Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы


Кеңес өкіметінің заң актілерінің жариялануы



бет55/87
Дата06.02.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37454
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   87
Кеңес өкіметінің заң актілерінің жариялануы
Заң актісінің қалыптасу кезеңі оның жариялануымен аяқталады. Заң тексінің баспада ресми жария­лануы заңның күшіне енуі болып саналады, ал жергілікті жерлерде - заң тексі жарияланған ресми басылымының келіп түскен уақытынан басталады.
Кеңес өкіметінің алғашқы заңдарын "Нүсқаулар жинағында" ("Собрание указаний") баспадан шығару ісін халықтық заң комиссариаты (Наркомюст) 1917 жыддың желтоқсан айында бастады. Онда заңдар мен қаулылар хронологиялық тертіппен беріліп, актілер шыққан жылдар ретімен орналастырылды. Мерзімдік басылымдардың ішінен "Нұсқаулар жинағы" заң материалдарының толық басылымы болды. "Нұсқаулар жинағына" сипаты мен типі ұқсас басылымдар Ук­раина ССР-ында, Әзірбайжан ССР-ында жөне басқа да республикаларда шықты.
Орталық Атқару Комитет! (ЦИК), оның Прези­диумы, КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі (СНК) мен Еңбек, Қорғаныс Кеңесінің (СТО) бүкіл деректері мен қаулылары 1924 жылы баспадан "КСРО-ның жұмысшы-шаруа үкіметінің зандары мен жарлықтарыңца" жариялана бастады. Жинақ екі бөлімнен тұрды. Біріншісінде — заңдық сипаттағы актілер, қалғандары: қызметке тағайындау мен марапаттар ту-ралы, акционерлік қоғамдардың уставтарын бекіту ту-ралы жоне т.б. — екінші бөліміңде басылды. "Заңцар жинағының" бірінші бөлімі КСРО халықтарының ал-ты тілінде (орыс, украин, белорус, грузин, армян, түркі-татар) басылып түрды.
1938 жылдың 7 сәуірінен бастап "Заңцар жинағының" орнына "КСРО Жоғанғы Кеңесінің ведом-стер!" басыла бастады. Алғашқы жылдары "Ведомстер" газет түрінде шықса, 1944 жылдан бастап бюллетень-дер түрінде шығарылды. Бүл басылым Одақ ыды-рағанға дейін шығып түрды.
1938-1949 жылдары жоғарғы атқарушы өкімет органының қаулылары мен жарлықтарының арнайы ба­сылымы — "КСРО Үкіметінің қаулылары мен жар-лықтарының жинағы" ("Собрание постановлений и рас­поряжений Правительства СССР") үздіксіз шыгып түрды. Бұл басылым 1951 жыддан бастап мекемелер мен ведом­стволар үшін басылса, 1957 жылдан жұртшылық үшін "КСРО үкіметінің қаулыларының жинағы" деген атпен шығып түрды.
1958 жылдан бастап КСРО-ның заңдары мен КСРО Жоғаргы Кеңесі жөне оның Президиумыныңбасқа акгілері одақтас республикалар тілінде шығатын "Ведомстерде" жарияланып, сонымен қатар актілердің маңыздылары "Известия" газетінде де жарық көрш тұрды.
Халықаралық келісімдер бұқаралық баспасөз бен КСРО Үкіметі және Шетелдер министрлігінің арнайы басылымдарында жарияланды.
Сонымен бірге Кеңес мемлекетінің заңцық жөне басқа да актілеріне байланысты ірі ғылыми басылымдарды да атап көрсеткен жөн. Олардың ішінде бүрын-соңцы жарияланбаған құжаттар қамтылған "Декреты Советской власти" жинағының деректік мәні айрықша.
Конституция дайыңдауға байланысты материал-дар арнайы басылымдарда кеңінен берілді. 1957 жылдан бастап "Документы внешней политики СССР" басылымының көптомдығы шыға бастады. Кеңес өкіметінің сайлау органдарының материаддары көптомдық жинақта басыдцы. Оған Кавказдың, Ор­та Азия мен Қазақстанның бұрын жарияланбаған көптеген қүжаттары енгізілді.
4.Актілік материялдарды деректанулық талдау.
Тарихи деректер болып саналатын заң жөне үкімет актілері белгілі уақыттың тарихи туындысы. Бүл қүжаттардың пайда болуын зерттеу деректердің мағынасын үғуға, жаңа актілік материалдардың пайда болу себептерін түсінуге, оларды жасаушының ролін ашуға мүмкіндік береді.
Заң актілерінің пайда болуью зерттеу торт ке-зеңнен түрады: заң шығару ынтасы - бастама; заң жобасын дайындау мен оны талқылау процесі; заң жобасын заң шығаратын органдарда талқылау мен бе-юту; занды жариялау.
Кеңес өкіметінің дөуірінде "бұрынғы қабылданган заң актілерінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі өзгерістерге сәйкес болмай қалуының негізінде" деген себеппен жаңа заңдар да шығарылып тұрды.
1918 жене 1924 жылдардағы Конституциялардың 30- жылдардың ортасында қоғамда болған өзгерістерді қамти алмағаны — шындық. Сондықтан Бүкілодақтық Советтердің VII съезінің КСРО-ның жаңа Конституциясы (1936) жобасын жасау туралы қаулысын КСРО-ның Конституциясьш дайындаудың ьштасы ретінде қарауға болады.
1918 жылғы РСФСР-дің конституциясы бойынша Бүкілресейлік Кеңестер съезіне, Бүкілресейлік орталық аткару комитетіые, РСФСР-дің Халық комиссарлар Советі мен наркоматтарына заңцық бастама құқығы берілді. Осы тәртіп 1924 жылғы КСРО Кон-ституциясында да сақталды. 1936 жылғы Конституция бойынша зандық ынта құқығы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Одақ кеңесі мен Ұлттар кеңесі палаталарына берілді. 1977 жылғы Конституция бойынща заңдық ынта куқығы КСРО Жоғарғы Кеңесіне, оның Прези­диумы мен тұрақты комиссияларына, КСРО Министрлер Кеңесіне, одақтас республикалардьщ жоғарғы мемлекеттік өкімет органда­рына, орталық қоғамдық ұйымдардың органдарына және т.б. берілді.
Занды шығарудың ынталық кезеңі өкімет орга-нының заң жобасын дайыңцаудың қажеттілігі туралы шешім кабылдауымен аяқталады.
Заңның пайда болуының екінші кезеңіне заң жо­ба­сын жасайтын арнайы комиссияны құру мен жобаны жариялау жұмысы жатады. Зандық актінің жобасы жарияланғаннан соң, оған жалпыхалықтық талқылау ұйымдастырылды. Заң жобасымен танысып, оны талқылаудың барысында еңбекшілердің оған көзқарасын көрсетуші хаттары мен пікірлерінің зерттеушілер үшін үлкен деректік мәні бар.
Заңның пайда болуының келесі кезеңінде жоба өкіметтің жоғарғы органдарында талқыланады.
Заң актілерін талдау процесінде олардың жарияланған нұсқасын, олардың архивтегі түпнұсқасымен салыстырады.
Заңдық актілерді талдауда зерттеуші актінің аты мен түрін анықтайды, қорытынды хаттамасына баға береді (қойылған қол мен бекітілген күнінің т.б. бо-луы), қажет болған күнде мәжіліс хаттамасы бойынша қаулының қабылданған уақыты салыстырылады.
Заңдық актінің пайда болуын зерттеуде алынған мәліметтер деректің мағынасын талдау үшін көлемді материал береді. Осыңдай талдаудың нәтижесіңце жалпы тарихтық қорытыңцыларды негіздеуге қажетті мәліметтер алынады. Зерттеудің мұндай сатысы үшін күн ілгері бірнеше негізгі сұрақтардың белгіленгені жөн. Мысалы, зерттелетін заңның тарихи орны мен андай маңызы, бұрынғы актілермен салыстырғанда, қаңдай жаңалығы бар? Оның қоғам дамуындағы ролі қандай? .
Заң актісінің тарихи орнын анықтау, оның пайда болуын зерттеумен тығыз байланысты. Осылай зерттеу жаңа нормалардың қалыптасу процесі мен олардың формасын көрсетеді.
Заң актісін талдау объективті зандылықтарға негізделуі керек. Зерттеу жұмысының осындай сипатта ұиымдастырылуы жөне оның тарихи процестермен, члрдің нақты проблемаларымен, қоғам дамуының жалцы бағыгымен тығыз байланыста жүргізілуі қажет. Заң актісі қоғамдық-саяси ойдың көрсеткіші мен оның ескерткіш дерегі ретінде қаралуы керек. Заң құжатьгадағы жаңа нормалар мен анықтамалар екі түрлі дерктер болып табылады: біріншісіңце мемлекеттің қоғамдық қатынастары мен саясаты сипатталса, екіншісінде қоғамдық-саяси ойдың деңгейі айқындалады.
Зан актілерін талдауды бір-бірімен байланысты екі бөлікке бөлуге болады: деректерді тарихи тұрғыдан түсіндіру және оның терминдеріне грамматикалық түсінік беру. Тарихи тұрғыдан түсіндіру дегеніміз заңнъщ қоғам дамуының объективті заңдылықтарьша сәйкестігін ашумен бірге, оның әлеуметтік бағытын саралап, пайда болу себептері мен жүзеге асырылу нәтижелерін және т.б. баяндау. Ал терминдерге тілдік тұрғыдан (этимологиялық, лексикалық т.б.) түсіндірме беру зандар туралы берілетін тарихи түсініктерге сөйкес жүргізілуі керек. )қоғам дамуы барысында жекелеген термин мағыналары да өзгеріске түспей (жаңарып деген сияқты) тұрмайтыны белгілі. Сондықтан заңның жүзеге асырылуын зерттеуде терминдердің мағынасын заңның қабылдау кезеңімен тығыз байланыста қарап түсіну керек.
Сонымен, Кеңес өкіметі заң актілері коммунистік тоталитарлық жүйенің құжаттары екендігі түсінікті. Сондықтан оларды деректанулық зерттеуде ғылыми-методологиялық принциптер негізінде жүргізу керек.
Бақылау сұрақтары
1.Қазақ мемлекетіндегі қандай заңдарды білесің?
2.Қарамолла ережесінің авторы кім?
3.Кеңес өкіметі кезіндегі қандай заң түрлерін білесің?
Әдебиет
Абиль Е.А. «История государства и права Казахстана», Қараганды 2005
А.Г. Голиков., Т.А. Круглова «Источниковедение отечественной истории», Москва 1996
Источниковедение теоретические и методические проблемы «Наука» Москва 1969 отвественный редактор С.О. Шмидт
Қазақтың көне тарихы Дайындаған М.Қани., Алматы Жалын, 1993
Үш пайғамбар, кұрастырған А. Нысаналы, Алматы Дәуір 1992



Каталог: files -> umo
umo -> Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет