Қостанай, 017 ОӘЖ 005 (075) кбж 65. 292-93 (5Қаз)я73 у-12



Pdf көрінісі
бет38/82
Дата04.10.2023
өлшемі1,98 Mb.
#183667
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82
Байланысты:
uakpaeva m kajyrbaeva g korporativtik karzhy

Пайда – 
бұл кірістердің шығыстардан артығы. Кері ереже залал деп 
аталады. Экономикалық тұрғыдан пайда – бұл ақша түсімдері мен ақша 
төлемдері арасындағы айырым. Шаруашылық тұрғысынан пайда – бұл 
кәсіпорынның мүліктік жай-күйінің есепті кезеңнің басындағы және 
аяғындағы арасындағы айырмашылығы. 
Пайда функциялары: 
1) пайда- кәсіпорын қызметінің өлшемі мен көрсеткішінің тиімділігі 
болып табылады; 
2) пайда- ынталандыру функциясына ие; 
3) пайда- түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысын қалыптастырудың кіріс 
көзі болып табылады. 
Пайданың келесі көрсеткіштері: баланстық пайда; өнімді сатудың 
пайдасы, тауарлар мен қызметтердің пайдасы; өзге сатылымдардың пайдасы; 
операциялардан тыс өткізудің қаржылық нәтижелері; салық салынатын табыс; 
таза пайда. 
Баланстық пайда, өнімді сатудың, басқа да салылымдардың, өткізу 
операцияларынан тыс табыстардың қаржылық нәтижелерін қамтиды (10-
суретті қараңыз). 
Басқа сатылымдардың пайдасы - бұл негізгі құралдарды сатудан түскен 
пайда, олардың өзгеше шығуы, кәсіпорынның өзге де мүліктерін сату – ол 
кәсіпорынның негізгі қызметінің түрлерімен байланысты емес қаржы нәтижесі. 
Ол корпорация теңгерімінде тұрған әр түрлі мүлікті басқа жаққа сатудың өзге 
де сатылымдарының пайдасын (шығынын) көрсетеді. 
Корпорация өзінің мүлкіне дербес билік етеді. Ол есептен шығаруға
сатуға, жоюға, беруге, басқа кәсіпорындардың жарғылық қорына ғимараттарды, 
құрылыстарды, жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да негізгі 
қорларды, ғимараттарды,имараттарды бұзу және бөлшектеу процесінде 
алынған материалдық құндылықтарды, құрылыстарды, жекелеген объектілерді, 
тауарлық-материалдық құндылықтар мен басқа да мүлік түрлерін сатуға 
құқылы. Тек аталған мүліктің түрлерін сату кезінде ,сонымен бірге кейбір 
жағдайларда амортизация жасалмаған объектілерді шығарған кезде ғана 
қаржылық нәтиже орын алады. Негізгі қорларды іске асыру кезінде қаржылық 
нәтижесі негізгі құралдар жағында сату бағасымен сатылған және олардың 
сату кезінде шеккен шығыстарын ескере отырып, қалдық құны арасындағы 
айырма ретінде айқындалады. 
Корпорациясының өзге мүліктері ретінде шикізат, материалдар, отын, 
қосалқы бөлшектер, материалдық емес активтер (патенттер, лицензиялар, сауда 
маркалары, ЭЕМ-ға бағдарламалық өнімдер, және т. б.), валюталық 
құндылықтар, бағалы қағаздар түсініледі.Кәсіпорынның осы мүлік түрлері мен 


70 
сату бағасы арасындағы айырмашылық және олардың баланстық құны (осыған 
байланысты шеккен шығындар ескере отырып) қаржылық нәтижені құрайды. 
Сурет 10– Корпорацияның баланстық пайдасын қалыптастыру сызбасы 
Операциялардан тыс сатудың қаржылық нәтижелері– бұл кәсіпорынның 
негізгі қызметіне қатысы жоқ және өнімді,негізгі құралдарды, кәсіпорынның
өзге де мүліктерін өткізумен байланысты емес, жұмыстарды орындау, 
қызметтерді көрсетудің түрлі сипаттағы операциялары бойынша пайда. Қаржы 
нәтижесі жүзеге асырылмаған операциялар бойынша шығыстарды шегергендегі 
кірістер ретінде анықталады.
Пайданы қалыптастыру процесіне екі топ факторлар әсер етеді: 
1) сыртқы факторлар деп кәсіпорын өніміне нарықтық баға белгілеу 
шарттары, сонымен бірге жүзеге асырылмаған кірістер мен шығыстардың
кейбір баптарын қалыптастыру жағдайы түсініледі. 
Өнімді сатудан түскен түсім 
(жұмыс, қызмет) 
Өзіндік 
құны 
ҚҚС, 
акциздер
Өнімді өткізуден 
түскен пайда 
Басқа да 
сатудан 
пайда 
өткізуден 
тыс қаржы 
нәтижелері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет