Контрастивтік зерттеулердің нысаны - кем дегенде екі тілді салыстыру немесе салғастыру. Ол тілдерді салыстырып, салғастырғанда генетикалық, ареалдық ұқсастықтары, типологиялық жағынан алыс-жақындығы есепке алынбайды.
Пәні
Контрастивтік зерттеудің пәні - салыстырылып және салғастырылып отырған тілдер арасындағы ұқсастықтар (сәйкестіктер) мен айырмашылықтар. Тілдер арасындағы мұндай ұқсастықтар мен айымашылықтар тілдің барлық деңгейінде болады. Сондықтан контрастивтік лингвистикада екі тілдің барлық деңгейлерін, атап айтқанда, фонетикалық, фонологиялық, лексикалық,морфологиялық және синтаксистік жүйелерін салыстырып, салғастыруға болады. Мұндай зерттеулердің нәтижелері шет тілін оқып, үйренуде өте пайдалы.
ХХ ғасырдың соңғы ширегіне қарай жалпы тіл білімінде ол бөлек бағыт болып қалыптасты. Контрастивті тіл білімінің ғылым ретінде дамуын көбіне Р. Ладоның 1957 жылы шыққан (linguistics across Cultures) «Линвистика мәдениет арқылы» (аударма біздікі Ж.Е.) еңбегімен байланыстырады. Сонымен қатар, контрастивті лингвистика Прага мектебінің незінде де өркендей түсті. Оның қалыптасуына француз тілді аудиторияда неміс тілін оқыту қажеттілігінен туындаған