Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам



бет1/4
Дата27.10.2023
өлшемі2,05 Mb.
#188863
  1   2   3   4
Байланысты:
Ысқақов Әлішер 1 ргр пп


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс» университеті
«Электр энергетика және электр техника» институты
«Электроэнергетикалық жүйелер» кафедрасы



«ЭЛЕКТРОМЕХАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ӨТПЕЛІ ПРОЦЕСТЕР» пәні бойынша

№ 1 есептік-графикалық жұмыс

Мамандығы: 6B07101 - «Электр энергетикасы»


Нұсқа-Ы85
Орындаған: Ысқақов Әлішер
Тобы: ЭЭк-21-11
Қабылдаған: аға оқытушы Кенесов Ерлан
_______ ___________ «____»_____________2023ж
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2023
Кіріспе
Қысқа тұйықталу үрдісінде ток тұрақты болып қалмай, өзгереді. Демек, бірінші уақыт аралығында ұлғайатын ток кейбір белгілерге дейін өшеді, содан кейін қоздырудың автоматты реттеуіш әсерінен орнатылған белгіге жетеді. Қысқа тұйықталу тогының белгілері өзгеру уақыт аралығы өтпелі үрдістің ұзақтығын анықтайды. Токтың белгісі өзгертілгеннен ҚТ ажырату уақытына дейін ҚТ орнатылған режімі жалғасады.
ҚТ кезінде токтың жедел өзгеруіне кедергі келтіретін желідегі индуктивті кедергілер болуынан жүктеменің ток белгілері секірмелі өзгермей, қалыптыдан апатты белгіге дейін анықталған заң бойынша өседі. ҚТ өтпелі үрдісі кезінде өтетін токтың сараптамасын және есебін жеңілдету үшін екі құраушыны қарастырады. Олар:апериодтты жәні периодтты.
ҚТ бірінші моментінде пайда болатын Іа , және нөлге дейін салыстырмалы тез өшетін токты құраушы тұрақты белгіні апериодты деп айтамыз.
Уақыттың бастапқы моментіндегі Іпо , ҚТ тогын периодтты құраушы ҚТ бастапқы тогы деп аталады. Оны анықтау үшін алмастыру сұлбасына генератордың аса өтпелі кедергісі және ЭДС енгізілетін болғандықтан, ҚТ бастапқы тогын аса жоғары өтпелі Іп деп атайды.
Өтпелі үрдістің аяқталғаннан кейінгі, апериодтты құраушының өшуімен және ҚАР әсерімен белгіленген ҚТ периодтты тогы орнықталған деп айтылады.
Қуаты шектелген энерго жүйеден немесе генератордан қоректенетін желілерде ҚТ үрдісінде шиналардағы кернеу қалыпты белгілі шекке дейін өзгереді, соның әсерінен бастапқы және орнықталған токтың мәні тең емес. Бірақ бұл жағдайда релелік қорғанысты есептеу үшін ҚТ тогының бастапқы мәнін пайдалануға болады. Бұл үлкен қателікке әкелмейді, себебі эксплуатация тәжірибесінің көрсетуі бойынша, бастапқы токқа қарағанда, орнықталған ҚТ тогының зақымдалған жердегі өтпелі кедергінің ұлғаюы, жүктеме тогы және, ҚТ тогын есептеу кезіндегі ескерілмейтін, басқа да факторлардың әсері анағұрлым көп.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет