Основы массопередачи


Экстракциялы аппараттардың құрылғысы



бет26/36
Дата26.09.2022
өлшемі396 Kb.
#150750
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Байланысты:
қосымша

Экстракциялы аппараттардың құрылғысы

Экстракция мен еріту процесін жүргізетін аппараттың құрылысына, мынадай негізгі талаптар қойылады:

  1. Аппараттың жұмыс көлемінің бірлігінде ерітіндінің шығымымен сипатталатын жоғары меншікті өндіргіштігі.

  2. Алынатын ерітіндінің ең жоғарғы концентрациясын алу.

  3. Соңғы ерітіндінің көлем бірлігіне энергияның төмен шығыны

Экстракция жэне еру аппараттары периодтық жэне үздіксіз жұмыс жасайтын болып екіге бөлінеді. Фазаның бағыты бойынша аппараттарды тура ағынды жэне қарсы ағынды, сонымен қатар аралас ағынды принципі бойынша жұмыс жасайтын аппараттар деп бөлуге болады.
Қатты бөлшектердің сұйықпен ағу жылдамдығын тудыру бойынша аппараттар бөлінеді: қатты материалдың қозғалмайтын қабатты, механикалық араластырғышы бар, салмақты немесе қайнау қабатты.
Периодты әрекет ететін аппараттардың өнімділігі төмен болғандықтан, аз тонналы өндірістерде қолданылады және қыздырғышпен жабдықталған араластырғыш құрылғысы жоқ және араластырғышы бар аппараттарды береді. Өндіріс тәжірибесінде үздіксіз әрекет ететін аппараттар кең қолданылады.
Қатты метериалдың қозгалмайтын қабаты бар аппарат. Бұл аппараттарда сұйықтың қабаты арқылы филтрлегендегі қозғалыс жылдамдығы сұйықтың қозғалыс жылдамдығына ұқсас.
Осы типті ең қарапайым аппарат - жалған түпті (решетка) ашық резервуар, ол ашық нутч-фильтрге ұқсайды. Торға қатты материалдың бір қабаты тиеледі, жоғарыдан төменге қарай еріткіш өтеді. Қозғалыстың былай жүруі аппараттың ағымын сұйықтықпен біркелкі түрде толтырады да қозғалыс күшін төмендететін көп концентрленген ерітінді мен аз концентрленген ерітіндінің араласуы болмайды. Сілтіленген қатты қалдықты түсіру периодты түрде жүргізіледі. Әсіресе жиігірек гидравликалық әдіспен - аппараттағы қатты материалды сумен шаяды.
Онша биік емес қабатпен сұйық қозғалғанда жеткілікті жоғары концентрленген ерітінде алуға мүмкіндік бермейді. Бөлу дәрежесін және өндіргіштігін жоғарылату үшін түбі жалған жабық герметикалық аппараттарды қолданады (жабық нутч- фильтрге ұқсас), олар диффузор атауына ие болған «ХІІІ-30, а суреті).
Диффузор батареясы ағынға қарсы принципі бойынша жұмыс жасайды, яғни жаңа еріткіш сілтіленген материалмен әрекеттеседі, ал концентрленген ерітінді жаңа қатты материалмен әрекеттеседі. Қазіргі кездегі құрылғыларда диффузордың жартылай үздіксіз жұмысы жағдайында операцияның алмасуы автоматты түрде жасалынады.
Қозғалмайтын қабатты аппараттың кемшілігі қатты бөлшектің сұйықтықпен ағуы біртекті емес және тұнған зонаның пайда болуы бөлшектердің беттесу нүктесіне жақын. Фильтрлеу жылдамдығының көтерілуі ұсақ бөлшектердің сұйықтықпен кетуімен және гидравликалық кедергінің өсуімен шектеледі. Сондықтан бұл аппараттар біртіндеп үздіксіз істейтін аппараттармен ығыстырылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет