Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы



бет57/87
Дата07.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#83687
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   87
Байланысты:
derektan teor umkd

2.Меуарларды деректанулық зерттеудің тәсілдері.
Мемуарлар аса маңызды деректер болып саналады. Олар ортағасыр дәуірінде пайда болып, XIX-XX ғасырларда кеңінен дамыды. Жеке адам мен қоғамдық өмірдің түрлі оқиғаларын көзімен керген тұстас адамдардың олар туралы жазбаша баяндауларын естеліктер немесе мемуарлар деп аталады дедік. Мемуарларда автордың өзі қатысып, көзі көрген көптеген фактілер орын алады. Фактілер мен олардың құрамдас бөліктерінің басқа деректерден кездеспеуі мүмкін. Мемуарлар оқушылар мен тарихшыларға әңгіме болған уақыттың рухын сезінуге мүмкіндік береді. Олар оқиғалар мен әлеуметтік-экономикалық, идеялық-саяси жөне рухани өмірдің түрлі әлеуметтік топтарымен қалай қабылданып, қалай бағаланғанын көрсетеді. Мемуар­ларда күнделікті өмір мен өткен уақыттың әдет-ғүрпы, тұрмысы туралы сирек кездесетін деректер орын алады. Маңызды оқиғалардан тысқарылау тұратын, тек шала-шарпы ескерілетін "қатардағы адамдардың" мемуарларының да құндылығы осында. Осылардың барлығы мемуарлардың тарихи дерек ретіндегі маңызын сипаттайды.
Мемуарлардың дерек ретінде бірнеше кем-шіліктері де болады. Мемуар - естеліктердің негізгі дерегі болып адам-ның жады саналады. Ол адамның тәжірибесін қорытады, дәстүрлерді сақтайды, бұл - оның құндылығы, жақсы жағы. Алайда, өткеннің бәрі адам есінде жақсы сақтала бермейді. Соның салдарынан авторлар кейде жекелеген немесе тіпті кездейсоқ фактілерді пайдалануы мүмкін. Адам жадының бұл кемшілігі деректің жаңсақ болуына апарып соғады. Өткендегіні еске алу үшін пайдаланылған фактінің жаңсақтығы жорамал негізінде емес, сын тұрғысынан жасалған таңдаудың негізінде ғана анықталуға тиісті.
Күнделіктер мен хаттарда деректердің мүндай қажеттілігі орын алмайды дерлік. Мемуаристер деректердің басқа түрлерін жиі пайдаланады. Естеліктер күнделікгердің негізінде жасалады. Сонымен қатар күделіктерде, деректік ролі төмен болса да, кейде хаттар да пайданылады.
Естелік авторлары мерзімді баспасөздің мәліметтерін, басқа авторлардың естеліктерін, түрлі құжатгарды, тіпті ғылыми зерттеулерді де пайдалана алады. Бірақ зерттеуші естеліктерде автор пайдаланған пікірлерге шартты түрде қарауы керек. Өйткені мемуарларға енген деректер күнделіктер мен хаттардың негізсіз материалдары немесе белгілі оқиға туралы адамның жалаң, көп жағдайда сезім әсерінен туған пікірі болуы да мүмкін. Сөйтіп, долбарлы елестер жанжақты зерттеулерге дерек бола алмайды.
Әдетте өткен оқиғалар мемуарларда көп жылдардан кейін жазьшады. Өкіндіретіні сол оларда қателер де кездеспей қалмайды. Атап айтқанда, оқиғалардың болған мезгілі (айы, күні, жылы), орындарының қате берілуі, бір адамның іс-әрекетінің басқа бір адамға ауыстырылып жазылуы жөне т.б. жиі кездеседі. Мұндайда автордың өз жадына күмәнданып басқа деректер мен әдебиетті пайдаланғанын немесе оқиғаның басы-қасында болған басқа адамның пікіріне сүйенгенін айыру қиынға түседі.
Мемуарлардың басқа деректердің барлығынан айырмашылығы олардың өте-мөте субъективтілігіңде. Бұлардың көпшілігінде баяндалған материалдарда автордың өз ролін асыра көрсетуге тырысушылығы да орын алады. Мемуарлардың субъективтілігі сонымен
бірге автордың және оның өзі жазған оқиғаларына сәйкес қоғамдық, әлеуметтік топтардың позициясын неғұрлым анықтай түсуге мүмкіндік береді.
Мемуарлармен жұмыс үстінде олардың тағы бір ерекшелігін дұрыс түсінген жөн болады. Мемуарлар - дың авторы кім болса да жене мемуарларды жазуда өзіне қандай мақсат қойса да, ол баян етілген оқиғаның қалай аяқталғанын, оқиғаға қатысушылардың онан әрі қандай әрекет жасағанын жөне т.б. біледі. Мұның барлығы материалдардың ірікгелуіне, оқиға мен оған қатысушылардың алған бағасына да әсерін тигізеді. Сондықтан көп жағдайда мемуарларға берілетін баға оқиғалардың болған уақытына емес, олардың жазылған уақытына сәйкес келеді. Баяндалатьн оқиғалардан мемуарлардың жазылған уақытының алғашқы қаралған мәселелердің ішіндегі нақтылы материалдар, ұйымдар, органдармен жеке адамдар т. б. автордың оларды не ұнататынын, не ұнатпайтынын, көңіл күйін не көтеріп немесе төмендетіп тұрғанын тану да оңай емес. Мемуар авторының ірі оқиғаларға қатынасы жөнінде айтпай кетуі де жиі кездеседі.
Мемуарлардың ерекшеліктерін түсіну үшін алдымен олардьщ жазылу мақсатын анықтап алу қажет. Сөз жоқ, оқушылардың үлкен тобына арнап жазылған естеліктердің қоғамдық-тәрбиелік мәні болады. Олар­дың ерекшеліктері фактілердің іріктелуімен, өткенді талдаудың және оқиғалар туралы автордың жеке көзқарастарды түсіндіруге тырысушылығымен сипат-талады.
Мемуарлардың хаттардан айырмашылығы, егер хаттар жеке бір адамға ғана арналып жазылса, естеліктер күні бүрын белгілі бірнеше адамға: өзінің балаларына, отбасы мүшелері мен әулетіне, замандастары мен тарихшыларға немесе қалың жүртшылыққа арналып жазылады. Алдына қойған мақсатқа жету үшін естелік - мемуардың авторы жадында сақталған бүкіл материаддармен бірге қажетті деректерді жинап төртіпке келтіреді.
Материаддар сюжетіне байланысты әр түрлі жанр­ларда жазылуы мүмкін. Мемуар - естеліктердін көбі нақтылы оқиғаларға арналып жөне әдетте есте қаларлық даталарға байланысты жазылады. Оңдай естеліктерде автор, негізінен, өзінің ойында сақталғандарын пайдала­нады. Мемуарлар кейде еткен оқиғаларға қатысушымен немесе замандасымек еңгімелесу ыңғайындағы естелік-очерк ретінде де жазылады,
Оқиғалық естеліктер жанрының ерекше түрінің бірі - коллективтік естеліктер болады. Мысалы, Ұлы отан соғысына қатысушылардың бірігіп шығарған естеліктері Адамның өз өмірі, жолдастары туралы жазғандары өмірбаяндық жанрға жатады. Оқиғаға қатысушының өз басынан кешкеңдері мен өз байқағандары бұл жанрға негізгі арқау болады. Өмірбаяндық жанрға көпшілік жағдайда мемуарлар жа­тады.
Өмірбаяндық естеліктердің авторы өз мемуары-ның тарихи ауқымын кеңітіп те көрсете алады. Мұндайда уақыттың жалпы сипатын толығырақ керсету үшін оның кейбір тарихи деректерді пайдалануына тура келеді.
Өмірбаяндық жанрға, оның бір түрі ретшде, естелік қазанаманы да қосуға болады. Естеліктің бұл түріне оқырман өмірден откен адамға беріліен мінездемемен, оның өмірінің жеке фактілермен танысады.
Естелік жанрларын көп жағдайда мемуаршының өзі тандайды, бірақ кейде автор өз естелігін жазуға немесе оны әдеби тұрғыдан өндеуге көмекшіні пайда­ланады. Соның негізінде кей мемуарлар әдеби шығарма түрінде пайда болады. Мемуарларды деректанулық тұрғыдан талдауда бүл жағдайлар мұқият ескерілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет