Өскемен қаласы «demey» түзету және оңалту орталығы»


Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын (БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі



бет18/20
Дата12.09.2022
өлшемі132,08 Kb.
#149318
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Инклюзивное образование. . Силлабус. 2021 !!!!!

Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын (БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі:
- бірінші – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді;
- екінші - оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді.
Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі;
- Білім алушының үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау.
Білім алушы шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды;
- Білім алушының төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.


11. Емтихан сұрақтары



  1. Инклюзивті білім беру: анықтамасы, өзектілігі, түсіну тәсілдері.

  2. Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары: инклюзия, инклюзивтілік, инклюзивтік білім беру, ЕББҚ, ЕББҚ бар балалар, МШ балалар, ЕББҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау.

  3. Инклюзивті білім беру әдістемесі: жүйелі тәсіл. Д.Митчелл формуласы. Формула компоненттерінің сипаттамасы.

  4. Инклюзивті білім берудің халықаралық нормативтік-құқықтық стандарттары.

  5. ЭЫДҰ-ның инклюзивті білім беруді дамытуға қосқан үлесі.

  6. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді нормативтік - құқықтық қамтамасыз ету.

  7. Инклюзивті білім беру ортасы туралы түсінік. Білім беру ортасының компоненттері.

  8. Инклюзивті білім беру жағдайындағы пәндік-кеңістіктік білім беру ортасы. Тірек-қимыл аппараты, көру, есту қабілеті бұзылған балалар үшін пәндік-білім беру ортасын ұйымдастыру ерекшеліктері.

  9. Әлеуметтік білім беру ортасы: анықтамасы, әлеуметтік орта субъектілері, дамудың маңызы мен мүмкіндіктері. Инклюзивті білім беру жағдайында оқытуға (кәсіптік қызметке) психологиялық дайындық ұғымы.

  10. Психодидактикалық білім беру ортасы жалпы білім беретін мектеп жағдайында ЕББҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділік факторы ретінде.

  11. Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ): анықтамасы, тізімі, сипаттамасы

  12. Оқушылардан оқуда қиындық туғызатын себептер топтары (ЭЫДҰ, ҚР нормативтік базасы)

  13. ЕББҚ бар балалар топтары: әр топтың анықтамасы, тізімі, сипаттамасы

  14. ЕББҚ бар балалардың 1 тобы. Тізімдеу және сипаттау

  15. 2 ЕББҚ бар балалар тобы. Тізімдеу және сипаттау

  16. 3 ЕББҚ бар балалар тобы. Тізімдеу және сипаттау

  17. ПМПК: инклюзивті білім беру анықтамасы, функциялары және рөлі

  18. Мүмкіндігі шектеулі балалар (МШ): анықтамасы, балалардың санаттары, қысқаша сипаттамалары.

  19. Жалпы білім беретін мектепте оқытудың арнайы жағдайларын жасау кезінде ұсынылған ЕББҚ тізбесі (ЭЫДҰ, ҚР нормативтік базасы)

  20. Оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын өзгерту инклюзивті білім беру жағдайында балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін іске асыру үшін арнайы шарттардың бірі ретінде.

  21. Бейімделген (қысқартылған) оқу бағдарламасы ұғымы. Оқу бағдарламаларын бейімдеумен кім айналысады және ол қандай оқу нысаны үшін бекітіледі.

  22. Инклюзивті білім беру жағдайында балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін жүзеге асырудың ерекше шарттарының бірі ретінде оқушының оқу жетістіктерін бағалау тәсілдерін өзгерту.

  23. Оқушының оқу жетістіктерін бағалаудағы вариативтілік ұғымы. Оқу жетістіктерін бағалаудың вариативтілігі қандай жағдайларда қажет екенін атаңыз.

  24. Инклюзивті білім беру жағдайында ЕББҚ бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі туралы түсінік.

  25. Арнайы оқыту әдістерінің түсінігі: анықтамасы, тізбесі, қысқаша сипаттамасы.

  26. Жеке оқу-әдістемелік материалдар, оқулықтар инклюзивті білім беру жағдайында балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін жүзеге асырудың арнайы шарттарының бірі ретінде.

  27. Арнайы оқулықтар, жұмыс дәптерлері және басқа да оқу материалдарын көру, тірек-қимыл аппараты, есту, ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған жалпы сыныпта пайдалану қажеттілігі.

  28. Жалпы білім беретін мектепте ЕББҚ бар оқушыларды оқыту формалары: әр оқу түріне сипаттама беру.

  29. ППҚҚ ұғымы: ППҚҚ анықтамасы, құрамы, функциялары.

  30. ЕББҚ бар баланың оқу жұмысында психологиялық-педагогикалық қолдау және көмек көрсетудегі педагог-ассистенттің рөлі мен функциялары.

  31. ЕББҚ бағалау: ЕББҚ бағалаудың анықтамасы, мәні және мақсаттары.

  32. ЕББҚ бағалау кезеңдері. Мақсаттары, іс-шаралары (іс-әрекеттер) және ЕББҚ бағалаудың әрбір кезеңінің құжаттамары.

  33. ЕББҚбар оқушының жетістіктеріні мониторингі: анықтамасы, негізгі мақсаты, өткізу кезеңі.

  34. Бақылау ЕББҚ бағалау әдісі ретінде. Бақылау әдісінің анықтамасы және негізгі ерекшеліктері.

  35. ЕББҚ бар баланы бақылаудың кезеңдері мен алгоритмі. Бақылау нәтижелерін ресімдеу.

  36. ЕББҚ бар баланың жиынтық мінездемесі: құрастырудың мақсаты, құрастыру мен жобалаудың алгоритмі мен технологиясы.

  37. ЕББҚ бар баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы: тұжырымдамасы, бағдарламаның бөлімдері, рәсімеу, қашан және кім бекітеді, қалай қолданылады, өзгеріс кезеңі.

  38. Инклюзивті білім беру мекемесі жағдайында ЕББҚ бар балалардың ата-аналарымен жұмыс. ЕББҚ бағалаудың барлық кезеңдеріндегі ата-аналармен жұмыстың мазмұны мен формалары.

  39. МШ балалардың ата-аналарының типологиясы: анықтамасы, қысқаша сипаттамасы.

  40. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының проблемалары мен қиындықтары. МШ балалардың ата-аналарының бейімделу ерекшеліктері: стресс кезеңдері, эмоционалды реакциялар, бейімделу жолдары және бейімделе алмаушылық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет