І. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар бүгінгі көңіл күйлеріңді білдіретін суретті дәптерлеріңе сала қойыңдар.
ІІ. Өткен сабақтар бойынша органикалық қосылыстар кластарын қайталау:
1.Көмірсутектер, көмірсутектердің галогентуындылары, спирттер,фенолдар кластарының жалпы формуласын жазып, мысалдар келтіру
2. Көмірсутектер мен көмірсутектердің галогентуындыларының
3. Спирттер мен фенолдардың
алыну жолдары мен химиялық қасиеттеріндегі ұқсастық пен айырмашылықты ауызша есек түсіру.
III-кезең . Жаңа сабаққа әзірлік
Ой шақыру
Сабақтың тақырыбын биология пәнінің генетика бөлімімен байланыстыру арқылы оқушылардың өздеріне анықтату.
Сабақтың тақырыбы: Органикалық қосылыстардың- көмірсутектер, көмірсутектердің галогентуындылары, спирттер,фенолдар арасындағы генетикалық байланыс
IV – кезең. Жаңа білімді меңгеру
Мағынаны түсіну
Генетика – гректің «генезиз» «шығу тегі» сөзінің негізінде алынған, яғни органикалық заттардың шығу тегі. Органикалық қосылыстар – құрамына міндетті түрде көміртегі атомы кіретін (карбид, цианид, карбонат, көміртегі оксидтерінен басқа) заттар.
Заттардың жеке кластарының өзара байланысы арқылы бір-біріне айналуы генетикалық тектік байланыс деп аталады.
Органикалық қосылыстардың негізі Бутлеровтың құрылыс теориясы
Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы бойынша:
Органикалық зат молекуласындағы атомдар ретсіз орналаспайды, олар өздерінің валенттіліктеріне сай белгілі бір ретпен байланысады.
Органикалық заттың қасиеті оның молекуласының құрамына қандай атомдардың қанша мөлшерде кіретіндігіне тәуелді болумен қатар молекуладағы атомдардың өзара байланысу ретіне де (яғни химиялық құрылысына) тәуелді болады.
Молекула құрамындағы атомдар мен атом топтары бір-бірінің химиялық қасиетіне әсер етеді.
Заттың қасиеті арқылы оның молекуласының химиялық құрлысын анықтауға және керісінше оның молекуласының химиялық құрылысы бойынша заттың қасиетін болжауға болады
Осы қағидалар органикалық қосылыстардың құрмындағы С атомының ерекше қасиеттерін сипаттайды:
- өзара тізбектеліп, тармақталып, тұйық тізбек жасай жалғасуы;
- жай және еселі байланыстар түзуі;
- С атомдарынан түзілген тізбектің изомерленуі;
- гомологтік қатар түзуі.
Сондықтан органикалық қосылыстар кластарының арасында генетикалық байланыстар түзіледі .
V – кезең. Сабақты бекіту :
Өтілген материалдарды пайдалана отырып, түр өзгерістер арқылы генетикалық байланыстарды дәлелдеу жолдары туралы ойларын ортаға салу.
CH4 → CH3CI → C2H6 → C2H4 → C2H2 → C6H6 → C6H5-OH
Өз бетімен жұмыс
Генетикалық қатарлар бойынша төмендегі тапсырмалар орындалады:
а) тізбекте қатысып тұрған заттарды жіктеу және атау
ә) органикалық қосылыс құрамындағы көміртегі атомының тотығу дәрежесін анықтау
б) реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіп, реакция теңдеулерін жазу
в) генетикалық қатарды пайдалана отырып заттардың массасы не көлемін анықтау
Мысалы: Құрамында 15% қоспасы бар 50л метаннан 80%-дық шығыммен қанша этан алуға болады?
Тапсырмалар «тез», «орта», «баяу» оқушылардан топтастырылған үш топпен орындалады. Әрбір топта берілген тапсырмаларды «баяу» оқушылар орындап, «орта» деңгейдегі оқушылар тексеретін болса, ойлау, қабылдау қабілеттері «тез» оқушылар берілген тапсырма негізінде жаңа тапсырма мәтінін әзірлеп өз тобында талдай отырып орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |