Түймедақ гүлінің емдік қасиеті
Түймедақпен көптеген ауруды емдеуге болады. Түймедақ гүлі өт жолына тас байлану, тұмау, бас ауруына қарсы ем.
Өсімдіктен алынған эфир майы жүйке жүйесін әлдендіріп, ми тамырларын кеңітеді. Асқазан, ішек жолдарының жұмысын жақсартып, өтті жүргізіп, тәбетті ашуға көмектеседі. Бұлшық еттің жұмыс қабілетін арттырады. Сонымен қатар:
1) Суық тигенде екі шай қасық түймедақ гүлін 300 г суға қайнатып, 4 сағат бұқтырып тұнба жасау арқылы пайдалануға болады. Тұнбаны ертелі-кеш астан бұрын ішу қажет.
2) Асқазан ауруына екі ас қасық гүл үгітіндісін бір стақан қайнап тұрған суға салып, бір сағат жабық ыдыста бұқтырып алып ішу көмектеседі.
3) Бел ауырса, түймедақ гүлін ұнтақтап тұзы жоқ сары майға араластырып белге жағуға болады.
4) Тер шығаратын дәрі ретінде бір стақан гүл үгітіндісін қайнап тұрған суға салып, 40 минут бұқтырып алып қолданады. Тұнбаны сүзіп, ыстықтай ішкен дұрыс.
Дәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алады
Дәрілік түймедағы гүлінен дайындалған тұндырма ішуге, шайқауға, ванна қабылдауға, клизма жасауға тұнба күйінде ұсынылады. Асқазан мен жұмсартатын шөптер жиынтығына да қосады. Дәрілік түймедағының экстракты мен эфир майы «Ромазулан» препаратының құрамына кіреді. Сонымен қатар түймедақ гүлінен жасалған дәрілердің жел шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерлерді тыныштандыратын, денедегі бұлшық еттердің тырысуына қарсы әсер ететін қасиеті бар. Және де қан тоқтататын, микробты жоятын да қасиеті бар. Дене сыртындағы іріңді жараларды ванна жасау арқылы, тамақ бездері мен тіс түбіріндегі еттер қабынғанда ауызды және тамақты шаюға және шаштың қайызғағын кетіру үшін де пайдаланады7
Төрт түлік малға азық Емдік қасиеттері Қыстық
бар отынымыз
Өсімдіктер
пайдасы
Дәруменге толы азық Оттегі бөледі Үй жиһаздары
« Табиғатты қорғау – Отанды қорғау »
Осындай адам өмірінде
маңызы бар өсімдіктер
әлемін қорғау біздің
басты міндетіміз!
Зерттеу нәтижелері
Шортанды өңірінде өсетін өсімдіктер түрлерімен таныстым ;
Олардың өзіндік ерекшеліктерімен танысып ,бізге берер пайдасын түсіндім ;
Енді осы білгендерім арқылы зерттеу жұмыстарымды әрі қарай жалғастырамын.
Пікір
Степной орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы
Назым Мұратқызының эстетикалық бағыттағы «Менің өлкемнің өсімдіктері» - тақырыбында жазған жұмысы әрбір адамды қызықтырары анық.
Бұл зерттеу жұмысында Шортанды өңірінде өсетін өсімдіктер түрлеріне тоқталған.Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын анықтай отырып,адам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланыста екенін аңғартады.Өз өлкемізде өсетін өсімдіктер пайдасын ұғына отырып, оларды қорғауға шақырады. Көптеген мағлұматтар жинай отырып, өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы зор екендігін дәлелдеді. Бұл жұмысты Мұрат Назым қатты қызығушылықпен зерттеді. Болашақта Назымнан үлкен үміт күтуге болады деген сенімдемін.
Жетекшісі: Маденова Ш.С.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. “Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары”.
Алматы-1978 жыл
2.”Дүниетану” оқулығы 4-сынып Алматы баспасы.
3.”Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы”.
4.”Пайдалы кеңес” журналы.
5.”Сұрақ және жауап”энциклопедиясы.
6. Ғаламтор желісі
Достарыңызбен бөлісу: |