Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы



бет15/16
Дата25.12.2016
өлшемі3,17 Mb.
#4640
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Жиі кездесетін сөздер. Тарихи фактор, әлеуметтік фактор, саяси фактор, ассимияция, консолидация, адаптация, интеграция, абориген, геноцид, апартейд, сегрегация, дискриминация, акультурация.

1.Этностар арасындағы байланыс және оның нәтижелері.

2.Жергілікті халықтар және этникалық азшылдық.

3.Этностар арасындағы қатынастың түрлері.

4.Этностар арасындағы қарым-қатынастың теориялары.

Мақсаты: Этностар арасындағы байланыс, қатынас, азшылдық теорияларын қарастыру.

1.Этностар арасындағы байланыс және оның нәтижелері.

Адамның күні адаммен дегендей, адамдар бір-бірімен араласпай өмір сүре алмайтыны сияқты, этностар да бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл қатынастардың жақсы және жаман жақтары да бар. Этностар арасындағы қатынастар өмірдің барлық саласын қамтиды. Мәдени, психологиялық, экономикалық, отбасылық тұрмыстық деп кете береді. Бұған бірнеше факторлар әсер етеді:



Тарихи фактор. Этностар тарихында әртүрлі жағдайларда, белгілі бір кезеңдерде байланыста болады. Ерікті, күштеу, арқылы байланысып жатады. Халық жадында тарихи оқиға жаулап алу, соғыс естерінде ұзақ сақталады. Бұл оқиғаларды әрқилы қабылдауы мүңкін.

Әлеуметтік фактор. Байланысушы этностың әлеуеттік статусы саяси, мәдени, шаруашылығы тең болғанда қатынастар қалыптасады. Бірақ іс-жүзінде бұндай байланыс түрлері кездесуі қиын. Көзқарастары әртүрлі, тең емес байланыс жиі кездеседі. Дискреминация жиі кездеседі. Бұның соңы этникалық жанжалға алып келіп жатады.

Саяси фактор. Саяси құрылымына байланысты саны басым этнос, аз этностарға мемлекеттік этникалық саясатты қалыптастырады.

Ахуалдық фактор. Этностар өмірінің әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайлар тоғысы нәтижесінің әсерінен ахуалдық фактор шығады. Нақтылы жағдау этностар арасында жанжал тудыруы мүмкін. Этностар арасындағы байланыстың нұсқалары:

Қосылуы: бір мәдени іс-әрекетті игеріп жетістікке жеткен этностардың бір-бірімен байланысының нәтижесі. Мысалы: Ұлы географиялық ашылулар нәтижесінде еуропалықтар мәдени өсімдіктерді, шаруашылық жетістіктерін қабылдады.

Қиындауы (усложнение) немесе асқынуы. Бұрын пайда болып, дамыған мәдениеттің әсерінен екінші этнос мәдениетінің өзгеруі. Мысалы: Қытай мәдениетінің жапон мәдениетіне әсері.

Азайуы. Басқа бір этностың дамыған мәдениетімен байланыс нәтижесінде, өз мәдени дағдыларынан айрылуы. Мысалы: Дәстүрлі қолөнер маңызының жойылуы.

Эрозия немесе обеднение. Екінші мәдениет әсерінен басқа этнос мәдениетінің біртіндеп жойылуы. Мысалы: Аз халықтар өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты, өз мәдениеті мәнінің жоғалуы.

Сонымен этнос мәдениетінің жоғары болуына этномәдени әсерлер тәуелді. Этностар арасындағы мәдени байланыстар үш түрге бөлінеді. Ассимиляция, адаптация және интеграция.



Ассимиляция – бір-бірінен пайда болуы мәдениетті және тіпті жөнінен ажыратылатын этностардың этникалық арақатынастар үрдісі. Ассимиляцияның нәтижесінде бір этностың өкілдері екіншісінің тілін және мәдениетін меңгереді және бұрынғы этникалық белгілерінен толық айырылды.

Бұл этностардың, субэтностардың немесе шағын этникалық топтардың басқа этностың ортасына араласып, сіңіп жеке этностықтан айрылуы болып табылады. Ұлыбританиядағы уэльстіктер франциядағы автохтонды бретандықтар және италияндық мигранттар осыларға жатады. Ассимиляцияның табиғи (ерікті) және зорлықты түрлері болады. Бұл әсіресе қалаларда көбірек байқалады. Кейбір зерттеушілер ассимиляцияны консолидацияның құрамды бөлігі деп санайды.



Консолидация (нығайу)- біршама тәуелсіз халықтардың және олардың ірі топтарының әдетте тілі, және мәдениеті бойынша туысқан біріңғай тұтас этникалық ортақтыққа қосылу үрдісі.

Адаптация-бейімделу адамдардың жаңа этникалық ортада өмірге бейімделуі, немесе осы ортаның экономикалық және әлеуметтік салаларында солармен өзара қатар өмір сүру.

Интеграция бірігу-әртүрлі этнстардың негізгі этникалық белгілерді сақтай отырып, этникалық мәдени байланыс орнату үрдісі.

2.Жергілікті халықтар және этникалық азшылдық.

1989 жылғы Халықаралық еңбекті ұйымдастыру конвенциясы бабына сәкес тәуелсіз елдегі халық, бұл географиялық облыс немесе елде алғаш өмір сүрген адамның дәстүрлі шаруашылықпен айналысқан халықты жергілікті дейді. Міндетті түрде жері болу керек. Жерсіз жергілікті халық болмайды. Материялдық және рухани белгілерінің жермен байланысы болу керек. Жергілікті халықты абориген деп те атайды. Келімсектерге дейінгі жерде өмір сүрген халық. Негізінен абориген терминін Африка, Америка, Австралияның жергілікті халқын атайды. Жаңа уақытта бұл территориларды еуропалықтар ашып, байырғы тұрғындар дейді.



Автохтонды- дәстүрлі өмір сүру образын қолданатын жергілікті аз халықтарды жатқызады. Белгілі бір территорияны алғаш қоныстанғандарды айтады. Қазіогі таңда бұлтерминді этнологияда емес биологияда көп пайдаланады.

Тұрғындарды жергілікті және жергілікті емес халық деп бөлу, әрқашан жанжал тудырады. Жергілікті тұрғын дегенде елдің жердің иесі ол жергілікті емес келімсек, иммигигрант дейді. Мысалы қоңсы, кірме...

Жергілікті халық, жергілікті емес халықтарды және олардың хронологиясын анықтау критеясын табу қиындық туғызады.

Этникалық азшылдық. Өздерінің мемлекеттік құрылымдары жоқ, демографиялық потенциялы нашар, саны аз халық. 50 мыңға дейінгі саны бар этнос жатады. Қазір әлемде 800 саны аз этнос тіркелген. Ресейде 60. Бұл саны аз халықтар бір жерде жинақы немесе шашырай орналасып көшпелі, жартылай көшпелі өмір сүреді. Біз келесі белгілер арқылы саны аз халықтарар қатарына жатқызамыз.

-Мемлекетте саны аз.

-Билікте жоқ.

-Диаспора.

-Тәуелсіз мемлекеті жоқ, әр елдерде шашырай орналасқандар. Мысалы цыған, күрд.

-Келімсектерден саны аз, отарлауға ұшыраған жергілікті халық. Мысалы эвенки, чукча, саха.

-Жаппай миграцияға ұшыраудың нәтижесінде тұрақты жерге орналасқандар тобы.

3.Этностар арасындағы қатынастың түрлері.

Этностар арасындағы қатынастың түрлері геноцит, апартейд, сегрегация, дискриминация.



Геноцит- үстем етуші этникалық қауымдастықтың белгілі бір мақсатта діни, рассалық, этникалық топты, толығымен немесе жартылай жоюы. Келесі формада геноцит жүзеге асады:

- Этникалық азшылдық топ өкілдерін физикалық жою, жаппай репрессиялау.

- Қасақана этникалық топқа қырылатын жағдай жасау.

- Этникалық топқа бала тууға тиым салу.

- Бір этникалық топтан екінші этникалық топқа күшпен бала беру.

Апартейд- бір рассалық топтың екінші топқа жүйелі түрде жою мақсатында үстемдік ету формасы. Оның белгілері:

- Қаналушы рассалық топтың жеке бостандығы өмір сүру құқының болмауы.

- Рассалық топты жою үшін қасақана өмір сүру жағдайын жасау.

- Рассалық топ және оның мүшелерінің дамуының негізгі құқы мен бостандығының шектелуі.

- Рассалық белгісіне қарай резервацияда ұстау заңды түрде әртүрлі рассалық топтарға некеге тұруға тиым салу.

- Рассалық топ мүшелерін қара жұмысқа салу.



Сегрегация- Рассалық немесе этникалық белгісіне қарай жеке тұрғындар тобын күштеу арқылы этномәдени изоляциялау. Негізінен бұндай саясатты автономиялы елде жүргізеді. Мысалы Ресей, Англия, Қытай.

Дискриминация – мәдени белгі, рассалық түр сипаты этникалық шыққан тегі, діни сеніміне қарай адамдар тобын шектеу. Үстемдік етуші этнос өз жағдайын жақсартады.

4.Этностар арасындағы қарым-қатынастың теориялары.

Аккультурация концепциясын 1930 жылы американдық мәдени антрополог Р.Редфилдом, Р.Линтон, М.Херсковицтер шығарды.

Аккультурация – мәдениеттердің бір-біріне сіңісу үрдісі. Шетел этнологиясында көбінесе аккультурация еуропезизацияның синонимі ретінде қолданылады, өйткені Азия, Африка халықтарында еуропалық мәдениеттің элементтері шаруашылық формалары, әлеуметтік таралу үрдістері байқалады.

Қостанай мемлекетік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

«Этнология» пәнінен

Көмекші демонстрациялық материял

Қостанай, 2009.


Этнология пәнінен карталар.

1.Политическая карта мира

2.Оңтүстік Қазақстан және Жетісудағы ортағасырлық қалалар мен Ұлы Жібек жолының картасы

3.Этнические процессы на территории Казахстана (2штуки)

4.Административные реформы 60-70 гг. ХIХ в. Переселение уйгуров и дунган в Семиречье.
Этнология пәнінен слайдтар.

1.Австралия және Мұхит аралдары халықтары

2.Азия халықтары

3.Африка халықтары

4.Америка халықтары

5.Еуропа халықтары



Этнология пәнінен деректі фильмдер. (217 кабинет)

  1. «Сакская культура»

  2. «Куль-Тегин (феномен тюркской культуры)»

  3. «Древние курганы Казахстана»

  4. «Археология. Казахский принц» в 2 частях

  5. «Туркестан – суфизм - Ясави»

  6. «Кочевник» - Продолж.

  7. «Сыгнак»

  8. Казахстан – земля согласия и мира


Аудиозапис.

  1. Гимн Республики Казахстана

Қостанай мемлекетік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

«Деректану теориясы» пәнінен

Оқытушының басшылығымен өтетін студенттердің істейтін жұмыстары

Қостанай, 2009.


Оқытушының басшылығымен өтетін студенттердің өзбетіменін істейтін жұмыстары

Түсініктеме жазбасы.

Оқытушының басшылығымен өтетінстуденттердің өзбетіменін істейтін жұмыстары Этнология пәні бағдарламасы бойынша оқу үрдісіне студенттердің үздіксіз қатысуын ескереді. Сабақ барысында пән бойынша білімді игеруді қамтамассыз етіп, оқытушы мен студенттердің шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

Бұл пәнді игерулде әдебиет мәселесі қиындық туғызбауды. Бірақ мемлекеттік тілде бірғана әдебиет бар. Оның өзі студенттердің бәріне жете бермейді. Сол себептен Оқытушының басшылығымен өтететін студенттердің өз бетімен істейтін лекциядағы күрделі, ауқымды, көлемді сұрақтарды студентпен бірге, ал әдебиеті жеткілікті болған жағдайда студенттердің өздері конспектілейді. Сонымен қатар бұл сабақтарда картамен жұмыс жасайды. Әлем елдерінің саяси және физикалық тұрғыда осы картадан коллоквиюм тапсырады. Бір рет бақылау жұмысын жазады. Студенттер жазған баяндама, рефераттарын қорғайды. Екі рет тес сұрақтарынан сынақ тапсырады.Сабақтың әр түрлі фрмада, әңгіме, пікірталас, диспут, т.б. қолданылады Аудитория сабақтарында оқытушы күрделі тақырыптарды игеруге көмектеседі. Сонымен қатар оқытушы лекция және семинар сабақтарын қалдырған немесе қалып қоюшы студенттермен жұмыс жүргізеді.

Дискуссия - белгілі бір күрделі мәселені көпшілік болып пікірталас арқылы шешу. Оған қатысу алдын ала тиянақты және жан-жақты дайындықты талап етеді. Сондықтан сізге дискуссияға қатысу үшін көптеген қосымша әдебиеттерді оқуға тура келеді. Дискуссия білімгерлердің көпшілік алдында сөз сөйлеу қабілетін қалыптастырады, ой-өрісін кеңейтеді.

Интерактивті сұхбаттасу- тақырып, мәселе бойынша «сұрақ- жауап» түріндегі өзара әңгімелесуі. Мұндай сұхбаттасу пкірталастыққа (дискуссияға) жақын болады, өйткені әңгіме даулы мәселенің төңірегінде жүріп отырады. Тақтаға шыққан білімгер немесе шағын топ «маман» ретінде аудитория қойған сұрақтарға жауап қайтарады. Аудитория да өз пікірін айтып отырады.



1. Кіріспе

Мақсаты: Этнология пәні, әдіс түрлері, дерек көздері мен функцияларымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: Тарихи салыстырмалы әдіс, жалпы топтамалық әдіс, деректер жинау және іздеу әдістері.

Әдістемелік нұсқау:

Негізгі және қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, берілген әрбір сұрақты дәптеріңе конспектілеп, мазмұнын білуің керек.



Сұрақтар:

1. Этнология пәні және міндеттері.

2.Этнология ғылымын зерттеудің әдісі, деректері және функциялары.

Әдебиет:

Негізгі

Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994

Артықпаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана

Садохин А.П. Этнология. М.2004.

Таводов Г.Т. Этнология. М.2003.

Қосымша

Садохин А.П. Этнология: Учебный словарь. М.2002.


2. Этнология теориясының негізі және бағыты

Негізгі түсініктер: Тарихи мәдени бағыт. Биологиялық бағыт (А.Бастиан, Т.Ахелис). Әлуметтік бағыт. Географиялық бағыт. Тарихи географиялық бағыт. Мәдени шенберлер мектебі. Тарихи этнологияның американдық мектебі немесе психологиялық антропология. Гелиолитикалық мектебі. Француз әлеуметтік мектебі. Структуралистік бағыт Функционализм. Жүйелік теориясы.

Әдістемелік нұсқау: Лекция сабағын жалғастырымыз. 5 және 6 сұрақтарды өздерің қарастырасыңдар. Дәптерлеріңе коспектілеп сабақ айтасыңдар.

Сұрақтар:

1. Эволюционизм.

2. Диффузионизм.

3. Функционализм.

4. Қазіргі этнология.



5. Ресей этнологияның дамуы.

6.Қазақстанда этнологиялық ғылымның қалыптасуы және дамуы.

Әдебиет:

Негізгі

Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994

Артықпаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана

Садохин А.П. Этнология. М.2004.

Таводов Г.Т. Этнология. М.2003.

Қосымша

Садохин А.П. Этнология: Учебный словарь. М.2002.


3. Әлем халықтарының негізгі класификациясы.

Мақсаты: Әлем халықтарын топтау мен жіктелуі туралы түсінікті ашу.

Негізгі түсініктер: Расса, морфология, физиология, тілдік семья, мәдени-шаруашылық түр.

Әдістемелік нұсқау: Негізгі және қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, берілген 3 және 4 сұрақты дәптеріңе конспектілеп, мазмұнын білуің керек.

Сұрақтар:

1.Географиялық класификация.

2.Антропологиялық класификация.

3.Лингвистикалық класификация.

4.Шаруашылық – мәдени класификация.

Әдебиет:

Негізгі

Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994

Артықпаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана

Садохин А.П. Этнология. М.2004.

Таводов Г.Т. Этнология. М.2003.

Қосымша

Садохин А.П. Этнология: Учебный словарь. М.2002.


4. Австралия және Мұхиттық аралдар халықтарының тарихи-мәдени және географиялық сипаттамасы.

Негізгі түсініктер: Абориген, австралия тілдері, «унгуд».

Әдістемелік нұсқау: Баяндама, рефераттарыңды қорғап, картамен жұмыс жасайсыңдар.

Сұрақтар:

1.Австралия, Меланзия, Микронезия, Полинезия.

2.Австралия халқы Антропологиялық сипатгама.

3.Меланезия және Микронезия халықтары.

4.Полинезия халқы:

Әдебиет:

Негізгі

Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994

Артықпаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана

Садохин А.П. Этнология. М.2004.

Таводов Г.Т. Этнология. М.2003.

Қосымша

Артемова О.В. Личность и социальные нормы в раннепервобытной


общине по австралийским этнографическим данным . М.,1987.

Бутиков Н.А. Папуасы Новой Гвинеи (хозяйство, общественный


строй). М.,1988.

Кабо. В.Р. Происхождение и ранняя история аборигенов Австралии.


М.,1968.

Пучков П.И. Население Океании. М.,1967.

Пучков П.И. Формирование населения Меланезии. М.,1968.

Пучков П.И. Этническое развитие Австралии. М.,1987.

Пучков П.И. Этническая ситуация в Океании. М.,1983.

Садохин А.П. Этнология: Учебный словарь. М.2002.


5. Азия халықтары.

Мақсаты: Азия халықтарының этникалық тарихы, этномәдени ерекшеліктерін қарастыру.

Негізгі түсініктер: Арий, конфуцианство, будизм, монғолойд, семит, суармалы егіншілік.

Әдістемелік нұсқау: Баяндама, рефераттарыңды қорғап, картамен жұмыс жасайсыңдар.

Сұрақтар:

1.Батыс жоне Алдыңғы Азия халықтары.

2.Оңтүстік Азия халқтары.

3. Шығыс Азия халықтары.



Әдебиет:

Негізгі

Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994

Артықпаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана.2001.

Садохин А.П. Этнология. М.2004.

Таводов Г.Т. Этнология. М.2003.

Қосымша

Еремеев Д.Е. Этногенез турок. М.,1971.

Кочнев В.И. Шри-Ланка. М.,1976.

Курылев В.П. Хозяйство и материальная культура турецкого


крестьянства. М.,1976.

Шпажников Г.А. Религии стран Западной Азии. М.,1976.

Кашмадзе Н.И. Индонезия: Острова и люди. М.,1987.

Марков Г.Е. Народы Индонезии. М.,1965.

Чеснов Я.В. Историческая этнография народов Индонезии. М.,1978.

Шпажников Г.А. Религия стран Юго-Восточной Азии. М.,1980.

Арутюнов С.А. Современный быт японцев. М.,1968.

Васильев Л.С. Культы, религии, традиции в Китае. М.,1970.

Крюков М.В. Система родства китайцев. М.,1972.

Чебоксаров Н.И. Этническая антропология Китая. М.,1982.


6. Африка халықтары.

Мақсаты: Африканың географиялық жағдайы, этникалық тарихы, социогенезі, шаруашылығы мен мәдениетін қарастыру.

Негізгі түсініктер: Койсан халықтары, суахили, еуропейдтер, негройдтар, эфиоптар, терімшілік, аңшылық, фелидж, тукули, жер өңдеудің түрлері, малдың түрлері.

Әдістемелік нұсқау: Баяндама, рефераттарыңды қорғап, картамен жұмыс жасайсыңдар.

Сұрақтар:

1.Африканың тарихи-мәдени жөне географиялық сипаттамасы.

2.Солтүстік Африка халықтары.

3.Шығыс Африка халықтары..

4.Оңтүстік Африка халықтары.

5.Батыс Африка халықтары.

6.Орталық Африка халықтары.

7.Кәзіргі Африкадағы этникалық процестер.



Әдебиет:

Негізгі

Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994

Население мира. М.,1992.

Артықпаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана.2001.

Садохин А.П. Этнология. М.2004.

Таводов Г.Т. Этнология. М.2003.



Қосымша

Бютнер Д. История Африки с древнейших времен. М, 1981.

Дэвидсон Б. Африканцы. Введение в историю культуры. М.,1975.

Куббель Л.Е. «Страна золота»-века, культуры, государства. (Западная Африка). М, 1990.

Исмагилова Р.Н. Этнические проблемы современной Тропической
Африки. М.,1973.

Львова Э.С. Этнография Африки. М.,1981.

Арсеньев В.Р. Звери-боги-люди. М, 1991.

Асоян Б.Р. Все еще удивительная Африка. М, 1987.


7. Америка халықтары.

Мақсаты: Американың байырғы халықтары, қоныстану процесі, этномәдени ерекшеліктері, шаруашылығы, мәдениеті және еуропалықтардың жаулап алуын ашу.

Негізгі түсініктер: Индейс тілдері, арктикалық аңшылар, ацтек, майя, инк, жер өңдушілер, Кортес, мулат.

Әдістемелік нұсқау: Баяндама, рефераттарыңды қорғап, картамен жұмыс жасайсыңдар.

Сұрақтар:

1.Солтүстік Америка.

2.Мезоамерика.

3.Оңтүстік Америка.

Әдебиет:

Негізгі

Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994

Население мира. М.,1992.

Артықпаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана.2001.

Садохин А.П. Этнология. М.2004.

Таводов Г.Т. Этнология. М.2003.



Қосымша

Аргеднк Х.Н. Обычай и обряды индейцев. Алма-Ата, 1989.

Галич Мануэль. История доколумбовых цивилизаций. М.,1990.

Кинжалов. Р.В. Культура древних майя. Л.,1971.

Народы мира. Историко-этнаграфический справочник. М, 1988.

Стинбл Милослав. Индейцы без томагавков. М, 1984.

Страны и народы. Америка. М, 1981.

Шулц Д.В. Моя жинь среди индейцев. (Индейцы Северной Америкой). М, 1974.

Этнические процессы в странах Карибского моря. М.,1982.

Этнические процессы в странах Южной Америки. М.,1981.

Файнберг Л.А. Охотники американского севера: индейцы и эскимосы. М, 1991.
8.Европа халықтары.

Мақсаты: Еуропаның географиясы, этногенезі, саяси тарихы, мәдениеттегі-шаруашылықтағы негізгі ерекшеліктері мен қоғамдық қатынасын зерттеу.

Негізгі түсініктер: Келттер, еврей, цыған, католицизм, християн, православие, албандар, германдар, романдар, жүзімшілік, изба, славиян тілдері, Картвелия, Кахатия, Алаңдар, лезгинка, ашуг.

Әдістемелік нұсқау:

Сұрақтар:

1.Европа халықтарының тарихи-мәдени географиялық сипаттамасы.

2.Шығыс славян халықтары.

3.Шығыс Европаның славян емес халықтары.

4.Прибалтика халыктары.

5.Солтүстік Шығыс Европа халықтары.



Әдебиет:

Негізгі

Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994

Население мира. М.,1992.

Артықпаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана.2001.

Садохин А.П. Этнология. М.2004.

Таводов Г.Т. Этнология. М.2003.



Қосымша

Этнические процессы в современном мире. М.,1987.

Алексеев В.П. Происхождение народов Кавказа. М.,1967.

Алхазова Н.Д. Кройторекску Л.И. Королевсве, где говарят по-англиски. Обычай, традиции, праздники. М, 1989.

Брак у народов Северной и Северо-Западной Европы. М.,1990.

Волкова Н.Г. Этнонимы и племенные названия Северного Кавказа.


М.,1972.

Искахаков Д.М. Татары. (Популярный очерк этнической истории и демографии). Набережны Челны, 1993.

Кертман Л. География, история икультура Англи. М, 1979.

Народы мира. Историко-этнаграфический справочник. М, 1988.

Русские. (Народы и культуры). Под.ред. В.А. Александрова, И.В. Власова, Н.С. Полищук. М, 1999.

Что нужно знать о народах России (справочник для гос. служащих). – М, 1999.


9. Қазақстанның этникалық тарихы.

Мақсаты: Ежелгі уақыттан кәзіргі кезеңге дейінгі қазақ халқының шығу тегі, этникалық құрамы, диаспоралардың пайда болуын зерттеу.

Негізгі түсініктер: Арий, Алаш, сақ, түрік, татар, қыпшақ, ноғай, өзбек, қазақ, Қазақстан, шежіре, көшпенді, ауыз әдебиеті.

Әдістемелік нұсқау: Лекцияны толықтырамыз.Пікірталас өткіземіз.

Сұрақтар:

1.Қазақстан халықтары.

2.Қазақ этногенезі және этникалық тарихы.

3.Этникалық тарихтың негізгі кезеңдері.

Әдебиет:

Негізгі

Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994

Население мира. М.,1992.

Артықпаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана.2001.



Қосымша

Акынжанов М.Б. Казактың шығу тегі туралы. Алматы,1957.

Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке А, 1973.

Казахи. Историко-этнографическое исследование. Алматы,1994.

Қоңыратпаев Ә. Қазақ фолклорының тарихы А.1991

Назарбаев Н.Ә. тарих толқынында. А, 1999.

Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. А.1994.

Қазақстан тарихы. Ежелгі уақыттан қазіргі кезеңге дейін. Очерк. Бас.Ред. М.Қ.Қозыбаев. Алматы, Дәуір, 1993.

Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық, 1-том, Алматы, Атамұра, 1996.

Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, II-том. Алматы, Атамұра,

Масанов Н.Э. и др. История Казахстана: народы культуры. Учебное пособие. Алматы, Дайк-Прес, 2000.

Дулати М.Х: Тарих-и Рашиди. Алматы, Мұхамед Хайдар Дулати қоғамдық қоры, 2003

Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. Алматы, 1986.

Иүгенеки А. Ақиқат сыйы. Алматы, 1985.

Қ.Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы.19 97,-128б.

Қорқыт ата кітабы. Алматы, 1986.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Қазақ шежіресі. Алматы, 1993.

Махмуд Қашғари. Диуан-лұғат ат-түрік. Алматы, 1993.

Моңғолдың құпия шежіресі. Баян-өлгий, 1979.

Өтеміс Қажы. Шыңғыс наме. Алматы, 1992.

Таным тармақтары (Қытай тарихшыларының көне тарихызмы жөніндегі пайымдаулары. Құрас және алғ.жазғ. Қ. Салғараұлы). Алматы.Санат, 1992. 279 б.

Шәкәрім Құдайбердіұлы. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі. А, 1993.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет