Қостанай, 017 ОӘЖ 005 (075) кбж 65. 292-93 (5Қаз)я73 у-12



Pdf көрінісі
бет71/82
Дата04.10.2023
өлшемі1,98 Mb.
#183667
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82
Байланысты:
uakpaeva m kajyrbaeva g korporativtik karzhy

жедел жоспарлау
қажет

ол 
ағымдағыны 
толықтырады. 
Жоспарлы 
іс-шаралардың 
қаржыландыруы кәсіпорын тапқан қаражат есебінен жүзеге асу керек, бұл 
қаржылық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға күнделікті тиімді 
бақылауды талап етеді.
Жедел қаржылық жоспарлау төлем күнтізбесін, кассалық жоспарды және 
несие жоспарын құрудан және орындаудан тұрады. 
Төлем күнтізбесі
– кәсіпорын қаражаттары мен төлемдерінің түсу кестесі. 
Жоспарда кәсіпкерлік, коммерциялық емес және өзге қызметті жүзеге асыруға 
арналған ақшалай қаражаттар мен шығындар түсуінің барлық көздері 
күнтізбемен өзара байланысқан. Күнтізбе бір айға, 15 күнге, декадаға, бес күнге 
құрылады. Төлем күнтізбесін декадаларға бөліп бір айға құрастырған жөн.
Төлем күнтізбесін құрастыру үрдісін 6 кезеңге бөлуге болады: 
1)
жоспарлау кезеңін таңдау; 


133 
2)
өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асыру көлемін жоспарлау
3)
түсуі мүмкін ақша (кіріс) көлемін есептеу; 
4)
жоспарлы кезеңде күтілетін ақшалай шығындарды бағалау; 
5)
ақшалай сальдоны анықтау (жоспарлау кезеңіндегі түсімдер мен 
шығындар арасындағы айырма); 
6)
қорытынды шығару. 
Көптеген кәсіпорындарда төлем күнтізбесімен қатар салықтық күнтізбе 
құрылады, онда кәсіпорын қандай салықтарды және қашан төлейтіні 
көрсетіледі. Бұл мерзімді өткізіп алудан және өсімақы төлеуден сақтайды. 
Төлем күнтізбесінен басқа кәсіпорында 
кассалық жоспар
құрылу керек. 
Ол – касса арқылы қолма-қол ақшаның түсуін және төленуін көрсететін қолма-
қол ақшалай қаражат айналымының жоспары. Қолма-қол ақшалай қаражатпен 
уақытылы қамтамасыз ету кәсіпорын мен оның жұмыскерлері арасындағы 
қаржылық қарым-қатынастардың жағдайын, яғни кәсіпорынның төлем 
қабілеттілігінің бір қырын сипаттайды. Кассалық жоспар кәсіпорынға қолма-
қол ақшанын түсуін және шығындалуын бақылау үшін қажет.
Жедел қаржылық жұмыстың маңызды бөлігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет