Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы



бет51/87
Дата07.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#83687
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   87
Байланысты:
derektan teor umkd

Көркем публицистикалық жанрлар (очерк, фелье­тон, памфлет) құжаттық дәлелділікпен, ойдан шығарылған әдеби суреттемемен үйлестіріліп, оқиғаларға автор сезімі арқылы өнделіп беріледі.
Жеке жанрлардың құндылығы туралы дерек ре­тінде тек нақты зерттеуге сәйкес пікір айтуға болады. Кейбір жағдайларда, мысалы, оқиғаның барысын бүрынғы қалпына келтіру үшін, фактілік материалдар қажет. Басқа жағдайларда, атап айтқанда, қоғамдық ойдың тарихын, кейбір дәуірдің көзқарасын таддауда, әсіресе авторлық түсіндіруді зерттеудің мәні зор. Мерзімдік баспасөз материалдарын тарихи дерек ретінде білгірлікпен пайдалануда тарихшылардың баспасөз ерекшеліктерін жетік білуі жақсы негіз болады.
Сонымен, газеттер мен журналдар ақпараттың күшті құралы болумен қатар, қоғамдық сананы қалыптастыруда, қоғамның жекелеген әлеуметтік топтарының пікірлері мен көңіл күйіне әсер ететін құрал болып табылады. Сондықтан баспасөз материалдарына, тарихи жазба дерек ретінде, көңіл аударушы тарихшылар баспасөз органдарының саяси және әлеуметтік бағыт-бағдарына сыни пікір тұрғысынан қарауы керек.
Бақылау сұрақтары
1.Мерзімді басылымның дерек көзі ретіндегі маңыздылығын ата?
2.Мерзімді басылымдарды қалай сыныптауға болады?
3.Мерзімді басылымға қалай деректанулық талдау жасауға болады?
4.Бүркеншек есімдер дегеніміз не?
Әдебиет
Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.
Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.


Заңдық актілер
Кілтті сөздер
Әдет-ғұрып, шариат, Шыңғысханның жарғысы, Темірдің білігі, акт, заң, би, декрет.
Талқыланатын сұрақтар
1.Қазақ халқының заңдық деректеріне шалпы шолу.
2.Қарамола Ережесі.
3.Кеңес өкіметінің заң акттілері мен нормативтік қаулыларының негізгі түрлері.
4.Актілік материялдарды деректанулық талдау.
Мақсаты: Заңдық деректерге шолу жасап, негізгі түрлерімен танысу.


1.Қазақ халқының заңдық деректеріне шалпы шолу.
Қазақстан териториясында қола дәүірі кезінде әйгілі билік пайда болды. Жазылмаған заң арқылы қауымды реттеп отырды. Метал өндіріп, қару соғып, соғыстың көбейуіне байланысты, осыны реттеп, тәртіпке келтіретін күшті орталықтанған билік керек болды. Билік заңдары шығарды. Бұл заңдардың деректік мәні зор.
Еліміз тарихында халқымыздың:

  • әдет-ғұрып салт – дәстүр

  • шариат

  • Шыңғыс ханның жарғысы

  • Темірдің билік құрамы

  • Қасым ханның қасқа жолы

  • Есім ханның ескі жолы

  • Тәукенің жеті жарғысы

  • Патша империясы тұсындағы заң құжаттары

  • Кеңес үкіметі тұсындағы Заң актілері

  • Тәуелсіз Қазақстанның Заңдары

деп кезең – кезеңге бөлуге болады. Бұл әрине шартты түрде. Енді біз бұларға тоқталып мағынасын ашсақ.
Акт – термині латынның істелді деген мағынаны білдіреді. Бұған әртүрлі келісім құжаттары, жатады. Заңдық құжаттар екі үлкен топқа бөлуге болады.

  1. Жалпы құқықтық акт (Заңды күші бар жоғарғы билік)

  2. Меншік актілер (Екі тұлғаның арасындағы)

Актілік материалдарға жеке адамдардың бір-бірімен, мемлекеттердің дара және мемлекет пен мекемелердің экономикалық, дипломатиялық, саяси мүдделеріне байланысты шарттары – заң түріндегі келісім құжаттары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет