Лекция 6. Африка халықтары.
Жиі кездесетін сөздер.
1.Тарихи – мәдени және географиялық мінездеме.
2.Солтүстік Африка халықтары.
3.Шығыс Африка халықтары.
4.Батыс Африка халықтары.
5.Орталық Африка халықтары.
6.Оңтүстік Африка халықтары.
Мақсаты: Африканың географиялық жағдайын, этникалық тарихын, социогенезін, шаруашылығы мен мәдениетін қарастыру.
1.Тарихи – мәдени және географиялық мінездеме.
Африка — Жерорта және Қызыл теңіздерінің оңтүстігіне қарай, Атлант мұхитының шығысына және Үнді мұхитының батысына қарай орналасқан континет. Африка көлемі 30 065 000 км², немесе жер аумағының 20,3 %. Ол тек Азиядан кіші, Еуропадан 3 есе үлкен. Африкадағы адам саны шамамен 800 млн. адам.
Жер бедері. Көбінесе жазық дала, солтүстік-батысында Атлас таулары, Сахарада — Ахаггар және Тибести таулары. Шығысында — Абиссинтаулары, оның оңтүстігінде — Килиманджаро жанартауы (5895 м) — құрлықтың ең биік нүктесі. Оңтүстігінде Кап және Айдаһар таулары.
Ішкі сулары.
- Африкада оңтүстіктен солтүстікке ағып жатқан әлемдегі ең ұзын Ніл өзені орналасқан. Өзге ірі өзендері — Батыста Нижер, Орталық Африкада Конго және Оңтүстікте орналасқан Замбези, Лимпопо және Қоңыр өзендері.
- Ең ірі көлі — Виктория. Басқа ірі көлдері — Литосфера жарығында орналасқан Ньяса және Танганьика көлдері. Олар солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр.
Табиғи жағдайына қарай Африка бірнеше аймаққа бөлінеді:
Тропикалық аймаққа орталық экватордың батысы, Гвиней бұғазының солт жағалауы және Конго атырабы. Бұл жерлерде мәңгі көгеріп тұратын ағаштар өседі.
Гилейдің солт-гі мен оңт-нде “муссон”ағаштары өседі. Бұл ағаштар Африканың жер көлемінің 30 %-ына тараған.
Жартылай шөлейт солт-ігнде Сахара, оңт-ігінде Колахари және Намиб аймағы бар.
Климаты.
Африка орталығы экваториалды белдеуге жатады, онда жыл бойына мол жауын-шашын түседі және жыл мезгілдері ауыспайды. Экватор белдеуінен солтүстікке және оңтүстікке қарай солтүстік және оңтүстік тропиктік белдеулері орналасқан. Оларға шөлдердің пайда болуына әсерін тигізетін аз ылғал мен жоғары температураның болуы тән.
Солтүстігінде Жер бетіндегі ең ірі — Сахара шөлі бар, оңтүстігінде — Намиб шөлі орналасқан. Құрлықтың Солтүстік және оңтүстік шеттері сәйкес субтропикалық белдеулерге жатады.
Африка – Оңтүстік Азия сияқты алғашқы адамдардың пайда болған жерінің бірі. Бұл құрлықтан адам қалпына келіп жетпеген австролопитек, зинджантроптардың сүйектері және синантроптың сүйегіне ұқсас қаңқалар да көп жерден табылған.
Палеолит дәуірінде де адамдар тіршілік еткен. Нигерия бассейнінде осы күнгі негроид халықтардың ата тегінің қаңқасы табылған. Алжирдегі Мешта жерінен табылған адамдардың сүйегіне қарағанда, палеолит кезінде Солт. Африкада Жерорта теңізінің Шығыс бөлігінен келген еуропалық типтегі адамдар мекендеген. Негроид тәрізді адамның (гримольдилік) сүйегі Ментоннан (Италиядан) кездескен. Мұндай халықтардың Солт. Италияны, Швейцарияны, Украинаны, Еділ бойын және Англияны мекендегендері жөнінде ғылыми деректер бар.
Палеолит дәуірінде тіршілік еткен адамдардың сүйек қалдықтары Африканың көп жерлерінен кездескен. Солт. Африкада Каспий дәуіріне жататын адам сүйегі табылса, ал 1929 жылы Жерорта теңізі жағалауындағы Константинопольден 30 адамның бас сүйегі және бүтін қаңқалар табылды. Осындай сүйектер Чад көлі төңірегі мен Судан жерінен табылған. Олар еуропоид пен негроид нәсілдерінің антропологиялық қасиеттері бар адамдардың сүйектері болып шыққан. 1929 жылы Кеип-Флэсте Кейптаун маңында, Блумфонтейннен 40 км оңт-ке Флорисбадта табылған сүйектер, өздерінің антропологиялық қасиеттері бойынша, австралиялық нәсілге жақын екені байқалады.
Неолит дәуірінің естеліктері Солт-Ш Африкадан, Суданнан ашылған. Б.з.д. 5 мж-та Ніл бассейнінде егіншілік болған. Осы кезде Эфиопия мен Магриб елдерінде, Сахара және Мысырдағыдай Сенегал мен Нигера өзендерінің бойларында егінш-к пен м/ш дамыған. Гвиней елдері тропикалық орманда өмір сүріп, терімшілікпен айналысқан.
Аборигендері темірді пайдалана білген. Темір дәуірі бұл жерде б.з.д. 7 – 5 ғ.ғ. болды. 15 ғасырдың соңында Африканың көптеген тұрғандары темірді жақсы пайдалана білген. Олар қоланы «қызыл темір» д/а. 10 – 11 ғ.ғ. араб саяхатшыларының айтуы бойынша, судандықтар темірден сүңгі (гарпун), т.б. істейтінін екен.
Халқы
Қазіргі Африка халқының жалпы саны 2004 жылы 800 млн адамнан асады. Бірақ Африка халқы елдер бойынша біркелкі таралмаған. Халқы негізінен екі нәсілден тұрады: Сахарадан оңтүстікке қарай — негроидтар, солтүстік Африкада және ОАР-да — европеоидтар. Африкада 56 мемлекет бар. Олардың басым көпшілігі ұзақ уақыт бойына еуропа елдерінің колониялары болды да, тәуелсіздіктерін тек 20 ғ. 50-60 жылдары алды.
Оған дейін тек тәуелсіз болған мемлекеттер — Мысыр (1922), Етиопия (1941), Либерия (1847) және ОАР (1910), бірақ ОАР-да 90 жылдарға дейін де апартеид — жергілікті қара халықты кемсіту тәртібі сақталды.
Континет солтүстігінде Испанияның Сеута, Мелилья жерлері орналасқан. Таралған дәстүрлі діндері: ислам, христиандық (католиктер, протестанттар, православиеліктер, монофизиттер).
Африка мемлекеттерінің шекаралары, түрлі халықтар мен тайпалардың орналасуын есепке алмастан, жазанды түрде сызылғандықтан және жалпы африка қоғамының демократияға дайын болмағандығынан, көптеген африка елдерінде тәуелсіздік орнағаннан кейін азаматтық соғыстар басталып кетті. Көптеген елдердің билігіне диктаторлар келді. Осылайша орнаған режимдер адам құқығын менсінбеумен, бюрократиямен, тоталитаризммен ерекшеленеді, бұлар өз кезегінде экономиканың құлдырауына және кедейшіліктің өсуіне әкеліп соғуда.
Кең тараған тілдер араб, ағылшын, француз, суахили, конго, фулбе.
Антропологиялық ерекшеліктеріне қарай нәсілге бөлінуі:
Жерорта теңіздік (Солтүстік Африка)
Эфиопиялық (Шығыс Африка)
Қойсандық (Оңтүстік Африка)
Пигмейлік (Батыс Африка)
Негроидтық (Орталық Африка)
Жерорта теңіздік(Солтүстік Африка)
Африканың солтүстік жағалауын мекендейтін талықтар жатады. Еуропоидтік рассаға өте жақын. Шаштары қара, көздері күңгірт, қара-қоңыр, бойлары 165-170 см.
Кейбір антропологтар бұл жердің халқын 2 нәсілге бөледі: араб, бербер. Олар өздерінің пікірлерін 8 ғ-дағы арабтардың Магриб елдері Алжир, Тунис Марокконы жалап алуымен байланыстырған. Тарихи деректерге қарағанда, келуші арабтар жергікті берберлердің 4% ғана құраған. Бұдан біз бұл пікірдің бұрыс екеніндігін көреміз.
Эфиопиялық (Шығыс Африка)
Еуропоидтық пен негроидтық нәсілдерінің арасын-дағы антропологиялық бөлік. Африканың солт-шығысындағы Эфиопия жарты аралын, бір бөлі-гі Аравия жарты аралының оңтүстігін мекендейді. Эфиопия халықтары: амхара, тигере, гураге, галла, сомали, данакиль, беджа және т.б. Антропологиялық белгілері: түстері қызғылт-қара, шаштары толқынды бұйра, еріндері шамалы түріңкі, мұрындары кішілеу. Палеоантропологиялық деректерге қарағанда, Эфиопия нәсәлә неолитте Ш.Африкада пайда болды.
Қойсандық (Оңтүстік Африка)
Африканың оңтүстік шетін мекендеген. Оларға бушмендер мен готтентоттар жатады. Оларды оңттүстік африкалық топтар деп те атайды. Бушмендер жер шарындағы халықтарң ішіндегі антропологиялық жағынан өзіндік ерекшелігі бар болып келеді: олар бұйра шашты, желбезекті мұрынды болу сияқты кейбір белгілерімен негрлерге ұқсас болса, кейбір белгілерімен монголоидтарға ұқсайды, яғни түстерінің сарылығы, көздерінің қиығы, еріндерінің негрлерге қарағанда жұқа болуы соны меңзейді. Бушмендердің орташа бойы 150 см. Ал готтентоттар бушмендерден гөрі бойшандау.
Пигмейлік (Батыс Африка)
Конго бассейнінде мекендейді. Пигмей – адамдар-дың дамуы бойынша “балалық шақта жасаушылар” деген мәнді береді; яғни олар өздерінің өсуі бойынша неандертальдіктерден алшақ кетпеген деген пікірді білдіреді. Бұл пікірді шығарушы, оны дамытушы швейцар анатомшысы Колльман. Олардың бойлары орта есеппен 141-142 см-ден аспайды, түстері негрлерден ашандау, беті түкті, шаштары мол, кең танаулы, жұқа ерінді келеді.
Бірақ, Кольманның пікіріне қосылуға болмайды. Себебі қазіргі дәуірдегі адамдар неандертальдіктерден әлде қайда алға кеткен.
Негроидтық (Орталық Африка)
Батыс, Орталық, Судан, Нілдің жоғары ағысын, Конго өзенінің бассейнін түгелдей дерлік Шығыс, Оңтүстік Африка жерлерін мекендейтін халықтар жатады. Негроид нәсілінің алғашқы пайда болған жері Батыс Судан мен Батыс тропикалық Африка жерлері болуға тиіс. Негізгі белгілері: түстері қара қоңыр, шаштары қара бұйра, тығыз, танауы кең, еріндері түріңкі, қалың, тістері аппақ, бойлары 165-185 (орт. 182см.) см. Айрықша өкілдері Нигерия мен Конго өзендер бойларын мекендейді.
Лингвистикасы:
Семит-хамит семьясындағы тіл
Судан тілі
Банту семьясындағы тіл
Қойсан бөліміне жататын тілдер
Мальгаш тілі
Семит-хамит тілі
Семит-хамит семьясындағы тілде сөйлейтін халық-тар Солт, Солт-Ш Африканы, Сахараны, Ш Суданды, Эфиопияны, Самоли жарты аралын мекендейді. Семит-хамит семьясындағы тілді: семиттік, кушиттік және берберлік деп 3-ке бөлінеді. Ең үлкені семитік тіл (60 млн адам сөйлейді). Мысыр, магриб елдері (Тунис, Алжир, Марокко) және Ш Судан, Қызыл теңіздің жағалауындағы кейбір халлықтар, Сахара мен Чад көлінің төңірегендегі эфиопиялықтар.
Судан тілі
Судан тілі бірнеше лингвистикалық бөліктерден, құрамалардан тұрады. Бұлардың ішінде көбірек тарағаны мунд семьясына жататын тіл. Атлантикадан Қара Вольтке, Сахарадан Гвиней қолтығына дейінгі жерлерді мекендеген халықтар мунд тілінде сөйлейді. Олардың ірісі – манде-тан және манде-фу. Батыс Суданның тілі көбірек зерттелген. Бұл тілде 12 млн адам сөйлейді: аншанти, эве, йоруба, дагомей, ибо, купе және т.б. Әсіресе, Гвиней қолтығының жағалауындағы халықтардың тілі, соның ішінде эве тілі көбірек зерттелген.
Судан тілі 3 диалекттіге және әр диалект өзара – говорларға бөлінеді.
Банту семьясындағы тіл
Бұл тілде сөйлейтіндер Орталық және Оңтүстік Африка жерлерін мекендеген, олардың саны – 60 млн шамасында. Банту тілінің бәріне тән ортақ грамматикалық құрылыс, сөздік қоры бар. Соған қарамастан, оның көрші тілдерімен де ұқсастығының бар екені байқалады.
Қойсан бөліміне жататын тілдер
Қойсан бөлімінде сөйлеушілер Африканың оңтүс-тік шеттері. Оңт-батыс, Намиб және Колахари шөлінде мекендеушілердің тілі. Бұрынғы Оңтүстік Африка – бушмендер мен готтентоттардың тілдері. Бұл екі халықтың саны 73 мың шамасында. Олардың – тілдерінің грамматикалық құрылысы мен сөздік қорларын-да ұқсастық бар екені байқалады.
Мальгаш тілі
Бұл тілде мадагаскарлықтар сөйлейді. Олардың саны 4 млн. Өздерінің антропологиялық белгілері, мәдениеттері мен тілдері бойынша африкалықтардан көп айырмашылығы бар. Бұл тілі өзінің ерекшелігі бойынша малай-полинезия және Индонезия тілдеріне жақынырақ болып келеді.
Африка халықтарының жазу құрамын 2 топқа бөлуге болады:
Шығыс және Жерорта теңізімен байланыстылары;
Бұрын қалып кеткен, әр түрлі түрдегі пиктографиялық жазулардың орнына пайда болғандары.
Көне Мысыр жазуы иероглифтің өте күрделі түрінің көпжылдық тарихы болса да, бәрібір қазіргі алфавитке жете алмайды. Осы көне мысыр жазуынан кейін грек алфавитінен пайдаланған колты алфавиті жүйесі өмір сүрген. Колты алфавиті көне Нубии жазуының пайда болуына себепші болды.
Шаруашылығы 3 кезеңге бөлінеді:
Қыстық (қараша-наурыз айларында – бидай, арпа, сарымсақ егіледі);
Жаздық (сәуір-тамыз айларында – мақта, кендір, жүгері дақылдары егіледі);
Күздік (кіріш жүгері егіледі).
Мысыр шаруалары феллахтар деп аталады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%84%D1%80%D0%B8%D0%BA%D0%B0» беті.
Шалекенов У.Х. Әлем халықтарының этнографиясы (Оқу құралы). – Алматы. “Санат”, 1994. – 139-140, 144-149 беттер.
Шалекенов У.Х., Шалекенов М.У. Әлем халықтарының этнологиясы (Оқу құралы). – Алматы. ,136, 143-161 беттер.
Лекция 7. Америка халықтары.
Жиі кездесетін сөздер. Индейс тілдері, арктикалық аңшылар, ацтек, майя, инк, жер өңдушілер, Кортес, мулат.
1.Солтүстік Америка.
2.Мезоамерика.
3.Оңтүстік Америка.
4.Европалықтардың Американы басып алуы мен отарлауы.
Мақсаты: Американың байырғы халықтары, қоныстану прцесі, этномәдени ерекшеліктері, шаруашылығы, мәдениеті және еуропалықтардың жаулап алуын ашу.
1.Солтүстік Америка.
Американың түпкілікті халықтары көптеген тілдерде сөйлеген. Бірақ олардың тілдерін зерттеу кейінгі кездерден басталады. Тілдерді зерттеушілердің кейбіруелері үндістер екі мыңдай тіл семьяларында сөйлеген деген пікірлерді айтады. Солай болса да, мамандар үндістердің тілдерін зерттеп, оларды он бес тіл семьясына топтайды, олар: эскимос – алеут, атапас, алгонкин – вакаш, хока- сид, оңтүстік - ацтек, майя – соке, чипча, аршбак, кариб, туни – гуарани, кечу, аймара, араукаи, пуэльче.
Осы аттары аталған тіл семьясы түпкілікті халықтардың аттарымен аталған. Әрбір семья генеологиялық және морфологиялық жақтан ұқсастықтарына қарай отырып, тіл топтарына бөлінгендіктен, бір тіл семьясына бірнеше туысқан тайпалардың кіруі мүмкін. Осынша тілдердеп сөйлеген сан жағынан үлкенді – кішілі халықтар, хасырлар бойы өздерінің заттай және рухани мәдениетін қалыптастырған.
Америка жеріне қоныстанған көптеген тайпалардың шаруашылықтарын 10 үлкен топқа бөлуге болады: Арктиканың аңшылары мен балықшылары, орман аңшылары, Колифорнияның терімшілері мен аңшылары, Американың далалық аймақтарындағы аңшылары, солтүстік батыс жағалаудың үндістері, отты аралдардың тұрғындары, Солтүстік Американың шығыс және оңтүстік-шығыс егіншілері, Орталық және Оңтүстік Америкада құрылған мемлекеттер. Оңтүстік Американың басқа егінші халықтары.
Америка халықтарының тарихын екі дәуірге бөлуге болады. Біріншісі, Американы алғашқы рет адамдарының қоныстануынан басталса, екінші, Американы ХV ғасырда еуропалық Христофор Колумб және оның серіктерінің ашу кезеңінен бастауға болады. Ұлы географиялық ашуларға дейін де Америка құрлығында халықтар өмір сүрген. Колумб және оның серіктері Американы тауып, ХV-ХVІ ғасырларда Америка тайпаларының бүтін әлем халықтарымен байланыс жасауына жол ашты.
Еуропалықтар келгенге дейін Америка аборигендерінің еуразиямен байланысы болды ма? Бұл мәселе аз зерттелген. Ал бізге белгілі ІХ-Х ғасырларда нормандар Гренландияны жаулап алып, мың жылдай Солтүстік Америкада бодандықтың негізін салды. Бірақ кейінгі ғасырларда нормандықтар жөнінде деректер жоқ. Оларды эскимостар қиратқан болуы мүмкін. Нормандармен байланысы болғаны жөнінде Америка мен Скандинавия халықтарының тарихында да деректер қалмаған. Француз этнографы П.Риведен кейін маорилік ғалым Те Ранги Хироа ХІІ ғасырда полинезиялық су жолы арқылы Оңтүстік Америкаға, қазіргі Перу жеріне жеткен деген пікір айтады. Солтүстік Американы қоныстану 1497 жылдан ХVII ғасырдың басына дейін жалғасқан.
ХVI ғасыр мен ХVII ғасырдың алғашқы жылдары Солтүстік және Оңтүстік Американы отарлаудың шұғыл жүрген кезі болып табылады. Солтүстік Американың ХV ғасырда жаңадан ашылған кезеңі болса, ағылшын қызметіндегі итальяндықтар Джовании Габото мен оның баласы Севастьян теңізде жүзіп жүріп, осы жерге келгеннен кейін, олардың ізімен испандықтар Оңтүстік Американың жағлауларына келіп жетті. Испан отаршылдары үнділерге күш көрсетіп, оларды тұтқындап, үйлерін өртеді. Бұларға қарсы үндістер қатты қарсмылық көрсетті. Олардың көпшілігі отаршылар қолынан қаза тапты.
ХVII ғасырдың басынан бастап, Батыс Еуропа елдерінде капитализмнің дамуына байланысты, Солтүстік Американы отарлау күшейе түмті. ХVII ғасырдың алғашқы он жылдарында-ақ Солтүстік Американың Атлант жағалауында Англияның Массачусетс, Вергиния, Францияның (Канадада), Голландияның Манхеттен аралы, Гувдзон өзенінің сияқты отарлары пайда болды. 1641 жылы барлық Голландиялық отарлар Англияның қарауына өтті. Жаңа Амстердам қаласы, кейін Нью-Йорк деп аталды.
ХV ғасырдан бастап Орталық және Оңтүстік Америкаға құл–үндістердің орнына Африкадан негрлерді әкелді. Себебі отыашылдардың шаруашылығында жұмыс істеуден үндістер бас тартқан. Сондықтан еуропалықтар Африкадан негрлерді сатып әкелген. Сол дәуірде Англиядан, Голландиядан, Франциядан келген саудагерлер үндістердің жерін арзан бағаға сатып алып, ол жерлерді игеруде құлдардың еңбектерін пайдаланған.
Солтүстік Американы ағылшындар отарлап алған соң, олар құлдардың тегін күшімен жаңа қоныста кәсіпкерлікті, майдагерлікті, фермерлік шаруашылықты дамытты. Англиядан келушілер молайған соң, бұл құрлықта капиталистік қарым – қатынас дамып, жаңадан американ ұлты пайда болып, Солтүстік Америка Респуьликасы құрылды. АҚШ ұлты сырттан келгендер мен жергілікті халықтардан құралды. Алайда американ ұлтының көпшілігі ағылшындар. Бұған Англиядағы көптеген аграрлық реформаға байланысты себеп болды. Солтүстік Америкада 1625 жылы Англиядан саны 1980 келімсектер болса, 1641 жылы олардың саны 50 мыңға жетті. Осыдан 50 жылдан кейін тұрғындар саны 200 мыңға дейін өсті. Олардың жергілікті үндістерді аямай құруының салдарынан көптеген тайпалар жойылып та кетті.
Отаршылардың Америкаға келуі үндістердің көбінің құрып кетуіне алып келді. Африкадан әкелген негрлер де аяусыз қаналды. Әсіресе, бұл құрлықтың оңтүстігінде өте қатты болды 4 млн. негр-құлдар мен үндістер Америка ұлтына айналды. Африкадан әкелінген негрлер өздерімен бірге алып келген мәдениетінен, әдет – ғұрпынан, тілінен айырылды. Олар ағылшын, испан, француз және португал тілдерін үйренуге мәжбүр болды. Негрлер өздерінің азаттығы үшін талай рет отаршылдарға қарсы бас көтерді. Америка елдерінің тарихында азаттық үшін күрестегі шешуші күштер де сол негрлер еді.
