Основы массопередачи


Механикалық араластырғышы бар үздіксіз әрекет ететін аппараттар



бет27/36
Дата26.09.2022
өлшемі396 Kb.
#150750
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
Байланысты:
қосымша

Механикалық араластырғышы бар үздіксіз әрекет ететін аппараттар. Бұл топтың кең раған аппараттарына шнекті экстракторлар жатады ( XIII-31 суреті).
Шнекті аппараттар фазалардың тура ағынды және қарсы ағынды принципі бойынша жұмыс істейді. Кейде шнекті аппараттар комбинирленген әдіспен жұмыс істейді. Үрдіс бір бірімен ілесе байланысқан екі аппаратта өтеді, олардың біріне бастапқы қатты материал түседі, ал екіншісіне таза еріткіш түседі. Бұл жағдайда бірінші аппаратта фазалар тура ағынмен, ал екіншісінде кері ағынмен қозғалады.
Бұл типті аппараттар жұмыста сенімді және жоғары өнімділік береді. Мұнымен бірге оларға металл көп жұмсалады, үлкен және электроэнергияның көп шығынын қажет етеді. Шнекті аппараттардың меншікті өнімділігі үлкен емес, бұл бөлшектердің ағу жылдамдығымен және фазалардың беттесу бетінің біркелкілігімен түсіндіріледі. Фазалар арасындағы байланыс сұйықтың кейбір бөліктерінің секірісінің әсерінен нашарлайды, бұл фазалардың ерекше бөлінуіне негізделген, себебі қатты материалдың басым бөлігі астаудың төменгі бөлігіне тығыз қабат түрінде жылжиды.
Барабанды экстракторда үрдіс эффективті өтеді (XIII-32 суреті).
Барабанды экстракторларда шнекті экстракторға қарағанда меншікті өндіру басым және массаалмасу коэффициенті жоғары. Масса алмасудың жақсаруы барабанға қатты бөлшектерді салуда фазалардың беттесу бетінің жаңаруымен байланысты.
Кейбір жағдайда экстракцияны қатты материалды дымқыл ұсатумен біріктіруге болады және бір аппаратта жүргізуге болады. Экстракцияны бір мезгілде үгітумен жүргізу фазалардың беттесу бетін үздіксіз жаңартуға ықтимал етеді.
Салмақты немесе қайнау қабатты аппараттар. Мұндай аппараттарда қатты бөлшектің бүкіл беті процестің барлық кезінде экстракцияның интенсификациясына экелетін сұйықтықтың турбулентті ағынымен әрекеттеседі.
Құбырлы экстрак­тор (XIII-33 сурет). Кезекпен жалғанып орналасқан құбырлардан тұрады, олар арқылы сорғышпен ұсақ қатты бөлшектері бар сүйық (еріткіш ) айдалады. Құбырлы экстракторларда қарсы ағынды қолдану сұйықпен қатты бөлшектерді әкетуге кедергі келтіреді. Бұл жағдайда сатылы қарсы ағын сызбасы бойынша еріткіштердің жұмысын қолдануға болады, яғни мұнда фазалардың тура ағында жұмыс істейтін аппараттар секцияға біріктіріледі, олардың өзара бірігуі қарсы ағын принципі бойынша жүзеге асады.
Жалған қайнау қабатты құбырлы аппараттардың құрылғыларының бірі XIII-34 суретте көрсетілген.
Мұндай типті аппараттар құрылғысының қарапайымдылығымен және аз салмағымен ерекшеленеді. Оларда үрдіс жылдамдығы жоғары және бастапқы қатты материалдан мақсатты компоненттерді бөлу дәрежесі жоғары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет