Қосымшаны әдебиеттерді жөнде!!! Мүмкін болса 2015-2020 жж. әдебиеттер қосу керек



бет15/36
Дата21.04.2022
өлшемі1,36 Mb.
#140227
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Байланысты:
ИнкарБ.Профильдік колледж.30.05.2020.02.06.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, алты бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

I. Профильдік колледждердегі сәндік қолданбалы өнер сабақтарында студенттердің көркемдік іс-әрекетін дамытудың ғылыми-теориялық негіздері
1.1 Профильдік колледждердегі сәндік қолданбалы өнер сабақтарында білімгерлердің шығармашылығын дамытудағы инновациялық технологиялардың маңызы
Профильдік колледждердегі сәндік-қолданбалы өнері сабақтарында түрлі көркем қызмет салалары мен бағыттарында шығармашылық жобаларды, көркем бұйымдарды орындау көзделген.
Адам баласы мыңдаған жылдар бойы табиғатқа тәуелді болып келеді. Табиғаттың тылсым күштеріне сан-алуан ауыр сынына төтеп беру жолында адамдар ұзақ күрделі даму сатыларынан өткенін жақсы білеміз. Осындай күрделі даму барысында қоғамдық еңбектің түрлі салалары пайда болды. Соның негізінде халық өнері дамыды, тұрмысқа қажетті заттардың қатары көбейді, киім түрлері мен үлгілері молықты. Қазіргі кезеңде де қол өнері, адамзат өмірінде жеке орын алатын кәсіптердің бірі болып табылады. Баяғы ата бабадан келе жатқан кәсіп түрін жалғастыру рухани және көркемдік мәдениетте маңызды мәселе болып табылады.
Бүгінгі Қазақстан шын мағынасында ерікті де өркениетті қазақ еліне айналды. Қазақ халқы өзінің ұлт мәдениетінің тереңіне бойлау қажеттілігін күн өткен сайын барынша сезініп келеді.
Қазақстан ғалымдары ұрпақ тәрбиелеудегі ұлттық этнопедагогикалық білімін, ауызекі әдебиетін, ән-күйін, сәндік-қолданбалы өнерін, салт-дәстүрін, даналық ой-пікірін зерттеп оны дамытуда өз үлестерін қосты. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, А.Мұхамбаева, Т.А.Қышқашбаев және т.б өнертанушылар мен суретші қолөнершілер, ғалым педагогтардың еңбектерінде қазақ этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық мәселелері өз шешімін тапты.[1,2,3,4,5,6]. Осы ғылыми жетістіктерді зерделей отырып ұлттық қол өнерін оқыту болашақта студенттердің көркем теориялық білімдерін дамытып, көркем кабылдауының көкжиегін кеңейте отырып, көркемдік киялын дамытуына, жаңашылдық пен игеруіне кең жол ашатынына сенімдіміз. Сонымен қатар қол өнер тәжірибелері мен оның теориялық негіздері студенттердің ой-қиялдарын, көркем теориялық білімдерін байыта түсетіні сөзсіз.
Профильдік колледждердегі сәндік-қолданбалы қолөнері сабағында түрлі материалдарды көркем өңдеу шығармашылық жұмыстары жоспарланған. Бұл курс мазмұны сәндік-қолданбалы қолөнері сабағында білімгерлерді көркем қызметке баулу арқылы олардың көркем-эстетикалық талғамдарын, дүниетанымын, кәсіби әдет-дағдыларын, шығармашылық белсенділіктерін қалыптастыру.
Сәндік-қолданбалы қолөнері (латын сөзінде Decoro – безендіремін ) – түрлі материалдарды, заттарды көркемдеп өңдеу деген сөзден таралады. Трихи дәлелдер бойынша сәндік-қолданбалы қол өнері өте ерте заманнан, ежелгі дүниеден белгілі.
Сәндік-қолданбалы қолөнерінде бейнелік, пішіндік және түрлі сәндік безендіру элементтері мен техникалары қолданылып түрлі материалдардан жасалған көркем бұйымдар орын алады. Декоративті – сәндік бейнелерге түрлі безендіру, әшекейлеу,сәндік суреттер , бейнелер, ою-өрнектер, росписьтер, қабырға суреттері жатады. Қолөнеріне оқыту әдістемелері белгілі ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Онда оқыту жолдары және оқыту проблемалары жан-жақты ғылыми негізде көрсетілген. Тәжірибе процесінде дәстүрлі әдіс-тәсілдермен қатар жаңа қазіргі кезең талаптарына сай оқыту тәсілдері де қолданылады. Жастарды көркем еңбекке баулуда сәндік қолданбалы өнері ерекше ұлттық тәлім-тәрбиелік мәнге ие, себебі бүгінгі таңда рухани танымды қалыптастыру аса маңызды қоғамдық мәселе.
Сондықтан сабақ беру негізінде ақпараттық технологиялық программалары мен оқыту әдіс-тәсілдерінің ұтымды және нашар тұстарын салыстыра отырып оларды мағыналы сәйкестендіре қарастыру арқылы қажетті нәтижелерге жетуге болады.
Қазақ халықтық қол өнері түрлері ағаш ұқсату, тас, металл, тері, сүйек өңдеу, зергерлік өнер, ши, алаша, түс киіз, тоқыма өнері, жүн бұйымдарын киіз, сырмақ жасау, т.б. көркем безендірілген сәндік бұйымдар адам өмір тұрмысына, мәдени танымына, эстетикалық талғамына әсер етеді. Бүгінгі таңда сәндік қолданбалы өнері мен ұлттық қолөнері бұйымдарын көркем қабылдау және практикалық тәжірибелік игеру қызмет процестері, кәсіптік колледж студентерінің көркемдік талғамдары мен шығармашылық қабілеттерін жаңа техникалар мен технологиялар, жаңа инновациялық оқыту әдістері арқылы дамытады.
Ұлттық сәндік-қолданбалы қолөнерінің түрлері мен көркемдік ерекшеліктері, дамуы, оның білім мен тәрбиедегі, қоғамдық өмірдегі, еңбек процесіндегі мәні мен маңызы, тарихи негіздері туралы белгілі ғалымдар Х.Арғынбаев, К.Ақышев, Т.Басенов, С.Қасиманов, Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков, Х.Досмаханбетов, С.Қалиев, А.Сейдімбеков т.б. ғалымдардың ғылыми жұмыстарында дәлелді айтылған.
Біздің зерттеуімізде ұлттық сәндік-қолданбалы қолөнерін оқытып, ол арқылы колледж білімгерлерінің көркем-эстетикалық және рухани мәдениетін дамыту осы ғалымдар еңбектерінің тұжырымдарына, тарихи педагогикалық көз қарастарына негізделеліп зерттеледі.
Сәндік-қолданбалы қолөнері сабағын оқыту барысында ұлттық мәдениетпен, көркем өнер түрлерін игерту білімгерлердің рухани-эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына, көркемдік сезімталдығы мен талғамдарын дамытады.
Білімгерлерге ұлттық өнерді игерте отырып, олардың эстетикалық сезімталдығын, ой-қиялын, көркемдік талғамы мен шығармашылық қабілетін дамыту бүгінгі таңда түрлі дәстүрлі және жаңа инновациялық оқыту, тәрбиелеу әдістемелерін талап етеді. Сондықтан білімгерлердің халқымыздың көркемдік-мәдени мұраларын игеріп, эстетикалық дәстүрлеріне сүйіспеншілік қатынастарын тәрбиелеу педагогикалық шеберлікті, технологиялық өзгерістерді зерделеуі тиіс.
Біз өз ізденісімізде сәндік қолданбалы қолөнері қазақ халқының рухани, материалдық көркемдік мәдениет үлгілері екендігін төменде көрсетілген ғалыдар зерттеулерінен игеріп, оны жаңа бағытта қарастыруға ниеттенеміз.
Қазақ ұлттық сәндік-қолданбалы қолөнерінің мәдени болмысы мен көркемдік мазмұны, түрлері, дәстүрлері , орындалу мен қолданылуы туралы (Х.Арғынбаев, Қ.Ақышев, Ә.Марғұлан, Т.Басенов) және өнердегі әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер үлгілерін тәлім-тәрбиеде қолдану мәселелері (Б.Адамбаев, Х.Досмаханбетов, С.Қасиманов, С.Қалиев, т.б.) ғалымдар әр қырынан қарастырып насихаттайды. Ал бұл тарихи білім негіздері ұлттық қолөнері арқылы көркем эстетикалық тәрбие мен оларды білім жүйесінде заманауи талаптарға сай қолдануға мол мүмкіндіктер береді.
Колледж білмгерлерінің жеке және жас ерекшеліктеріне қарай олардың көркемдік талғамын, танымдық қабілетінің дамуымен тікелей бірлікте қазіргі кездегі қоғамдық өзгерістер мен өркениеттік жетістіктер шеңберінде қарастыру қажет. Білімгерлердің жеке дара және жас ерекшеліктеріне қарай сәндік қолөнері бұйымдарындағы әсемдікті сезіну, түйсіну және шығармашылық қызмет бұлардың өзіндік заңдылықтарын білуді, сезімталдықпен қабылдауды талап етеді.
Бұл қасиеттер негізінде білімгерлер заттар мен құбылыстардың, сәндік-қолданбалы қолөнері түрлерінің жалпы сипатын, көрнекі бейнесін, табиғи байланыстары мен қатынастарын түсініп игереді. Қолөнерінің жаңа техникаларын көркемдік бағыттарда қолдану білімгерлердің шығармашылыққа деген ынтасын арттырып, көркемдік талғамын қалыптастыру барысында ой-өрісінің кеңейіп, жаңа сапаға көтерілуіне тікелей ықпал етеді. Ұлттық сәндік-қолданбалы қолөнері жеке тұлғаның жалпы дамуына, көркемдік талғам өрісінің және қоршаған орта, заттар дүниесінің сұлулығына, эстетикалық қатынасының қалыптасуына зор ықпал ететін өнер түрі. Қолөнері ерекше көркемдік және физикалық әрекетті қажет ететін, шығармашылық қызмет үрдісінде орындалатын өнер түрі болғандықтан түрлі үйлесімділік, сәйкестік әрекеттер тұтастығын талап етеді. Ол көркемдік әрекеттер мен физикалық еңбек әрекеттері бұйымдарды орындау техникаларын, әдіс-тәсілдерін, материалды өңдеу тәсілдерін қамтитын күрделі үрдіс. Әрине бұл жағдайда көркемдік, физикалық, педагогикалық әдістер мен процестер тоғысы үйлесімділікті талап етеді. Осы себеп салдарға байланысты, біз сәндік қолөнерін оқытуда жаңа педагогикалық оқыту технологияларын пән мазмұны мен түріне сай сараптап талдау, зерттеу, қолдану жолдарын ізденуге мәжбүрміз. Бұл мәселе қолөнеріндегі орындау техникаларымен қатар, оны оқытып үйрету педагогикалық технологияларын жүйелі ұйымдастыруды қажетсінеді.
Қазақстанда оқу-тәрбие процесін ұлттық бағытта жандандыру мәселесін зерттеген педагог ғалымдар: К.Жарықбаев тәлім - тәрбие туралы[2]; С.Калиев салт-дәстүрлер туралы[3]; Х.Арғынбаев Қазақ халқының қол өнерінің ерекшеліктері туралы[4]; С.А.Ұзақбаева педагогиканың эстетикалық құралы ретінде қарастырады[5].Ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің оқу-тәрбие мәселелері туралы бейнелеу өнерін мектепте оқыту бағытында: Ә.Қамақов бастауыш сынып бейнелеу өнерінде ұлттық ою-өрнектерді оқыту бағдарламасын жасаған[6];Б.Альмұхамбетов[7].Е.Асылханов [8]қол өнердің кейбір жанрлары мен ою-өрнектерін бейнелеу өнері пәнінде жоғары оқу орындарында қолданылу жолдары мен тәсілдерін қарастырған;
Ж.Балкенов жанды табиғи формаларды ою-өрнекте стилизациялап көрсетіп оны оқыту жолдарын талдаған [9]; О. Сатканұлы қолөнері негізінде еңбекке баулу әдістемесін[10]. Қ.Әмірғазин сыныптан тыс сабақтарда орта буын оқушыларына қол өнерде тері илеу, жүн сабау т.б. игертуді қарастырған[11]; Қ.Ералин қолөнерін оқыту әдістемесі мәселелерін[12], М.Джанаев технология пәнінде сәндік-қолданбалы қолөнерін оқыту әдіс-тәсілдері мен оның теориялық негіздерін мектеп оқушыларына берілетін білім деңгейіне сай қарастырған[13]; С.Жолдасбекова бастауыш сынып оқушыларына тоқу арқылы эстетикалық қызығушылықтарын қалыптастыру мәселелерін; Б.Ижанов қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен студенттердің көркемдік білімдерін жетілдірудің мазмұны, формасы мен әдістерін зерттеген[14]; Қ.Қ. Болатбаев бейнелеу өнерін оқытуда халықтық педагогика негіздерін қолдану туралы[15]; Қ.О. Жеделов бастауыш мектептерде бейнелеу өнерін оқыту мәселелерін[16]; Ұ.Әбдіқапбарова оқушыларды тәрбиелеуде ою-өрнектер түрлерін жоғары оқу орындарында оқытудың педагогикалық шарттарын көрсеткен[17]; Нәлібаев А. Ағаш ою.-Балалар мен жасөспірімдерге арналған көмекші құрал[18] даярлаған. Ш.Ә. Ақбаева қазақ дәстүрлі өнері негізінде оқушылар көркемдік талғамы мәелелерін талданған[19]; Е.Т. Кисимисов сәндік қолданбалы өнерін оқытуда студенттердің шығармашылығын дамыту мәселелерін зерттелген[20]. Бұл зерттеулерде сәндік қолданбалы қолөнерін жалпы орта мектептер мен жоғары оқу орындарында оқыту әдістемелері жан-жақты талданған. Алайда профильдік колледждердегі сәндік қолданбалы қолөнері сабағын қазіргі заман талабына сай жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқыту жолдары мен әдістері зерттелмеген.
Осы себептерге байланысты біздің зерттеуімізде ұлттық қолданбалы өнерді колледж білімгерлеріне оқыту мәселесі, эстетикалық тәрбие теориясы саласында жүргізілген зерттеу жұмыстары мен педагогикалық тәжірибелер мазмұнында, өзекті мәселелердің бірі ретінде қарастырылады. Ұлттық-қолданбалы өнер туындылары, ата-бабалар жасаған көркемдік мұраларға, ұлттық мәдени дәстүрлерге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуде қоғамдық мәндегі талғам өрісін қалыптастыруда мүмкіндігі өте зор өнер түрі болғандықтан оны оқыту да оқытушыларға үлкен жауапкершілікті жүктейді.
Сәндік қолданбалы қолөнері саласындағы көркемдік жұмыстар, түрлі материалдардан көркем бұйым құрастыруға қажетті элементтерді, ұлттық ою-өрнектерді, зат пішіндерін, түстер айырмашылығын, композициялық тұтастықты, түрлі матриалдарды ағаш, қағаз, мата, тері қиындылары, шыны, сүйек, фольга т.б. табиғи, табиғи емес заттардан көркем құрастыру және конструктілеу жұмыстары білімгерлердің кеңістіктік ойлау қабілеттерін және пішін, көлем сұлулығын сезіну, түйсіну дағдыларын дамытып оларды өмірде, тұрмыста қолдану мүмкіндіктерін туғызып, еңбекке, көркем қызметке баулиды. Қолөнері сабақтарында түрлі материалдарды көркем өңдеу, колледж білімгерлерінің көркемдік дүниетанымын қалыптастырып шығармашылыққа баулиды.
Сәндік қолданбалы қолөнері сабақтарында колледж білімгерлерінің көркемдік талғамын, шығармашылық қабілетін ұлттық қолданбалы өнер негізінде қалыптастыруда, бір-бірімен сабақтас әдіс-тәсілдер қолданылады. Олар: дәріс, әңгіме, көркем сөз, әсерлі түсіндіру; көрнекі құралдарды пайдалана отырып, дидактикалық ойындар ұйымдастыру; сұрақ-жауап арқылы сәндік-қолданбалы қолөнер туындыларын таныстыру; белгілі мақсатқа бағытталған бағдарлама негізінде тәжірибе сабақтарын жүргізу; бейнелік құрастыру, модельдеу тәсілін қолдану; көркем конструктілеу іс-әрекеттерін көрнекі талдау; білімгерлердің өздері жасаған қолөнері бұйымдарын өмірде, тұрмыста қолдану мүмкіндіктерін талдап анықтау да маңызды.
Қолөнер шеберлерінің айтуынша ұлттық қолданбалы өнердің тәлім-тәрбиелік мәні, оның өзіне тән көркемдік қасиетімен, ішкі мазмұнымен, түр-түсімен және қолданылатын материалымен де ерекшеленеді.
Бүгінгі қоғамдық өзгерістер мен индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – бәсекеге қабілетті, ой-өрісі дамыған, азаматтық және адамгершілік ұстанымы жоғары, рухани мәдениеті мол, шығармашыл жаңа ұрпақ өсіріп жетілдіру. Сондықтан да осы мәселелерді жүзеге асыруда қол өнері сабақтарында, көркем бұйым жасауға баулу арқылы білімгерлердің рухани мәдениетін дамыту жолдары жан-жақты зерттеліп қарастырылуы тиіс. Оны жолға қою үшін қолөнері сабақтарында рухани және көркем танымдық білім негіздері қамтылып, ақпараттық жүйелер мен мульти-медиа, интерактивті құралдар мен жаңа оқыту технологиялары, шығармашылық белсендіру тәсілдері кеңінен қолданылуы маңызды. Біздің тәжірибеміз көрсеткеніндей сәндік қолөнерін тереңдетілген бағдарламамен, әрбір сабақта ақпараттық технологияны тиімді пайдалану арқылы, интерактивті шығармашылық белсендіру әдістерінің білімгерлердің білім сапасын арттыруға, рухани танымы мен мәдениетін дамытуға ғылыми - әдістемелік негіз бар.
Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде материалдарды көркем өңдеу, сол арқылы олардың шығармашылық, кәсіптік еңбек қабілеттерін дамыту орындау техникаларын, тәсілдерін педагогикалық инновациялық әдістермен жүзеге асады. Базалық технологияны қамтитын сәндік қолөнері техникалары мен технологиялары көркем еңбекке баулитын арнайы теориялық және практикалық білім мен дағдыларды қарастырады. Бағдарлама сәндік-қолданбалы өнерін еңбектің политехникалық, экономикалық және экологиялық аспектілеріне сай қарастырып өзіндік білім алуға, шығармашылық пен еңбек етуге тәрбиелейді. Сәндік қолданбалы қолөнеріне баулу білімгерлерді көркем еңбек арқылы эстетикалық, этикалық тұрғыда тәрбиелеп, оларды қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеуді қамтамасыз етеді.
«Сәндік қолданбалы өнер- деп әртүрлі материалдардан түрлі заттар мен бұйымдарды, жазықтықта орындалатын сәндік бейне суреттерді, ою-өрнектерді, сондай-ақ адамға қажетті түрлі бұйымдар мен заттарды қолдануға арнап көркем өңдеп, безендіру, әшекейлеу тәсілдері арқылы орындалатын көркем кәсіби еңбек түрлерін айтуға болады. Көркем-эстетикалық пішінде, түрлі түстермен тұрмыста, қоғамдық өмірде қолдануға арналған сәнді-көркем бұйымдар мен заттар, бейне-суреттер, ою-өрнектер, жазық және көлемді құрылымдық, конструктивтік көркем нысандарда сәндік қолданбалы өнерге жатады. Сонымен, қазақ ұлттық қолөнеріне жоғарыда атап көрсетілгендей адам тұрмыс-тіршілігіне қажетті барлық бұйымдар мен заттар жататын болса, ал сәндік қолданбалы өнер түрлеріне ұлттық қана емес, адамдарға қажетті барлық әсемдік, сәндік үшін безендіріліп, әшекейленіп жасалып өмірде қолданылатын, ерекше сәндік-эстетикалық мазмұнда орындалған « сәндік өнер- француз тілінде /декор/ -сәндеу» сәндік-қолданыс заттары жатады. Мұнда ұлттық қолданбалы өнер түрлерімен қатар қазіргі кездегі жаңа, заман талабына сай түрлі жазық, көлемді, кеңістіктік, сәулеттік т.б. әшекейлеу, безендіру, сәндеу тәсілдерімен орындалған бұйымдар мен заттар қарастырылады» [21,44б].
Осы жоғарыдағы тұжырымдар мен анықтамаларға сәйкес біз мұнда, сәндік қолданбалы өнерінің көркемдік қолөнер түріндегі жұмыс технологиясын жаңа инновациялық тұрғыда қарастырамыз. Сабақ және жұмыс тақырыбы білімгерлердің көркемдік ой-өрісіне, жас ерекшеліктеріне лайық болуы маңызды шарт. Бұл қолөнер түріндегі технология, оның орындалу жолдары, әдіс-тәсілдері жұмыс істеу процесінің, қызмет ерекшелігінің өзі білімгерлер қызығушылығын тудыратындығы оқыту тәжірибесінен белгілі.
Қолөнерін оқыту әдістемесі ғылыми түрде практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық негізде қорытындылап, көркем қызмет, қолөнері іс-әрекетіне үйрету әдістемелерін жаңа технологиялар түрінде ұсынады. Қолөнерін оқыту әдістемесі педагогикалық және психологиялық, эстетикалық, кәсіптік еңбек деректерімен негізделген. Ол білімгерлердің көркем қызмет процесінде сәндік қолданбалы қолөнерінің заңдылықтарын қалыптастырып жас түлектерді оқытып тәрбиелеудің жаңа қазіргі кезеңдегі әдістемесін көрсетеді.
Мұндай оқыту әдістемелері: мұғалім жетекшілігімен білімгерлердің өз бетінше көркем шығармашылық ізденістері; өз бетінше қолөнері шығармашылық жұмысын орындау; бағдарламалық және проблемалық оқыту; бейнелік, проектілік тұжырымдау т.б. көптеген оқыту тәсілдері.
Тәжірибе процесінде дәстүрлі әдіс-тәсілдермен қатар жаңа қазіргі кезең талаптарына сай оқыту тәсілдері де қолданылады.
Қазіргі кезеңде функционалдық, утилитарлық тұрғыдағы қолөнері жұмыстарын орындау, түрлі бұйымдарды көркем жасау жеке кәсіптік және дизайн өнері салаларындағы басты міндеттердің бірі болып саналады.
Соңғы кездерде сәндік қолданбалы өнерінің жаңа функциялық мазмұны айқындалып, мұнда утилитарлықпен бұйымдардың заттық және мән- мазмұнынан алшақтау тенденциялары да пайда болуда. Мұнда соны, көркем абстрациялық шығармашылық мазмұн басымдыққа ие болып келеді. Заттар мен бұйымдарды жасауда көркемдік, әсемдік, әсерлілік мазмұн негізгі шығармашылық мақсат болып табылады. Бұл құбылыстар әсіресе еңбектің көркемдік саласында, яғни көркем еңбек түрлерінде айқын да батыл шығармашылық көрініс табады. Мысалы, мұндай көркемдік қызмет текстильде, керамикада, шыныда, металда, теріде тағы да басқа материалдарда түрлі шығармашылық бағыттарда орын алады. Жаңа техникалық технологиялық тәсілдерді қамтитын қолөнері сабақтары түрлі көркем өнер пәндерінен алынған білімді жүйелеп синтездей отырып адамның кәсіби қызметтерінде, қоғамдық еңбекте, күнделікті іс-әрекеттерінде көрініс тауып өмірде қолданылатын интегративті білім саласы. Адамның өмір тұрмысында оның іс-әрекетіне қажетті технологиялардың сан алуан түрлері кездеседі. Жалпы адам еңбек, қызмет түрлерінің барлығы технологиялар құрамы болып есептелетіндігі белгілі аксиома. Сәндік қолөнері түрлі машықтану элементтерін ағаш, металл, пластик және тағы басқа конструкциялық материалдардың өңдеу жолдарында игеруді үйретеді. Колледжда оқытылатын сәндік қолөнері қызмет салаларымен бағыттарында түрлі шығармашылық модельдеу мен жобаларды орындау түрлі техникалық тәсілдерді игерумен байланысты.
Жалпы «сәндік-қолданбалы өнер сабақтары-жазықтықта бейнелеу түрлерін, сәндік мүсінді, көркем конструкциялауды , табиғи заттармен, қатырма және түсті қағаз, маталармен, фальга т.б. материалдармен жұмыс істеуді, қарапайым заттарды безендіруді, нобай жасау, оқушылардың ұлттық дәстүрлі өнер туралы білімін жүзеге асыру және шығармашылық қиялды дамыту мәселелерін қамтиды» деп көрсетеді педагог ғалым Ә.О.Қамақов
[22 , 7б]. Әрине бұл мәселе мектепте оқытумен байланысты болғанына қарамастан негізгі тұжырымдық мазмұн колледждегі білім мазмұнына да сай келеді.
Сондықтан қазіргі кезең жағдайына сай оқыту жүйесіде өзгеше әдістемелерді талап етеді. Негізгі міндет ұлтымыздың, халқымыздың мәдениетін жаңартып жаңғырта отырып дамыту, жаңа өмірге сай бейімдеуде сәндік қолөнерін қолдану, оның шығармашылық бағыттарын анықтау. Ал бұның барлығы қолөнерін оқытуда жаңа технологиялық оқыту әдістемелерін қажет етеді.
Сәндік қолданбалы өнеріне оқытудағы оның тәрбиелік әсері мен маңызын еске ала отырып, біз оны практикалық тұрғыда қолдану жолдарын ізденуді мақсат еттік. Оның тәрбиелік әсері мен маңызын шешіп көрсету үшін оны орындаудың жолдарын, техникалық орындау әдіс –тәсілдерін толық қарастыру керек. Ал бұл мәселелерді толық қамту үшін практикалық және теориялық жаңа тұрғыдағы жан-жақты ізденіс қажет.
Қазақ ұлттық сәндік қолданбалы өнерінің түрлері сан-алуан және ол оның
орындалатын материалдарына да байланыстылығы, негізі ежелгі кезеңдегі сақтар мен қазақ халқының ұлттық мәдениетінің бір тұтастық құрылымдық мазмұнынан бастау алатыны ғылыми әдебиеттерден белгілі. Жалпы ежелгі сақ өнері –қазақ ұлттық мәдениетінің архетипі болып саналады ( Өмірбекова М.Ш.) [ 23,5 б].
Қолөнері бұйымдарын жасау барысында қолөнері шебері саналуан еңбек іс-әрекетін, материалдарды өңдеу, таңдау, іріктеу, олардан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау қызметін өзіндік шығармашылықпен атқарып, оның эстетикалық көркемдік жағын да ұмыт қалдырмайды. Сондықтан қолөнері еңбегі адамнан ерекше икемділікпен көркемдік қабілетті қажет етеді. Осы себепті қазақ халқының сәндік қолданбалы қолөнеріне олардың өмір салтына, тұрмыс-тіршілігіне, мәдени әлеуметтік өміріне қажетті материалдар мен заттарды, көркемдік бұйымдарды даярлау, өңдеу, өру, тігу, тоқу, ұқсату, шеку, бедерлеу, өрнектеу, мүсіндеу, құрастыру, көркемдеп әсерлеу, безендіру, әшекейлеу бейнелеу процестерінен тұратын көркем еңбек шығармашылығы мен өнер туындыларының жемісі жатады. Ұлттық мұраларымызды ұлықтап көркейтудің, одан өнеге алудың басты құралы өнер туындыларының даму тарихын зерттей отырып жаңғырту, жаңарту, жаңа идеяларға талпыну арқылы орындалатын шщығармашылық қызмет.
«Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын есу,өру, орау, ұқсату, қосу, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, өңдеу, бейнелеу сияқты түрлі заттар мен материалдардан орындалатын шығармашылық қызмет жиынтығын айтуға болады. Шын мәнінде қол өнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар» [24 ,14 б].Бүгінгі таңда түрлі материалдарды көркем өңдеу практикалық іс-әрекетінде, немесе білімгерлердің тәжірибелік жұмыс үрдісінде түрлі көркем өнер, қолөнері қызметінің техникасы мен технологиясын меңгерту басты мақсат болып табылады.
Сәндік қолданбалы қолөнерін оқытуда түрлі материалдарды ағаш, металл, тері, жапсырма өнері, өру өнері т.б. көптеген түрлерінің шығу тарихы, орындалу тәсілдері, түрлері, заттарды даярлау жолдары, орындау құрал-жабдықтары, өңдеу технологиясы, көркем өңдеу – безендіру, әшекейлеу, олардың эстетикалық, экономикалық қасиеттері оны оқытуда жан-жақты қарастырылады.
Белгілі ғалым С.Қасимановтың талдап көрсеткеніндей қазақ қолөнерінің, халық шығармашылығының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты
[25,3б.]. Осы негізде білімгерлерді халық қолөнері шеберлерінің тәжірибелерімен, ұлттық қолөнері этнографиялық мұраларымен, қолөнері жәдігерлерімен жиі таныстыру оларды көркем шығармашылық қабілеттерін дамытары сөзсіз.
Ал енді осы сәндік қолданбалы қолөнерін дәстүрлі оқытудан бөлек жаңа оқыту технологиялары бағытында қарайтын болсақ, көркем білімдегі жаңа педагогикалық инновациялық технологиялар туралы түсініктерімізді анықтауымыз қажет. Жалпы қарайтын болсақ халықаралық деңгейде ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын жетілдіру мен дамыту міндеттерін ескере отырып жаңаша түсініп меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі болып табылады.
Көрнекі Ресей ғалымы М.В.Кларин жаңа инновациялық технологияға «Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті мен кезеңі», - деп анықтама береді. Педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат – мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласында қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктелініп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының дидактикалық талаптарының психологиялық – педагогикалық нұсқауларының оқу-тәрбие процесіндегі жаңашыл бағыттағы жиынтығы. Оқыту технологиясын оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде білім саласында пайдаланатындығы белгілі жайт. Ол білімгерлердің оқу – іс-әрекетіне игі ықпал етіп, олардың интелектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибенің нәтижелігіне ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты қозғаушы күші.
Сондықтан сәндік қолданбалы қол өнері сабақтарында білімгерлерге білім мен тәрбие беруде жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді іріктеп, жүйелі қолдану жолдары ғылыми негізде қарастыруға ынталанамыз. Қазақ қолөнерінің түрлері мен оларды орындау қызмет, іс-әрекет түрлері мен әдіс-тәсілдері де, оны оқыту әдіс-тәсілдері де сан қырлы.
Өнер мамандықтарында оқитын студенттер өз қабілеттерін көрсете біліп және оны дамыта отырып өнер түрлерін, оның әдіс-тәсілдерін жаңашылдықпен белсенді игеруіне бүгінде мол мүмкіндіктер бар. Колледж суденттері 14-18 жас аралығында болғандықтан олардың даму сатысында өзгерістер танымдық психологиялық ой өріс жағынан түрліше болады. Сондықтан колледж білімгерлерінің жас ерекшеліктеріне қатысты оқу процесіндегі өзгешеліктерге де мән берген жөн. Әсіресе сәндік қолданбалы өнердің бір саласы, зергерлік өнерде жас деңгейіне қарай түрлі қиыншылықтар кездеседі. Профильдік колледждердегі студенттер арасында әр түрлі білім деңгейіндегі балалар кездеседі. Колледжға келместен бұрын дайындық курстарына барып үнемі ізденіс үстінде жүрген балаларда болады. Оқу процесінде студенттер өз талантына, дайындығына байланысты түрлі білім және көркемдік қызмет деңгейін көрсетеді.
Жалпы профильдік колледждердегі сәндік қолданбалы өнері мен композиция пәндерінде жоғарғы курс студенттерінің көркемдік қиялын дамыту мәселесіне арналған зерттеулер жоқтың қaсы. "Көркем сурет"ұғымы адамның объективтік әлемнің заңдылықтарын біртіндеп тaну негізінде сапaлық жағынан жаңа материалдық және рухани құндылықтарды жасау қабілетін қамтиды. Бейнелеу өнерінде көркем бейнені жасaу-шығарманың композициялық құрылымының ажырамас бөлігі және шығармашылық үрдісіне тән ерекшелігі. Демек бүгінгі қоғам сұранысының жаңа талабына сай біз, кәсіби білім беру барысында әлемдік рынокка шығу мақсатында қолданылған қол өнердің зергерлік түрінің орындалу техникасы мен қолданылу жолдарын жан жақты қамти алатын, сәндік қолданбалы өнердің жаңа техникалық-технологиялық мүмкіндіктерінде ашып көрсетуіміз қажет. Қол өнер түрлерін тек бұйым ретінде емес медицина, өнер кәсіп, стомотология, эндопротез, бионикалық протез, робототехника құрастыру сияқты мамандық бағыттарындағы техникалық жаңа тәсілдерін педагогикалық инновациялар қолдану арқылы оқытуды интерактивті белсендіру тәсілдерімен де ұштастырып отыру қажеттігін байқаймыз. Бұл тұрғыда өнер түрлері мен қызметтер түрлерінің функционалдық және көркемдік байланыстарын анықтауымыз қажет. Осы мақсаттарда басты технологиялық мәселелерді қарастырамыз.
Қазіргі жаһандық дәуірде қолөнерінде техникалық инженерлік инновациялар көптеп қолданылуда. Қазақстан кәсіби қол өнер көркем туындыларымен және технологияларымен таныстыру арқылы студенттердің көркемдік қиялдарын дамыту мәселесінің теориялық тұрғыдан шешу қажеттігі мен бұл проблеманың ғылыми әдістемелік тұрғыдан жеткіліксіз зерттеліп, арнайы оқу әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі арасындағы қарама- қайшылықтар бар екендігі анық байқалады. Сондықтан Қазақстан қол өнерінің кәсіби көркем туындыларымен таныстыру арқылы жоғары курс студенттерінің көркем қиялын дамыту осы мәселені ғылыми тұрғыда шешуді талап етеді.
Үлкен энциклопедиялық сөздікте «Шығармашылық деген қайталанбайтын тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары саладағы жаңалық ашатын іс-әрекет»,-деп тұжырымдалады. Ал, Л.С.Выготский «Шығармашылық»деп жаналық ойлап табатын іс – әрекетті атаған [26]. Аталған концепциялар негізінде «Педагогика және сәндік қолданбалы өнер инновациялық технологиялары интеграциялық байланысы -технологиялар тоғысы» деп тануымызға негіз болды. Сондықтан әрбір шәкіртің біліктілігін, шығармашылығын, білім деңгейін көтеру, ойлауы терең адамзатты тәрбиелеу, өзін-өзі тану сияқты өзекті мәселелерді шешу үшін педагогикалық, психологиялық әрекетті ұйымдастыруда заманауи педагогикалық технологияларды қолданудың маңызы зор.
Болашақ кәсіпкер қол өнер шебері, ұсталарды даярлауды қалыптастыру мәселелері көп аспектілі және ол басты мынадай қайшылықтарды шешумен байланысты: -білім беру саласын жаппай инновациялық технология бағытында компьютерлендіру жағдайында метал, ағаш ,тері ,сүйек даярлайтын сәндік қолданбалы өнер саласына маман даярлауды жетілдіру мен осы даярлау ісін әдістемелік тұрғыдан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі ; - Профильдік орта білім беру жүйесінде қалыптасқан болашақ шеберлерді кәсіби даярлау мен оның дарярлығына деген талаптың едәуір өскендігі арасында және де осы талаптарды орындау мақсатында компьютерлік технологиялардың мүмкіншіліктерін қолдану жеткілікті деңгейде болмауы;
-Қол өнер саласының болашақ мамандарының бәсекелестікке икемділігін қамтамасыз ету мен олардың инновациялық компьютерлік техникалармен еркін жұмыс жасай білу біліктілігінің деңгейінің төмен болуы;
Аталған қайшылықтар ізденіс жұмысының проблемасын көрсете отырып ғылыми-педагогикалық, ұйымдастыру-технологиялық қамтамассыз ету компьютерлік технологияларын, қолөнерінде техникалық инженерлік және педагогикалық инновациялар қолдану арқылы болашақ қол өнер шеберлерінің кәсіби даярлау үрдісінің қандай болуы керектігін айғақтайды. Мұнда негізгі басты мақсат– сәндік қолданбалы өнер саласында қызмет ететін болашақ мамандарды қолөнерінде компьютерлік инновациялық технологиялар мен техникалық инженерлік және педагогикалық инновацияларды жүйелі реттілік пен қолданып кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттарын айқындау және жүзеге асыру жолдарын іздестіру.
Болашақ қол өнер шеберлерінің кәсіби даярлығын ойдағыдай қалыптасуы үшін төмендегі педагогикалық шарттар орындалуы қажет. Олар:
-сәндік қолданбалы өнер саласының мамандарының кәсіби даярлығын қалыптастыратын құрал ретінде оқу және арнайы курстардың құрылымы мен мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамассыз ету іске асырылса; - компьютерлік технологиялардың бір бөлігі ретінде кәсіби графикалық бағдарламалар мен графикалық қол өнер саласына қажетті қосалқы компьютерлік құрылғылармен жұмыс істеуді студенттер толық игергенде; -болашақ мамандардың өзінің кәсіби қызметінде, яғни қол өнердің дизайн жобаларын жасау барысында компьютерлік технологияларды қолданудың қажеттігін саналы түрде және өз бетінше қолдануға деген ұмтылыс туындағанда;
Бұл педагогикалық шарт мақсаттарына жету үшін төмендегі міндеттер орындалуы қажет. Олар:
- қолөнер техникалары мен технологияларын қолданып болашақ шеберлердің кәсіби деңгейін қалыптастырудың түпкі негізін анықталуы;
- профильдік кәсіптік білім беру оқу орынында компьютерлік технологияларды қолдану қарастырылуы және олардың болашақ маманның даярлығын қалыптастыру мүмкіншіліктерін анықталуы;
- болашақ сәндік қолданбалы өнер шеберлернің кәсіби даярлығын инновациялық технологияларды қолдану арқылы қалыптастыруға қажет педагогикалық шарттары айқындалуы;
- жаңа инновациялық технологияны болашақ мамандарды даярлау ісіне енгізудің салдарынан қалыптасқан кәсіби даярлықтың моделі жасалуы;
-қол өнер саласының болашақ маманының даярлығын арттыратын іс-тәжірибелік жолмен тексерілуі;
Осы мәселелерді шешудегі басты мақсат қолөнерінде оны шығармашылықпен орындаудың, техникалық-технологиялық, техникалық-инженерлік инновацияларын оқытудың педагогикалық инновацияларымен ұштастыра қолдану шарттары мен жолдарын анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет