердің көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларды көркем еңбекке баулу мәселелері әлі де дұрыс жолға қойылмаған. Сондықтан біз өз жұмысымызда сәндік қолданбалы өнері түрлерінде білімгерлерге практикалық жұмыс орындата отырып, оларды көркем еңбек шығармашылығына үйрету мен тәрбиелеуде түрлі материалдарды көркем өңдеудегі практикалық іс-әрекет түрлерін инновациялық технологияларды жүйелі қолдану негізінде оқыту мүмкіндіктерін қарастырамыз. Мұнда біз сәндік қолданбалы өнерінің элементтері негізіндегі көркемдік қолөнердің жұмыс технологияларын жаңа педагогикалық технологиялар арқылы игерту тәсілдерін талдап ұсынамыз.
Сабақтардағы жұмыс тақырыбы мен көлемі колледж білімгерлерінің ой-өрісіне, жас ерекшеліктеріне лайық болуы қол өнері техникалары мен оны оқыту технологияларына тікелей байланысты. Осы меселелерді ескеріп инновациялық технологияларды ұштастыра қолдану білімгерлердің сәндік қолданбалы қол өнеріне деген ерекше қызығушылықтары мен шығармашылық белсенділіктерін арттырады. Сондай-ақ, қолөнері түрінде жұмыс істеу процесінің, қызмет ерекшелігі мен жаңа техникалық құрал тәсілдердің өзі білімгерлер қызығушылығын тудыратындығы оқыту тәжірибесінен белгілі. Қолөнерінің түрлері өзінің айырықша орындалу тәсілімен, пішіндік, түстік үйлесімділік көркемділігімен және материалдық ерекшеліктерімен білімгерлер көңіліне аса қонымды, қызықты, сезім-танымдық шығармашылық қызмет түрі.
Қолөнерінің түрлі техникасында жұмыс орындау барысында колледж білімгерлері өмір көріністерін, олардың ерекшеліктерін бақылап өздерінің орындау шеберліктерімен қатар эстетикалық сезімдерін, талғамдарын қанағаттандырады. Қол еңбегі, сәндік өнер көркемдік мәселелерін жаңаша бағыт, тәсілдермен игеру олардың шығармашылық ынтасын арттырып, көркемдік талғамын қалыптастырады.
Тарихшылар, этнографтар, т.б. сала ғалымдарының Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев, К.Ақышев Т.К.Басенов, М.С.Мұқанов В.Чепелев, А.И.Терекожин, Ә.Тәжімұратов, С.Касиманов, Х.Арғынбаев, Ө.Жәнібеков, М.Кани, А.Нұсқабайұлы т. б.еңбектерінде қазақ ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің тарихи дамуы, мәні, жасалу технологиясы, қолөнер бұйымдарының мән мағнасымен қолданысы туралы жан-жақты мәліметтер береді.
Еліміздің жас буындарын оқыту мен жеке тұлға қалыптастырып дамыту мәселелерінің сәндік қолөнеріне баулу сабақтарында оқыту және тәрбиелеу көкейкестілігі ең алдымен көркем педагогика ғылымының деңгейімен, көркем еңбек және білім проблемаларымен анықталады.
Колледж білімгерлерінің қоршаған ортаны, өнер шығармаларын эстетикалық қабылдауы, қол өнері түрлерінде практикалық жұмыстар орындауы, олардың көркем талғамдары мен шығармашылық ой жүйесін дамыту барлығы осы оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінде жетіледі. Қазақстанда оқу-тәрбие процесін, білім мен ғылымды ұлттық этнопедагогикалық бағытта жандандыру мәселесін зерттеген педагог ғалымдар: К.Жарықбаев тәлім - тәрбие туралы; С.Калиев салт-дәстүрлер туралы; Х.Арғынбаев Қазақ халқының қол өнерінің ерекшеліктері туралы; С.А.Ұзақбаева педагогиканың эстетикалық құралы ретінде қарастырады.
Қазақ ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің оқу-тәрбие мәселелерін бейнелеу өнерін мектепте оқыту бағытында: Ә.Қамақов, Ж.Балкенов, Б.Альмұхамбетов, Е.Асылханов, О. Сатканұлы, Қ.Әмірғазин, Қ.Ералин, М.Джанаев, С.Жолдасбекова, Б.Ижанов, Қ.Қ. Болатбаев, Қ.О. Жеделов, Ұ.Әбдіқапбарова, Ш.Ә. Ақбаева, Е.Т. Кисимисов т.б. педагог ғалымдар зерттеген. Көріп отырғанымыздай аталған ғалымдар зеттеулерінде негізінен сәндік қолөнерін жалпы орта мектептерде оқыту, эстетикалық тәрбие мәселелері түрлі деңгейде талданып көрсетіледі. Бұл зерттеулерде кәсіптік колледждарда сәндік қолданбалы қолөнерін оқыту және оны оқытудың инновациялық технологиялары қарастырылмағаны анықталды. Сондай ақ қазіргі таңда сәндік қолданбалы қол өнерінің түрлі жаңа техникалары мен технологиялары үдемелі түрде пайда болуда. Бұл жаңалыққа бет бұру мәселесі де тақырыбымыздың өзектілігін анықтайды.
Сәндік қолөнері сабағында колледж оқытушысы білімгерлердің өнердің идеялық, көркемдік құндылықтарын түсінуіне, оған қызығуына және бұл үшін олардың қажетті білім мен іскерлікті, көркемдік талғамды тереңдетуіне мүкіндік ашып отырады.
Сәндік қолданбалы қолөнері арқылы көркем тәрбиеге тәрбиелеу жолдарын көрсетіп, оның негізін қалауда әрбір кезеңдерде педагог ғалымдар ғылыми еңбектерін арнап оны оқыту жолдарын көрсетті.
Жас жеткіншектерді оқыту мен жеке тұлға қалыптастырып дамыту мәселелерінің қолөнері, көркем еңбекке баулу сабақтарында оқыту және тәрбиелеу көкейкестілігі ең алдымен ғылымның жаңа өріс деңгейімен көркем еңбек және білім проблемаларымен анықталады.
Қазіргі кезеңде қоғамдық кәсіптік қызметтің барлық саласында шығармашылық қабілет қоғамның әлеуметтік-экономикалық процесінің негізі болып табылады.
Сәндік қолданбалы қолөнері, яғни көркем еңбек сабағы колледж білімгерлерінің эмоциялық сезімдерін қозғап, қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттырьш, оқуға ынталандырып, жаңа білім бере отырып олардың шығармашылық қабілеттерін дамытатындай етіп құрылуы тиіс.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін, кәсіптік колледждердегі сәндік қолөнерін оқыту және тәрбиелеу әдістемелерін, білім мазмұны мен бүгінгі өмір талаптарына сай қолдану қажет.
Сәндік қолданбалы қолөнерінен түрлі тақырыптар мен жаңа формада жұмыс орындау, бейнелеу, модельдеу әдіс-тәсілдерін, орындау жолдары мен техникаларын меңгерту, жаңа инновациялық педагогикалық, өнер танымдық тәсілдер негізінде іске асырылады.
Ғылыми әдебиеттерде ұлттық мәдениет пен сәндік-қолданбалы қолөнерінің табиғаты мен даму мысалдарын (Х.Арғынбаев, Қ.Ақышев, Ә.Марғұлан, Т.Басенов) және өнердегі әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер тәлім-тәрбиеде қолдану мен игеру мәселелері (Б.Адамбаев, Х.Досмаханбетов, С.Қасиманов, С.Қалиев, т.б.) сәндік қолданбалы қолөнері арқылы көркем білім тәрбие жүйесін заманауи жаңа бағытта ұйымдастыруға негіз болады.
Қазіргі кезеңде қолөнері жұмыстарын орындауда, түрлі бұйымдарды жасауда олардың функционалдық, утилитарлық, көркемдік жақтарын біртұтас үйлесімді есепке алу, кәсіптік-технологиялық және дизайн өнері салаларындағы басты техникалық міндеттердің бірі болып саналады.
Сәндік қолданбалы қолөнерінің жаңа функциялық мазмұны айқындалып, мұнда утилитарлықпен, бұйымдардың заттық формалары мен көркемдік мазмұнынан алшақтау тенденциялары мен қолданылу өзгешеліктері пайда болуда. Мұнда соны, көркем шығармашылық мазмұн басымдыққа ие болып келеді. Заттар мен бұйымдарды жасауда көркемдік, әсемдік, әсерлілік мазмұн негізгі шығармашылық мақсат болып табылады. Бұл құбылыстар әсіресе еңбектің көркемдік саласында, яғни сәндік қолөнері мысалы, зергерлік өнерде, текстильде, керамикада, шыныда, металда, теріде тағы да басқа материалдарда түрлі шығармашылық бағыттарда орын алады.
Қолөнеріне баулу, қолөнері сабақтары алынған білімді жүйелеп синтездей отырып адамның кәсіби қызметтерінде, қоғамдық еңбекте, күнделікті іс-әрекеттерінде көрініс тауып өмірде қолданылатын интегративті білім саласы.
Профильдік колледждерде қолөнерін оқытуда түрлі машықтану элементтері, ағаш, металл және тағы басқа конструкциялық материалдардың өңдеу жолдарын, техникалық технологиялық тәсілдерін үйретеміз. Сондай-ақ қолөнері сабақтарында модельдеу мен түрлі бағытта шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға көңіл бөлінген.
Қазіргі кезеңде қолөнері түрлерін қамтитын, адамның шығармашылық дамуын көздейтін пән бағдарламалары жалпы көркем өнер мен білімге қатысты және арнайы білім мен дағдыларды жинақтауды, интеллектуалдық, физикалық, этикалық, эстетикалық дамуды, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес бейімделіп білім алуды көздейді.
Сондықтан сәндік қолданбалы қолөнеріне оқыту, қазіргі кезең жағдайына сай оқыту жүйесінде өзгеше жаңа инновациялық әдістемелерді талап етеді. Қолөнерін оқытудағы негізгі міндеттердің бірі ұлтымыздың, халқымыздың мәдениетін игеріп, жаңартып дамыту, жаңа өмірге сай бейімдеу және білімгерлер шығармашылығын дамыту. Мұның барлығы сәндік қолданбалы қолөнерін оқытуда осы өнердің жаңа техникалары мен технологияларын, жаңа оқыту әдістемелерін қажет етеді. Сондықтан кәсіптік колледждердің оқыту бағдарламаларында қолөнеріне оқыту мәселелері мен сабақ түрлеріне қарай оқыту талаптары мен міндеттері де өзіндік жаңа технологиялық принциптерге негізделіп қарастырылуы тиіс. Бағдарлама мазмұны мен өнерді оқыту талаптары да, міндеттері де сабақ барысында игерілуі тиіс техникалар мен технологияларды қажет етеді.
Колледж білімгерлерін қолөнеріне баулу сабақтарында көркем тәрбиелеу, көркем образдық шығармашылыққа баулу ең негізгі мәселелердің бірі. Оны шешудің басты бір тармағы –көркем білім мен сәндік қолөнері сабағында жаңа техникалар мен технологияларды қолдана отырып оқыту. Жас буындарды оқыту мен жеке тұлға қалыптастырып дамыту мәселелерінің сәндік қол өнері сабақтарында оқыту және тәрбиелеу көкейкестілігі ең алдымен ғылымның деңгейімен және осы деңгейге сай өнер және оқыту техникасы мен технологияларының көркем білім проблемаларымен анықталады.
Қазіргі кезеңде қоғамдық кәсіптік қызметтің барлық саласында шығармашылық қабілет қоғамның әлеуметтік-экономикалық поцесінің негізі болып табылады. Қол өнері сабағы кәсіптік білім орындарында жаңа техникалық жетістіктерге сай жаңа білім бере отырып олардың шығармашылық қабілеттерін дамытатындай етіп құрылуы тиіс.
Жаңа инновациялық оқыту технологиялары және белсенді көркем шығармашылық қызмет білімгерлердің танымын дамытып, көркемдік дағдыларын шынықтырып, рухани эстетикалық қасиеттерін қалыптастырады.
Қолөнерін орындау техникалары мен технологияларының педагогикалық инновациялармен ұштастыра қолданылу мүмкіндіктері сәндік қолөнерінің түрлері бойынша тақырыптарда жұмыс орындау, бейнелеу әдіс-тәсілдерін, орындау жолдарын меңгерту, педагогикалық өнер танымдық тәсілдер негізінде іске асырылады.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдердің түрлерін көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.
Сәндік қолөнерін оқыту практикасымен танысу барысында оқытушылардың инновациялық технологияларды қолдануға ұмтылғаны байқалады. Бірақ сәндік қолданбалы қолөнерін оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдердің жалпы әдістерден айырмашылығы әлі дұрыс орын алмаған. Оларды қолданудың тиімді жолдары әлдеде толық көрсетілмеген.
Орыс ғалымдары Денпрова В.И., Золвязинский, Лазареваның еңбектерінде «инновация» ұғымы туралы, М.М.Поташник, А.С.Лоренсов «жаңалық» құрал,тәсіл деп, ал, «иновацияны» тәсілдерді меңгеру деп көрсетеді.
Ұлттық педагогикада Немеребай Нұрахметов «инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» - деген анықтама мен практикада қолдану қажеттігін айтады, Қ.Құдайбергенова инновация және оны қолдану жолдарын көрсетеді.
Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде «Инновация дегеніміз –ұйымдастыру, инновация үрдісін мазмұнды дамытуды, педагог ғалым А.И.Кочетков «инновация» теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы, В.Кваша мен В.Латина «инновация» - кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейі дейді.
Масырова Р., Линчевская Т. «Инновационные школы в Казахстане» еңбегінде жаңару дегеніміз –жаңа идея деп көрсетеді.
Ғалымдар И.П.Подласый, В.П.Беспалько,т.б. еңбектерінде инновациялық технология негіздері көрсетілген. Педагог ғалым М.В.Кларин педагогикалық технология әдістемелік құралдар жиынтығы және реті деп анықтайды.
Алайда бұл тәсілдер колледждерде қолөнерін оқытуда орын алмаған. Колледждерде қолөнерін оқытуда жаңа технологиямен жұмыс істеу алғы шарттары, жолдары, құрылымы әлі жасалынбаған.
Кейінгі кезде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырды. К.Ангеловский, М.Поташник, В.Я.Ляудие т.б. ғалымдар мұғалімнің жаңалыққа қабілеттілігіне ерекше көңіл бөледі. О.Т.Хонерин радикалды, иннвациялық жолмен оқытудың модельдері, колледж, гимназия, лицей сынды дәстүрлі мектептерге альтернативтер деп санайды.
Сонымен, колледж мұғалімнің инновациялық әрекетке көшуі бірден-бір көкейкесті мәселе. Білім берудің динамикалық үрдісі оқытушыдан шығармашылықты, инновациялық әрекетті талап етеді. Кәсіптік оқу орындарында сәндік қолданбалы қолөнерін оқытуда жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі мен жолдары бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеде қолданыс таппай отыр.
Әлде де дәстүрлі оқыту тәсілдері оқушылар көркемдік талғамдарын қалыптастыруда дұрыс жолға қойылмаған. Сондықтан қазіргі кезеңде қолөнері сабақтарында, оқытуда жаңа мазмұн, мақсат міндеттер қойып, жаңа бағытта жаңа, қазіргі кезеңге сай оқыту тәсілдерін қарастыру қажеттігі туындайды.
Инновацияны зерттеуші ғалымдар дәлелдері бойынша педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат – мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласында қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктелініп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының дидактикалық талаптарының психологиялық – педагогикалық нұсқауларының жиынтығы.
Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Көп жағдайларда кейбір педагогтар оны өз тәжірибелерінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата отырып ізденіспен қолданбайды.
Бүгінгі таңда көркем педагогикада, педагогикалық өнер тануда сәндік қолданбалы қолөнері техникалары мен инновациялық технологияларын оқытып үйрету әдістемелері әлдеде жан-жақты толық мәнде қарастырылмаған. Профильдік колледждерде сәндік қолөнерінен білімгерлердің көркемдік іс-әрекетін дамытудың тәжірибелік негіздері мен оны оқыту әдістемелері дәстүрлі оқыту деңгейінде қалып келеді. Ғылыми әдебиеттермен педагогикалық тәжірибелерді талдау арқылы қолөнерін оқытуда жаңа инновациялық техникалар мен технологияларды игеру мәселесі педагогикалық инновациялармен ұштастыра қарастырылмағандығын көреміз. Қазақстан ұлттық кәсіби сәндік қолданбалы өнері тарихының өткені мен бүгінгісін саралап қарайтын болсақ, бүгінгі таңда жаңа, тосын өзгерістер мен жаңа технологиялар, техникалар пайда болуының куәсі боламыз.
Осыған байланысты көркем педагогикадағы және сәндік қолданбалы өнердегі инновациялық технологиялар сабақтастығы мен маңызын анықтап, өнер сабақтарында қолдану мүмкіндіктерін зерттеу қажеттігі туындайды. Сондықтан біз өз ғылыми жұмысымызда көркем білім берудегі және сәндік қолданбалы өнердегі инновациялық технологиялар сабақтастығы мен маңызын талдап, оны қолдану мүмкіндіктерін анықтауға тырыстық.
Жалпы қазіргі кезде Қазақстан кәсіби сәндік қол өнер шеберлері мен зергерлік ұста суретшілерінің көркем туындыларымен студенттерді таныстырудағы негізгі мақсат-олардың «көркем киялын» белсендіріп шығармашылық тәжірибемен байыту. Бұл ізденіс жұмысымызда біз сәндік қолданбалы өнер саласында маман даярлау ісіндегі қолөнер заманауи технологияларын педагогикалық технологиялар негізінде қолдану мәселелерін қарастыруды мақсат етеміз. Жалпы педагогикада инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөліп қарастыратындығы белгілі. Осы бағыттарға сай біз сәндік қолданбалы қолөнерін колледждерде оқытуда қолөнерінің орындалу техникалары мен технологияларын педагогикалық инновациялық технологиялармен ұштастыра қолданып оқыту жолдарын зерттеуге бағыттаймыз.
Бүгінгі қоғам талабына сай оқу-тәрбие процесінде білімгерлердің көркемдік қиялын инновациялық технология арқылы дамыту мәселесінің теориялық тұрғыдан шешу қажеттігі мен бұл проблеманың ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз зерттеліп, арнайы әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі арасындағы қарама-қайшылықтар бар екендігі анық байқалады. Сондықтан Қазақстанда инновациялық технология арқылы сәндік қолданбалы өнерді оқытуда профильдік колледждердегі студенттердің көркемдік білімі мен шығармашылығын дамыту мәселесі біздің зерттеу тақырыбымызды «Профильдік колледждердегі сәндік қолданбалы өнер сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану» деп таңдауымызға негіз болды.
Достарыңызбен бөлісу: |