1663 жылдан 1863 жылдар арасында негрлердің 250-ден астам көтерілісі мен бас көтеруі болды. Қазіргі Америкада американдық доллар демократиясы жағдайында негрлер экономикалық, саяси жағынан қаналулушы, американ еңбекшілеріунің ең кедей тобына жатады. АҚШ – тың 13 штатында мыңдаған негрдің сайлауға құқықығы жоқ. Осы уақытқа дейін оңтүстік штатта сайлау тәртібі ақша төлеу тәртібіне негізделген, ол сайлау салығы деп аталады. Бұл жағынан да көптеген негрлер сайлауға дауыс беруге қатыса алмады.
Негрлердің тағдары қаланың шет аймақтарындағы кішігірім аудандарға орналасқан. Олардың 70%-ға жуығы өте ауыр жағдайда өмір сүреді. Бұған себеп еңбек ақының аздығы мен тұрмыстарының өте ауыр болуы. Дәрігерлік жәрдемді ақтармен салыстырғанда 14 есе төмен алды. Әр жылы АҚШ-та тамағын табу үшін еңбек етіп, миллиондаған негр балалары мектеп қабырғасынан тыс қалды. Мәселен, Миссисипи штатында мектепке барушылардың саны 45%-ға еш уақытта жеткен емес. Негрлер үшін жоғары білім алу өте қиын, ал жұмысқа орналасу одан да ауыр.
Мұның бәрі отаршылардың барлдық күшін тек оларды саяси, экономикалық, мораль жағынан қысып, американ азаматтары сияқты тең құқықты етіп ұстамай отырғанын көрсетті.
Американың жергілікті халқының этногенезі, оның ішінде Эскимостардың жайын зерттеу ерекше орын алды. Олар Беринг бұғазынан Гренландияға дейінгі кең территорияны мекендейді. Эскимостардың тегі туралы көптеген теорияларды американдық және азаттық деп екі бөлікке топтастыруға болады: Олардың тегі туралы К.Биркет – Смит толық пікір білдірді. Ол эскимостар мәдениетін Гудзон бұғазының жағалауынан алыс жатқан Карибу бұғыларына аңшылық жасаушы карибу эскимостарының мәдениетімен салыстырады. Бұл теория бойынша олар үндістер тайпасының ығысуымен Арктика жағалауынан келіп шыққан.
Барлық эскимостар үш географиялық және мәдени топтарға бөлінеді. 1) Аляска мен Маккензи бассейнде тұрушы батыстық эскимостар; 2) Канаданың арктикалық жағалаулары мен Лабродордың, солтүстік – батыс жағалауында тұрушы орталық эскимостар; 3) шығыстық немесе Гренландиялық эскимостар. Эскимостар жағалау бойында бір қалыпты орныққан емес, әр жерде топ-топ болып тұрып, теңіз жануарларын аулаумен шұғылданған. Өздерінің үйлерін сол теңіз жағлауларына орналастырған.
ХІХ ғасырдың басында кейбір Э.Нельсон, В.Тальбишер, В.Богораз сияқты ғалымдар эскимостарда рулық құрылыстың болғаны туралы болжам айтты. Бірақ олар өз пікірлерінің дұрыстығын онан әрі дәлелдеуді дамыта алмаған. Кеңес ғалымдарының арасында да бұл пікірді мойындаушылар болды.
Кейінгі он жылда Ч.Хьюз, Г.А.Меновшиков және Д.А.Сергеевтер Беринг теңізі эскимостарында әкелік жолмен таратылатын рудың болғанын ашты. Табылған дәлелдер осы әкелік ру процесінің отарлануға дейін де толық болғанын анық көрсете алмайды. Демек, ХІХ ғасырда болған еуропалықтармен сауда оны тездете түсіп, ХІХ ғасырдың ақырында эскимостар әкелік руға бірыңғай көшкен. Өйткені аналық – рулық құрылыстың элементтері әлі сақталған.
ХІХ ғасырдың ақырына дейін эскимостарда тотемдік топтарға бөліну сақталған. Оларда көбірек тараған тотем – табындар киесі –қасқыр, бүркіт және қарға болған. Төтемдік топтардың барлық мүшелері өзара туыстар болып саналған. Гудзон бұғазы мен Аляска эскимостарының барлығында ХІХ ғасырдың ортасына дейін ерлер үйі (кажимдер) болған. Оны негізінде аналық румен байланыстырды. Әр мекенде ерлердің аңшылықтан кейін бос уақытын өткізуге арналған арнаулы үйлері болған. Олар сонда жұмыс істеп, тамақтанған және түнеген. Сонымен қатар кеңес өткізіп, мерекелерін жасаған.
ХХ ғасырдың орталарында эскимостардың көбінде көсем бомаған, Әр мекнде үлкендердің ішінде білгір аңшы әрі шамандықты білген біреу болса, олар соны « білгоір», «кеңесші», «ойшыл» деп атаған. Ол кімдердің тюденьге, кімдердің бұғыға шығуын анықтайтын. Бірақ оның айтқанын істеу міндет емес еді. Эмкимостардың өмірінде қоғамдық пікір үлкен рөл атқаратын. Егер эскимостардың бірі аңшылық тәртібін бұзса, бұдан соң оған қауымның жұмысына араласуға тыйым салынып, ешкім онымен сөйлеспейтін. Егер ол өзінің көршілеріне қарсы келіп жатса, қауым оны керек десе, өлтіретін болған.
Рухани мәдениеті және халық өнері
Аңшылықпен айналысып, көп жерді аралап жүретін эскимостар жер жағдайын өте жақсы меңгерген. Аркиканы зерттеушілерге эскимостар көп жәрдем берген.
Эскимостарға тән өнердің басты бір түрі сүйек пен мүйіздерге ою-өрнек салу болып табылады. Олар пышақтың сабын, белдікті оюлап, сүйектен, мүйізден жасайды.
Әр түрлі заттың бетіне аңшылықты бейнелейтін күрделі суреттер сала білген. Оларда сурет өнерінің дамуы әр түрлі тері киімдері, мерекелік маскаларды әсемденуінен-ақ көрінеді. Сол сияқты таңбалар салу мен әсем өрнектер сызу өнері дамыған. Әсіресе, әйелдердің бұл саладағы өнерлі ерекше жеңіл босанады, не болмаса о дүниеде жұмаққа кіреді. Эскимостарда ән мерекесін өткізіп тұрған, оған ерлер де, әйелдер де қатысқан. Әсіресе, олардың ән салып, өнер жарыстыруы өте қызық. Екі ер адам, не екі әйел көршілерінің алдына шығып, кезекпен ән салады. Бұл қазақтардың айтысына ұқсайды. Бос уақыттарында эскимостар ән салу мен бірге әр түрлі ойын ойнайды. Ер адамдар доп, «аң аулау» ойындарын ойнаған.
Эскимостардың мекендеріне үш не төрт отбасы сиып кететіндей ептіп бірнеше юаспана етіп салады. Үйлері жаздық, қыстық болып, негізінен, екіге бөлінеді. Қыста тастан қаланып, төбесі тюлень терісімен жабылған, жартылай жертөле ғып салынған үйде тұрған. Мұнан басқа төртбұрышты ағаштан жасалған жеркепеде де тұрған. Ал жазда олар бұрын да, қазір де шатырда өмір сүреді. Ал Беринг бұғазында тұратын эскимостар жеңіл ағаш үйлерде тұрады.
Эскимостардың діні бір үлкен сыртқы күшке сенуге негізделген. Ол табиғат құбылыстарының әсеріне туған. Жануарлардың ерекше жаны бар деп түсініп, оларға арналған әдет – ғұрып дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: |