Основы массопередачи


ХІ-2 сурет. Абсорбенттің меншікті шығынын анықтау



бет4/36
Дата26.09.2022
өлшемі396 Kb.
#150750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
қосымша

ХІ-2 сурет. Абсорбенттің меншікті шығынын анықтау
3) теңдеу абсорбциялық аппаратта концентрация өзгерісі түзу сызықты өтетінін көрсетеді, яғни Y-X координаттарында жұмысшы сызық тангенсі ℓ=L/G-ға тең көлбеу бұрышты түзу болып табылады. 3-теңдеуге сәйкес координаттары Xб және Yс болатын В нүктесі арқылы (XI-2-сурет ) абсорбенттің әртүрлі концентрациялары немесе үлесті шығындарына сәйкес координаттарына сәйкес келетін ВА, ВА1, ВА2, ВА3 жұмысшы сызықтарын өткізейік. Осы кезде А, А1, А2, А3 қоспада газдың берілген бастапқы
концентрациясына сәйкес бір горизонталь түзу бойында жатады.
Концентрациясы төмен ерітінділер жағдайында Х пен таңдалған I шамасының кез келген мәні үшін жұмысшы сызық пен Y* = f(X) тепе-теңдік сызығының сәйкес нүктелерін біріктіретін тік кесінділермен бейнеленген Y—Y* ординаталар айырымы арқылы үрдістің қозғаушы күші сипатталады. Бүкіл аппарат үшін DFоp орташа мәнін қабылдауға болады, оның шамасы мысалы, BAl жұмысшы сызығы үшін суретте DYорт1 кесіндісімен бейнеленген. Жұмысшы сызықтардың көлбеулігі неғұрлым үлкен болса, яғни абсорбенттің үлесті шығыны неғұрлым көп болса, DYорт шамасы соғұрлым үлкен болады. Егер ВА жұмысшы сызығы вертикальмен сәйкес келсе, онда үрдістің қозғаушы күші максималды мәніне ие болады, алайда осы кезде абсорбенттің үлесті шығыны I тексіз көп болады (себебі Хк = Хн). Ал егер ВА3 жұмысшы концентрациялар сызығы тепе-теңдік сызығымен жанасатын болса, онда абсорбенттің үлесті шығыны минималды болады (I = lmin), ал жансу нүктесінде қозғаушы күш нольге тең, себебі бұл нүктеде жұмысшы концентрация тепе-теңдік концентрациясына тең болады. Бірінші жағдайда абсорбенттің шексіз көп шығынында абсорбциялық аппарат көлемі шексіз үлкен болғанда абсорбент шығыны ең кіші болады. Осылайша, екі жағдай да шекті болып табылады және де айтарлықтай мүмкін емес.
Шынай абсорбциялық аппаратта фазалар арасында тепе-теңдік болмайды және әрқашан Хк < Х*к болады, мұндағы Х*к берілетін газбен тепе-теңдікте болатын сұйықтағы сіңірілетін газ концентрациясы. Осыдан шығатыны I мәні жұмысшы сызықтың шекті жағдайына (ХІ суреті ВА3 сызығы) сәйкес келетін lmln минималды мәнінен әрқашан жоғары болуы тиіс. lmin мәнін Хк -ті Xк*ға ауыстырып (3) теңдеу бойынша анықтауға болады:
(4)
Абсорбенттің үлесті шығыны l аппарат биіктігінің төмендеуімен қатар оның диаметрінің белгілі дәрежеде өсуіне әкеелетінін ескерте кетен жөн. Бұл l-дің өсуімен сіңіргіш шығыны L –да өсетінімен түсіндіріледі, бұл кезде аппараттың диаметрін анықтайтын рұқсат етілген газдың аппараттағы жылдамдығы төмендейді. Сондықтан, абсорбенттің үлесті шығыны технологиялық шарттармен берілмеген болса, яғни абсорбенттің соңғы концентрациясы Хс берілмегенде абсорбциялық аппарат көлемі мен абсорбенттің үлесті шығыны арасында I шамасы мен аппарат көлемі ыңғайлы болатын ара қатынасты таңдау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет