Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы


Жеке адамның құжаттары – тарихи дерек



бет56/87
Дата07.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#83687
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   87
Байланысты:
derektan teor umkd

Жеке адамның құжаттары – тарихи дерек
Кілтті сөздер
Естелік, күделік, хат, мемуар.
Талқыланатын сұрақтар
1.Естеліктер, күнделіктер, жеке адам хаттарының жалпы сипаты: жиналуы, есепке алынуы, зерттелуі.
2.Меуарларды деректанулық зерттеудің тәсілдері.
3.Күнделіктерді деректанулық зерттеудің жолдары.
4.Жеке адамдардың хаттарын деректанулық зерттеудің тәсілдері.
Мақсаты: Естеліктер, күнделіктер, мемуарлар және жеке адамдардың хаттарының деректік мәнділігі маңыздылығын зерттеу.


1.Естеліктер, күнделіктер, жеке адам хаттарының жалпы сипаты: жиналуы, есепке алынуы, зерттелуі.
Естеліктер (мемуарлар), күнделіктер, жеке адамдардың жазысқан хаттары (эпистолярлық ескерткіштер) - тарихшылар үшін өздерінің пайда болуы, сипаты, мән-мағынасымен бір-біріне жақын тарихи ескерткіштер. Солай бола түрса да, олар дерек ретінде үш түрге бөлінеді. Және оларды іздестірудің, зерттеудің, пайдаланудың өзіндік ерекше жолдары бар.
Естелік, күнделік, хаттар — субъективтік сипатты деректер, себебі оларды жеке адамдар, өз пікірі тұрғысынан жазады. Күнделіктер мен хаттардың сырластық, сенімділік баяндау сипаты басымырақ келеді. Олар көбіне жазған адамның өзіне және арналып жазылған жекелеген адамдарға жақсы түсінікті болады.
Естеліктердің күнделіктер мен хаттардан өзгешелігі — олар күні бұрын белгілі, шектелген адамдарға: өздерінің балалары, отбасының мүшелері үшін, әлбетте оқушылардың көпшілігіне арналып, замандастары, ұрпағы, тарихшылар үшін жазылады. Мұндай жағдайда естеліктің авторы белгілі мақсат қойып, оны орындау үшін жадында сақталған материалды жинақтап, тәртіпке келтіреді.
Жеке адамдар мен қоғам өмірінің түрлі оқиғаларын көзімен көрген замандастарының олар туралы баяндаулары - естеліктер немесе мемуарлар деп аталады.
Естеліктер кең ұғымда тарихи шығармалар болғанмен, олар тарихшылар үшін құжаттық деректер бола алмайды. Әдетте жеке адамдар, құбылыстар мен оқиғалар әңгімеленген естеліктер тарихи - аналитикалық аналитикалық және тарихи-синтетикалық тұрғыдан толық, жан-жақты баяндалмайды. Олардың мақсаты басқа- мемуаристің өзі қатысқан немесе өзі байқаған оқиғалардың ойында сақталған әсерлерін ғана баяндау. Естеліктердің, күнделіктер мен хаттардың ерекшеліктері көбінесе оларды жазушылармен, сол сияқты ол ескерткіштің арналып жазылған адамдарымен (мысалы, эпистолярлық текстерде) анықталады. Әрбір текстің, оны жазушыларға байланысты ерекшелік сипаты болады. Мұндай деректердің авторы мен сол деректер арналып жазылған автордың нақты тарихи жағдайда өмір сүріп, қоғамның белгілі әлеуметтік тобына жататыны белгілі. Деректердің көбінде әлеуметтік топтың немесе нақты адамдар тобының мүдделеріне тән мәліметтер орын алады. Деректерді пайдалануда зерттеушілер бұл жағдайды ойдан шығармауы керек. Жеке адамдармен жазылған деректерді пайдаланушы тарихшылар "қоғамда өмір сүрген адамдар сол қоғамнан тыс тұрмайды" деген белгілі қағиданы басшылыққа алуға тиісті.
Деректердің осы үш түрін талдауда олардың авторларының жеке басының ерекшелік-терін ескеріп отырудың мөні бар. Автордың және естеліктердің, күнделіктер мен хаттардың арналып жазылған адамдарының жеке басының ерекшеліктері осы деректердің мағынасы мен ақиқаттығына әсер етеді. Бұл жағдай деректердің ғылыми-тарихи объективті маңызын айтарлықтай анықтай түседі. Фактілік материалдардың жинақталып, бағаланып жариялануының сипаты жеке адамға байланысты. Демек, оқушылар мен зерттеушілердің деректерді объективті түрде қабылдауына олардың авторларының жеке басы ерекшеліктерінің әсері тиері сөзсіз. Дерек материалдарынан автордың жынысы, жасы, мінезі, жадының жағдайы, дүниетанымы, көзқарастары мен сезімі байқалады
Осындай сипаттағы деректермен шұғылданудағы бірінші мақсат — олардың авторын (есімін, өмір сүрген уақытын, өмірбаян мәліметтерін, әлеуметтік және кәсіби жағдайын), немесе сол деректердің кімге арналғанын анықтаудан туындайды. Кім жазып. кімге жазылғаны белгісіз естеліктер, күнделіктер мен хаттар тарихшыларға жиі кездеседі. Мұндай авторы туралы негізгі мәлеметтері анықталмаған ескерткіштер толық жарамды деректер бола алмайды.
Екінші мақсат - деректің негізгі тексінің түпнүсқасының жазылған уақытын анықтау. Көп жағдайда деректің түпнұсқасы табылмай, ол жеке кітаптан немесе мерзімдік баспасөзден кездеседі. Ондай жағдайда деректің алғаш жариаланған уақты мен орнын анықтап алған жөн. Оның алғашқы жариялануы сол деректің түпнұсқасы болады. Сонан соң зерттелетін деректі басып шығарған жердің редакторлық принциптеріне талдау жасау керек. Өйткені кейде мерзімдік баспасөз редакторлары авторлардың қолжазбаларын баспаға дайындауда олардың тексінің өзгертілуіне шамадан тыс еркіндік жасайды. Мұны ойдан шығаруға болмайды.
Деректі басып шығарған баспаның қоғамдық-идеялық бағытын білудің де зерттеуші үшін үлкен мәні бар. Оның келесі басылуы мен қайта басылуының әр қайсысын есте ұстаған дұрыс. Анықталған алғашқы ба­сылуы сол деректің жазылған уақыты мен оның жазылу себептерін, міндетін анықтауға көмектеседі. Авторлық түпнұсқа бізге келіп жеткен деректің жазылған уақытын анықтау үшін палеографиялық және тексталогиялық талдау амалдарын қолдануға мүмкіндік береді. Көрсетілген деректердің үш тобының (естеліктер, күнделіктер, эпистолярлық текстер) бәрін зерттеудегі әдістемелік қағида — автордан қалған екі топтың деректеріне назар аударуды талап етеді (әрине, егер ондай деректер болса). Атап айтқанда, бір қайраткердің белгілі уақытта жазылған өмірбаяны мен оның мемуарын сыни- салыстырудың қорытындылары жақсы нәтиже береді. Мысалға, кеңес заманында ұзақ жылдар бойы Қазақстанды басқарған Д.А.Қонаевтың өмірбаяны мен естелігін немесе Республикамыздың ғылымы мен мәдениетінің ірі өкілдері Қ.И.Сәтбаев пен М.О.Әуезовтің ғылыми жөне еңбек қызметін сипаттайтьш естеліктерін алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет