Қостанай, 017 ОӘЖ 005 (075) кбж 65. 292-93 (5Қаз)я73 у-12



Pdf көрінісі
бет37/82
Дата04.10.2023
өлшемі1,98 Mb.
#183667
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82
Байланысты:
uakpaeva m kajyrbaeva g korporativtik karzhy

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


67 
ТАҚЫРЫП 
6.
 
КОРПОРАЦИЯ 
ТАБЫСЫНЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫ, 
БӨЛІНУІ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
 
 
Осы тақырыптың материалдарын зерделеп, сіз білесіз: 

 пайданың негізгі көрсеткіштері мен корпорацияның табыстарына 
сипаттама беру; 

жоспарланған пайда және залалсыздық нүктесіне қол жеткізу 
үшін өнімнің шығару көлемін анықтау; 

 корпорацияның 
кірістерін жоспарлаудың негізгі әдістерін 
сипаттау. 
 
6.1 Негізгі теориялық жағдайы 
 
Табыс (түсім)
– бұл келіп түскен активтердің( өзге мүліктің ақша 
қаражатынын) нәтижесінде экономикалық пайдасының ұлғаюы және (немесе) 
қатысушылардың салымдарын қоспағанда, осы ұйымның капиталын көбейтуге 
әкеп соғатын міндеттемелерін жабу (меншік иелерінің). 
Түсім – ол кәсіпорынның меншікті қаржы ресурстарын қалыптастырудың 
негізгі көзі Ол кәсіпорынның үш негізгі бағыты бойынша қызметінің 
нәтижесінде қалыптасады: негізгі, инвестициялық және қаржылық. 
Негізгі қызметті сатудан түскен түсім
өнімді өткізуден түскен түсім 
түрінде көрінеді, (орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің). 
Инвестициялық қызметтен түскен түсім
айналымнан тыс активтерді, 
дивидендтерді сатудан түскен қаржылық нәтиже және ұзақ мерзімді қаржылық 
салымдар бойынша пайыздар түрінде көрінеді. 
Қаржылық қызметтен түскен түсім
инвесторлар арасында кәсіпорын 
акциялары мен облигацияларын орналастыру нәтижесін қамтиды. 
Өнімді өткізудің екі әдісін көрсетуге болады: 
- тауарларды тиеп-жөнелту (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) 
және контрагентке есеп айырысу құжаттарын ұсынуы – есептеу әдісі; 
- төлем шамасына қарай – кассалық әдіс. 
Осы әдістердің арасында елеулі айырмашылық бар. Бірінші жағдайда
іске асыру сәті бойынша, түсім болып тиеу күні саналады немесе кәсіпорын 
үшін тиеп-жөнелтілген өнімге түскен ақшалай қаржы түсімін анықтаушы 
фактор болып табылмайды. Бұл әдістің негізінде тауарды меншік құқықтарына 
ауыстырудың заңдық қағидасы жатыр. Түсімді есепке алудың бұл әдісі 
дамыған нарықтық елдерде кеңінен қолданылады, онда ақша нарықтары мен 
қордың болуы едәуір дәрежеде тауар өндірушілерді төлем жасамаудан 
сақтандырады және олардың қаржылық қаупін азайтады. 
Отандық тәжірибеде екінші әдіс- кәсіпорынның ақшалай шотына
қаржының нақты түсімін анықтау неғұрлым кең таралған. Салық салу 
мақсаттары үшін келіп түскен түсімнің пайда болу сәті кәсіпорынның шотына 
қаржының түскен күні есептеледі. Түсімнің тәртібін осылай есепке алу 


68 
бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен уақтылы есеп айырысу жүргізуге 
мүмкіндік береді. 
Түсімді қолдану сызбасы келесі сызбада көрсетілген (сурет 9 қараңыз): 
Сурет 9 –Өнімді өткізуден түскен түсімді пайдалану сызбасы 
 
Өнімді өткізуден түскен түсімнің шамасына, кәсіпорынның қызметіне 
тікелей тәуелді келесі факторлар әсер етеді: 
- өндіріс саласында: өндіріс көлемі, оның құрылымы, шығарылатын өнімнің 
сапасы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, өндіріс ырғағы; 
- айналымы саласында: қолданылатын бағалар деңгейі, ырғақтық тиеп-
жөнелту, дер кезінде төлем құжаттарын ресімдеу, шарттық талаптарды сақтау, 
қолданылатын есеп айырысу түрлері. 
Кәсіпорынның қызметіне тәуелді емес факторлардың қатарына 
кәсіпорынға 
материалдық-техникалық 
ресурстар 
жеткізуде 
келісім-
шарттарының бұрмалаушылығын,жұмыстағы көліктердің іркілісін, сатып 
алушының ақы төлеуге қабілетсіздігі салдарынан уақтылы ақысын төлемеуді 
жатқызуға болады.
Егер кәсіпорынның шотына түсімнің келіп түсуі қаржының ауыспалы 
айналымының аяқталғанын ұсынса,онда оны пайдалану жаңа ауыспалы 
айналымның басталғанын,сонымен бірге тарату процестерінің сатысын 
ұсынады. 
Өндірілген өнімнен түсетін ақшалай қаражат 
Өнімді (жұмыс, қызмет) 
сатудан түскен (нетто) 
пайда 
Пайданың өсуіне қатысты (үстеме 
бағаға), жанама салықтар 
Материалдық 
шығындар 
Амортизация 
Жалпы 
табыс 
ҚҚС 
Акциздер 
Басқада 
салықтар 
Төлем ақы және 
аударымдар 
Пайда 
Басқада 
шығындар 
Таза пайда 
Пайдаға 
салынатын 
салықтар 


69 
Бөлінбеген пайда корпорацияның меншікті капиталының негізгі элементі 
болып табылады. Пайда қаржыны басқарудың негізгі мақсаттарын іске асыру 
негізінде жатыр. Ол компанияның қаржы-шаруашылық қызметін нәтижесінде 
алынған әсерін сипаттайды; өзіндік капиталды қалыптастырудың негізгі ішкі 
көзі болып табылады; капиталдың бағасымен салыстыру кезінде салыстырмалы 
мәнде корпорация құнының өзгеруін сипаттайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет