|
Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін қалыптастырудағы мұғалім қызметін зерттеу
|
бет | 5/12 | Дата | 26.05.2020 | өлшемі | 37,62 Kb. | | #71222 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: Өзара сабаққа енуОқушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін қалыптастырудағы мұғалім қызметін зерттеу
Бағдарламасы:
сабақ мақсатына сай оқушылар қызметінің ұйымдастырылуы;
оқушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін қалыптастыруда қолданылатын әдіс – тәсілдердің тиімділігі;
білім беру технологияларының қолданылуы:
оқушылардың ой – өрісінің дамуына мұғалімнің ықпалы;
жас ерекшеліктерінің ескерілуі;
оқушылардың білімін есекере отырып, дифференциалды қарым – қатынас жасау;
т.б;
Оқушылардың біліміне бақылау жасау және оны есепке алуды жүзеге асырудағы мұғалім қызметіне зерттеу жүргізу.
Бағдарламасы:
мұғалімнің күнделікті сабақ жоспарында оқушылардың білімі қалай тексерілгендігін қарау;
сабақ барысын бақылау және сынып журналын тексеру арқылы оқушылардың баға қорын, оқушыларға қойылатын бағаның нақтылығын зерттеу;
үлгерімі төмен және үлгермеуші оқушылармен жүргізілетін жұмыс формасына назар салу;
оқу бағдарламасының меңгерілуін бақылау және оны оқушылардың қабылдауын есепке алу формаларын анықтау;
оқушылардың білімін тексеру барысында олардың білім деңгейлеріне қарай фифференциялды ықпалдың жүзеге асуы;
оқушылардың біліміне бақылау жасау технологиялары мен әдіс – тәсілдері;
т.б.;
Сабақта оқушылармен жүргізілетін практикалық, сарамандық, өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуы барысын зерттеу.
Бағдарламасы:
сабақ барысында практикалық, сарамандық, өзіндік жұмыстың орынды ұйымдастырылуы, нақтылығы, дұрыстығы және қойылған мақсаттың айқындылығы;
Мұғалім өзіндік жұмыстың қандай бағыттарын жүргізуді практикаға айналдырған?
практикалық, сарамандық жұмысты жүргізудегі қолданылатын әдіс – тәсілдердің тиімділігі, пайдасы;
практикалық жұмыстың оқушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін қалыптастыруға ықпал ету дәрежесі;
практикалық жұмыстың ұйымдастырылуында оқушылардың білімділік деңгейлері есепке алына ма?
практикалық жұмыстың орындалуы сапасы, кездескен қиындықтар, кемшіліктер және оларды шешу қалай жүзеге асырылатындығын анықтау;
т.б.;
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|