Қоскөл ауылдық округінің әкімі А. С. Бекетовтың 2016-жылы атқарылған жұмыстары бойынша қорытынды есебі Құрметті ауыл тұрғындары! Слайд 1



Дата18.03.2017
өлшемі123,07 Kb.
#11881
Қоскөл ауылдық округінің әкімі

А.С. Бекетовтың

2016-жылы атқарылған жұмыстары

бойынша қорытынды есебі
Құрметті ауыл тұрғындары!
СЛАЙД 1
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын іске асыру мақсатында Қоскөл ауылы әкімінің 2016 жылдың қорытынды есебін беруге рұқсат етіңіздер.

Есепті уақытта ауылдық округ экономикасының дамуын, ауылдық округ халқының әлеуметтік қорғалуын, ауылдық округтің ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, негізгі міндеттер ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан Халқына Жолдауын, 2015 жылғы 20 мамырдағы 100 нақты қадам бағдарламасын, аудан әкімдігінің, аудан әкімінің тапсырмаларын орындауға бағытталған және жоғары органдардан түскен құжаттардың жүзеге асырылуына ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, 2016 жылы 100 нақты қадам бағдарламасынының ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану бойынша, барлық пайдаланылмай жатқан жерлерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға қайтару, ет өндірісі мен өңдеуді дамыту арқылы шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау бойынша жұмыстар басты бағыт ретінде алынды, сонымен қатар осы жұмыстар 2017 жылы жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жыл 27 қаңтартағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған он бағыттың, үшінші бағыты өңірлерді дамытуға арналған болатын. Жолдауда Ұлт Көшбасшысы «Қуатты Қазақстан дегеніміз – ең әуелі өңірлердің қуаттылығы» екенін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіріп, барша жергілікті даму мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейту аса маңызды» екенін айтып Үкіметке Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуге тапсырыс берген болатын.

Жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілді.

Осымен айтқым келгені, Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы аясында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ауылымызда өз бюджетіміз бар, олар келесі салықтардан тұрады:



  1. ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы;

  2. мүлкі ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

  3. жер учаскесі ауылда орналасқан жеке тұлғалардан алынатын елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

  4. аудандық маңызы бар ауылда тіркелген жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы

  5. жер учаскесі аудандық маңызы бар ауылда орналасқан заңды тұлғалардан алынатын елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

  6. аудандық маңызы бар ауылда тіркелген заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы.

2017 жылғы 1 қаңтарға айтылған салықтардан түскен қаражат 1 млн. 51 мың 564 теңге көлемінде. Осы қаражаттарды жергілікті қоғамдастық жиналысында келесі жұмыстарға жұмсау жоспарлануда:

  1. Әкімдік пен мәдениет үйінің алдына «Ер есімі – ел есінде» атты сквер құрылысына сметалық құжаттарды әзірлеуге;

  2. Бюджеттік қызметшілерге 2 пәтерлі жер үйдің құрылысына сметалық құжаттарды әзірлеуге;

  3. Наурыз мейрамы мерекесіне ауылды көшелерін безендіруге.


Ауылдың әлеуметтік жағдайы
СЛАЙД 2
Ауылдық округте тұратын жалпы халықтың саны 2017 жылғы 1 қаңтарға 632 адамды құрады (2015 жылы 630 адам).
Анықтама - 2017 жылғы 1 қаңтарға халық саны 632 адам, оның ішінде:

- 256-ы ерлер;

- 376-і әйелдер;

- 41 адам зейнет жасындағылар;

- 15 адам жұмысқа жарамсыздар есебінде тұрғандар.
«Жезқазған-Бейнеу» темір жолының «Қоскөл», «Көктал» станцияларында және соларға қарасты разъездтерде жаңа жұмыс орындарының ашылуынан, қазіргі таңда жұмыспен қамтылған адам саны 408-ға жетті. Ауылға 2015 жылы 3 отбасы көшіп келді.

2016 жылы ауыл әкімдігі әлеуметтік бағдарламаға сәйкес аз қамтылған отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасыларды нақты анықтап, мемлекеттен алатын тиісті жәрдемақыларын тұрақты және уақытылы алуын ұйымдастырды.


Денсаулық сақтау саласы
СЛАЙД 3
Денсаулық сақтауды дамытудағы мақсат азаматтарға алғашқы медицина-санитарлық көмектiң және дәрiгерлiк жәрдемдi көрсетудiң тиiмдi жүйесінiң жақсартылуы болып табылады. Ауылдағы ФАП-та 1 фельдшер, 1 медбибі қызмет жасайды. 2015 жылы ауылда 13 нәресте дүниеге келсе, 2016 жылы бұл көрсеткіш 16-ға дейін өсіп отыр. Қайтыс болғандар жоқ. Туберкулезбен, басқа да түрлі жұқпалы аурулармен ауыратын азаматтар жоқ. Балаларды егіп-емдеу жұмыстары арнайы кесте бойынша жүргізіледі.
Селоның сыртқы көрінісі
СЛАЙД 4
Аудан әкімінің «Елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық» туралы өкімін басшылыққа ала отырып, селоны абаттандыру жұмысы жүйелі жүргізілді. Елбасы жолдауындағы тақырыптар бойынша 12 бильборд, 4 баннер және стендтер жасалынды. Өткен жылы 120 түп ағаш мекемелер мен жеке аулаларға отырғызылды. Қоскөл селосын сәулеттендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Қоскөл ауылының орталығынан 2014 жылдан бері нысан салу үшін 25 азаматқа жер берілді. Оның ішінде 11 жер иеленуші құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс жұмыстарын бастамаған азаматтардың жер телімдері 2016 жылы берілген. Жер иеленуші азаматтарға жерді пайдалану тәртібі туралы ескертілген.


Жеке кәсіпкерлер саласы
Ауылда 6 жеке тұлға жеке кәсіпкірлікпен айналысады. Оның төртеуі дүкен ұстап, саудамен айналысады. Орталық монша, наубайхана тұрақты жұмыс жүргізуде. Барлығы потенттік жүйемен жұмыс жасайды.

2014 жылы Нұржан Акмалович Макашов асхана құрылысына Сыздықов көшесінен 1000 шаршы метр көлемінде жер алған болатын. Осы нысанның ашылуы ағымдағы 2017 жылы жоспарлануда.


Коммуналдық шаруашылық саласы
СЛАЙД 5
Ауыл әкімдігі халыққа ауыз-су, электр қуаты тұрақты қамтылуын бақылауда ұстайды. Елді мекенде 9 су құбыры үзіліссіз жұмыс істеп тұр. Арнайы 2 су маманы жұмыс атқарады. 45 отбасына орталық су құбырынан су жүйесі тартылған. Тұрғындардан ауыз суға ешқандай берешек жоқ, уақытылы төленуде.
Ауылдың ішкі электр жүйесі толықтай жұмыс жағдайында.

Дегенмен, 2016 жылдың 29 қаңтарында жоғарғы кернеулі трансформатордың істен шығуына байланысты ауыл электр қуатысыз қалды. Осы мәселе Сіздің, Хамит Нұрланұлы тікелей араласуыңыздың және теміржол басшылығының көмегінің арқасында қыс айының қолайсыздықтарына қарамастан қысқа мерзімде жеткізіліп, ауылдың ішкі электр жүйесі қалыпты жұмыс жасады.

Әкімдік, ФАП және мектеп ғимараттары ғаламтор жүйесіне қосылған. 45 абонентті телефон, «Билайн» ұялы байланыс жүйесі жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар ауылымыздың келешекте үлкейеді деген сеніммен Теле2, Актив және Алтел ұялы байланыс операторларына ұсыныстар жолданды.

Көктемгі, күзгі санитарлық тазалау жұмыстары кезінде селодан күл-қоқыс шығарылып арнайы орынға төгілді. Тазалық жұмысына селодағы мекемелер мен барлық ауыл тұрғындары және 2 техника тұрақты қатысты.


Жастар саясаты
СЛАЙД 6
Ауылдағы жастар бар мүмкіндігінше жұмысқа орналастырылуда. 2015 жылы темір жол құрылысына 26 адам уақытша орналасып, оның 21-і тұрақты тұрса, 2016 жылы тұрақты жұмысқа орналасқан адамдар саны 29-ға жетіп отыр.
Ауыл шаруашылығы саласы
СЛАЙД 7
Ауыл бойынша жеке шаруа қожалықтарының саны – 55, оның барлығы мал шаруашылығымен айналысады.

Өткен жылдармен салыстырғанда ауылдық округте мал басының өсуі байқалады.


Анықтама:

2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы:

- ұсақ мал басы 21785 тен 21813 ке дейін көбейген, яғни 28 ге;

- жылқы басы 1578 ден 1587 ке дейін көбейген, яғни 9 ға;

- ірі қара басы 3102 ден 3290 ға дейін көбейген, яғни 188 басқа;

- түйе саны 74 бас, құс 380 қалпында өзгеріссіз қалған.
Ауыл орталығының барлық тұрғындары, шаруа қожалықтары қыстық жем-шөппен толықтай қамтылған.

Аудандық ветеринарлық станцияға қарасты ауылда 3 ветеринар маманы жұмыс жасайды.

Биылғы жылы Қоскөл селосында тіркелген «Досжанов» шаруа қожалығы МТЗ-80 тракторын алды. Құжаттары толықтай аудандық ауылшаруашылығы бөліміне өткізілді. Мал бордақылау жұмысын жүргізу үшін «Алибеков Б» шаруа қожалығы «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 3 млн теңге несие қаражатын алды.

Селолық округте ірі-қара малын асылдандыру жұмысымен айналысып отырған 7 шаруа қожалығы үкіметтен берілетін субсидияға құжаттарын толықтай өткізді.

2016-2017-жылдарға мал азығын дайындау жұмыстарын жүргізу бойынша жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды. Барлық шаруа қожалықтары мен село орталығындағы жеке қосалқы шаруашылық иелері жем-шөппен толықтай қамтамасыз етілді.

Алдағы 2017-жылға жоспар бойынша «Абилов» шаруа қожалығы лизинг арқылы МТЗ-82 тракторын, «Сыбаға» бағдарламасы арқылы «Айбеков» шаруа қожалығы ірі-қара малын және «Құлан» бағдарламасы арқылы «Мусанова» шаруа қожалығы жылқы малын алуды жоспарлап отыр.



Мал ауруына келетін болсақ, округте ірі қара малының шығыны орын алды. Ол «Ембергенов Д.» шаруа қожалығында «қатерлі ісік» ауруынан мал шығыны болды. Бүгінгі күні дерттің алды алынып, ахуал бір қалыпты.
СЛАЙД 8
Білім беру саласы
«№11 Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2015-2016 оқу жылын 66 (дайарлық сыныбын қосқанда 80 оқушы) оқушы аяқтаса, биылғы жылы оқушы саны көбейіп, 78 (дайарлық сыныбын қосқанда 88 оқушы)оқушыға жетті. Білім сапасыда едәуір жоғарылады. 2015-2016 оқу жылында 60,3 аяқтаса, қазіргі таңда білім сапасы 62,3 жетіп отыр. Мектеп жанындағы «Балдырған» шағын орталығында да тәрбиеленушілер саны артты. Қазіргі таңда 25 бала тәрбиеленіп жатыр. Жыл сайын жас мамандар қатары артуда. Оның ішінде педагогикалық өтілін енді бастаған маман - 3. Әрбір жас маманға тәлімгерлер бекітіліп берілді.
Кәсіби біліктілігін көтеру курстары мен Кембридж тәсілі бойынша курстан өткен мұғалімдер туралы мәлімет



Аты- жөні

Сертификат №, мерзімі, орны

Пәні (бағыты)

Тақырыбы

1

Тусупбеков Ербол Сакташович

ШС 02050

4-9 қараша 2015жыл

Тарих

ҰБТ-2016 дайындық аясында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебінің тыңдаушысы

2

Тусупбекова Асель Доскеновна

ШС 00777

4-9 қараша 2015жыл

ИФМ

ҰБТ-2016 дайындық аясында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебінің тыңдаушысы

3

Ахметова Роза Орынбековна

ШС 01427

4-9 қараша 2015жыл

ИФМ

ҰБТ-2016 дайындық аясында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебінің тыңдаушысы

4

Сейтбеков Мешітбек

23-24 желтоқсан 2013 жыл

Дін тану

Семинар «Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында діни экстремизмнің алдын-алу іс-әрекетін күшейту»

5

Бахадырова Мадина Сериковна

769731

2016 жыл

Химия

КИО Республикалық Дистанциялық Олимпиада




Анихан Асылзат Канатовна

797161

2016 жыл

Психология

КИО Республикалық Дистанциялық Олимпиада

6

Тортаева Айгуль Сериковна

ДО-16-02-04463

2016 жыл

Биология

І-орын

ІІ Республикалық Дистанциялық Олимпиада

ІІ Республикалық Дистанциялық Олимпиада

Мұғалімдердің барлығы Кембридждік бағдарлама негізінде оқу курстарын ойдағыдай аяқтады. Барлығы да тестен жоғары ұпайлар алды.
Мектептің жетістіктеріде жетерлік, атап айтқанда:

  1. Тортаева Айгул Сериковна «Үздік мұғалім» номинациясы, аудандық дәрежеде, 2016 жыл;

  2. Түркебаева Мөлдір, Облыстық кезең, «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы, ІІ-орын «Әнші-бұлбұлдар»;

  3. Мүгір Бибатима, аудандық ғылыми жобалар жұмысы, бас жүлде;

  4. Уәлишер Тоқтар, «Самұрық қазына» компаниясының ұйымдастыруымен болған шығармалар байқауынан өтіп, 1 апталық «Туған елге саяхат» бағдарламасы бойынша еліміздің қалаларын аралап қайтты;

  5. Өмірзақ Арай биолиогия пәні бойынша аудандық пәндер олимпиадасынан І орын.

Мектептің жылу қазандығы 2016 жылдың желтоқсан айында күрделі жөндеуден өтті. 2016-2017 оқу жылына 360 тонна көмір түсірілді.
Мәдениет саласы
Мәдениет үйінде барлық даталы күндер, мереке күндері ауыл жастарының қатысуымен аталып өтіледі. Қазіргі таңда 10 адамнан құрылған еңбек ұжымы бар. Олар жыл бойында барлығы 28 іс-шаралар, жоспар бойынша бекітілген мерекелік концерттер ұйымдастырылып, ауыл халқының назарына ұсынылуда.

Былтырғы жылы кітапханаға 186 жаңа кітап келді. Жалпы кітапханада 9578 кітап қоры бар. Кітапхана 2016-жылғы оқырманының саны – 2612. 2008 жылдан бастап кітапхана жаңа кітаптармен толығуда.


Участкелік полиция қызметкерінің жұмысы
2016 жылы участкелік полиция қызметкерімен 28 тәртіптік хаттамалар толтырылды, оның 7-і ауласын тазаламағаны үшін ескертулер болса, қалған 21 жол ережесін бұзғаны үшін айппұлдар.

Ауыр қылмыс ретінде 1 іс тіркелді, ол «Ембергенов Д.» ШҚ-ның 72 бас ірі қара малының ұрлануы. Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп, территориялық қаралуына байланысты құжаттар Ақтөбе облысына жөнетілді.



Сонымен қатар участкелік полиция қызметкерімен 2016 жылы 3 есеп беру жиналыстары өткізілді.
Ауылдағы аудан әкімдігінің көмегімен атқарылуы тиіс жұмыстар


  1. "Қоскөл-Жезді" бағытындағы көтерме жолға 2016 жылы ағымдағы жөндеу (қыру, тегістеу) жұмыстарының толыққанды жүргізілмеуі.

"Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары

басқармасы" ММ-нің басшысы А.К.Санаубаровқа Қоскөл ауылы тұрғындарының атынан хат жолданған. Алайда, қазіргі уақытқа дейін тегістеу жұмыстары әлі де болса жүргізілмей отыр.

  1. Селолық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Қоскөл селолық Мәдениет үйі 1978 жылы салынған. Ғимаратқа осы уақытқа дейін сол мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлердің күшімен жөндеу жұмыстары жасалынды. Алайда толық күрделі жөндеу жұмысы болмағандықтан, қыс мезгілінде ғимараттың суықтығынан іс-шараларды толығымен өткізу мүмкін емес.

  1. Селодағы жалпы орта білім беретін мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Қоскөл селосында орналасқан жалпы білім беретін орта мектеп

1978 жылы салынған.

Осы уақытқа дейін толыққанды күрделі жөндеу жұмыстары жасалмаған.

Сол себепті, мектеп терезелерінің тозығы жетіп, қыс мезгілінің қатты

ауа-райында оқушыларға сабақ өткізу мүмкіндігі болмау қауіпі бар.

  1. Бюджеттік қызметкерлерге қызметтік үй салу.

Теміржолда жалақының көлемі бюджеттік сала қызметкерлерінен

көп болуына байланысты, тәжірибелі қызметкерлердің теміржол

саласына жұмыстарын ауыстыру жағдайлары көбейіп отыр.

Осы себептен және бюджеттік салаға жұмысқа тұруға ынталандыру

мақсатында 1 екі басты үй салу.

  1. Ауыл электрик жұмыскерінің жалақысын көтеру

Қазіргі уақытта, село бойынша барлық ток жүйесі ағымдағы жөндеу

жұмыстарын талап етуде.

Осы жұмыстарды атқаруға міндетті жұмыскер жалақысының аз болуына байланысты, әзірге табылмай отыр.

Бүгінгі күнгі айлық көлемі 15 мың теңгені құрайды.
Назар аударғандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет